Мүлiк салығын төлеушiлер болып



Дата22.02.2016
өлшемі65.25 Kb.
#62
Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салынатын мүлiк салығы

           Мүлiк салығын төлеушiлер болып             

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар;  

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар дара кәсiпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер табылады. 

Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.



Салық салу объектiсi болып заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшiн негізгі құрал-жабдықтар немесе жылжымайтын мүлікке инвестициялар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы  ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй құрылысы, үй-жайлар, сондай-ақ   жермен берік байланыстағы өзге де құрылыстар (бұдан әрі – ғимараттар) табылады. 

          Салық базасы болып бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны табылады. 

Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң баланстық құнын  қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде айқындалады.

Салық ставкалары

Заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының  1,5 процент ставкасы бойынша есептейдi.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,5 процент ставкасы бойынша есептейдi. 

Осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 135-бабында айқындалған заңды тұлғалар; негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар; 

ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар; мемлекеттiк меншіктегі және бюджет  қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi    заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер  қожалықтарының жерін суландыру үшiн пайдаланылатын гидромелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар; ауыз сумен қамту объектілерін пайдаланатын заңды тұлғалар мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнының 0,1 процент ставкасы бойынша есептейд.

 

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

 

Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша айқындалған салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.  Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.  



Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомасын, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және  25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi. 

Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.  



Салық есептілігi

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге мiндеттi. 

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге мiндеттi.

Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi. 

Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi. 

 Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан,                   15 мамырынан,  15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi. 

Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

Заңды тұлғалардың жер салығы.

                Жер салығын төлеушiлер болып:

                1) жеке меншiк құқығындағы;

                2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы; 

                3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар табылады. 

Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi жер салығын төлеушiлер (бұдан әрi - заңды тұлғалар) ретiнде қарастырылады.



Салық салу объектiсi

Салық салу объектiсi болып жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) табылады. 

                Салық базасы

 

                Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.



 

Салық ставкалары

Жер салығының салық ставкалары Салық Кодексінің 54 тарауында қарастырылған.

 

Салықты есептеу тәртiбi мен  төлеу мерзiмдерi

Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиiстi салық

ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi. 

Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi. 

Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан,            25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.

Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы айқындалады. 

Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңi ішінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. 

                Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3), 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомасын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. 

Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi. 

Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің нақты кезеңi үшiн есептеледi. 

Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушi ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн салық сомасын есептейдi. Одан кейiнгi төлеушi өзiнiң жер учаскесiне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшiн салық сомасын есептейдi.

Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезінде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi. 

Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.



Салық есептілігі

Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар   декларацияны салық салу объектiлерiнің орналасқан жері бойынша салық органдарына есептiк салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.  

Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушiні  тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі   айдың 15-нен кешiктiрмей табыс етедi.



Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан,                   15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет