Денсаулық сақтау технологиясы. Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады. Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді:
- Мектепке дейінгі ұйым типіне;
- мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына;
- педагогтер жұмыс істейтін бағдарламаларға;
- мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;
- педагогтың кәсіби құзыреттілігіне;
- балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары:
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы: дене шынықтыру ҰОҚ, проблемалық ойын (ойын тренингі және ойын терапиясы), коммуникативтік ойындар, нүктелі массаж, өз-өзіне массаж жасау.
Түзету технологиялары: арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.
Егер мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе, мектепке дейінгі ұйым педагогтері мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, мектепке дейінгі ұйым жұмысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтер мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құндылық бағдарын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау іс-әрекетінің негізгі бағдарына мыналарды жатқызуға болады:
- Балалардың тіршілік әрекетіне санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп пен гигиеналық жағдайларды жасауды ұйымдастыру;
- тамақтануды ұйымдастыру;
- балалардың бөбекжайда болу кезіндегі олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- балалар мен қызметкерлерге емдеу – профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
- балаларға жеке жүргізілетін дене тәрбиесі.
Сонымен, кез келген педагогикалық іс-әрекетті әрбір баланың денсаулық жағдайы туралы және дене дамуының деңгейі туралы ақпарат алынғаннан кейін ғана бастаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |