Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі Тақырып: Мәтінді есептер, олардың кезектілігі, топтастырылуы


 Көмекші     мектептегі     математика     бағдарламасының ерекшеліктері



бет15/57
Дата02.01.2022
өлшемі132.56 Kb.
#452741
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
8-сынып

1. Көмекші     мектептегі     математика     бағдарламасының ерекшеліктері.

2.  Математиканы оқытуды ұйымдастыру.

 

Математика - көмекші мектептердегі жалпы білім берудегі негізгі пэндердің бірі. Математиканың жүйелі курсы 1- сыныптан 9-сыныпқа дейін оқытылады. Дайындық сыныбында балаларды математикалық материалдарды түсінуге жэне қабылдауға дайындайтын, мектепке дейінгі балалар дамуындағы бос аралықтарды толықтыратын «Математика эліппесі» енгізіледі. Математика көмекші мектептің негізгі мақсатын (балаларды элеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту) орындауға көмектеседі. Осы мақсатқа байланысты, бағдарламада көмекші мектеп оқушыларының ақыл-ой деңгейіне сэйкес материалдар мен күнделікті өмірдегі жэне кэсіби еңбектегі қажетті түсініктер енгізіледі. Математика пэнін оқуда көмекші мектеп оқушылары қабылдау мүмкіншіліктерінің шектеуліктеріне байланысты алған ақпараттарын пайдаланып, сақтауда жэне өңдеуде көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Бүл балалардың таным қызметтерінің бүзылуына байланысты. Бағдарламаның маңызды мақсаттарының бірі математика сабақтарында оқушыларға тәжірибеден алған мысалдарын кеңінен пайдаланып пэнді, затты іс жүзінде оқыту сабақтарымен байланыстыра отырып, нақты өмірлік материалдарға сүйеніп, математика үғымдарын меңгеру. Көмекші мектеп оқушыларының ғылыми дүние танымдылығының жетік болуына, қажырлылық, табандылық, мақсатқа талпынушылық қасиеттердің тэрбиеленуіне математиканың тигізер септігі мол. Байқаушылық, ықыластылық, шығармашылық ізденіс, логикалық ой-өрістің дамуына, ойды қысқа да дэл жеткізуге дағдыландыратын да математика сабақтары.

Осының барлығы, математикалық үғымдардың тәжірибедегі ерекшелігін түсінуге, оқушыларға алған білімдерін тәжірибелік есептерді шығару барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Көмекші мектептегі математика курсының мазмүны: нақты сандарды жэне нөл, арифметикалық амалдар, бүтін, оң сандар, оның негізгі қасиеттері, осы қасиеттерге негізделген ауызша жэне жазбаша есептердің эдістерін қамтиды. Математиканы жақсы меңгеру сөздік қордың байлығын керек етеді. Оқушының тіл байлығын жетлдірмей, математика білімін саналы түрде игеру мүмкін емес. Математика сабақтарында көптеген жаңа сөздермен Оқушының сөздік қоры толықтырылады. Мысалы, математикалық терминологиялар мен фразеологиялар, математика білімін үйренуге қажетті сөздер. Ақыл-ойы дамымаған балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған жүмыстар да математика сабақтарында жоқ емес. Бүл салада мүғалімнің басты мақсаты оқушыны бақылау, оның сөйлеу мүмкіншіліктерін арттыру, сонымен қатар мүғалімге еліктеу эдісі арқылы оқушылардың қателіктерін түсіндіру.

Оқыту үдерісінде педагог оқушылардың ойлау (анализ, салыстыру, жинақтау, жіктеу жэне т.б. операцияларын), еске сақтау, зейін, қабылдау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға үмтылады. Көмекші мектеп оқушылары меңгерген білімін жаңа, өзгерген жағдайға ауыстыруда қиналады, сондықтан оқытуды тэжірибе бағытында жүргізу өте маңызды. Бүл үшін басқа пэндермен пэнаралық байланыста болып, кэсіби еңбек циклін, экскурсия материалдарын, эр түрлі өмір жағдайларын оқу тапсырмасы ретінде пайдалану қажет. Мүғалім математика сабақтары арқылы, балалар бойында мектепті бітірген соң өз мүмкіншілігіне қарай өмір сүре білу қасиеттерін қалыптастыру сияқты тэрбиелік міндетті шешуге мүмкіндік алады.

Мектептегі математика курсының құрылысы өткен материалдарды қайталап, бекітіп, орардың жаңа сабақ материалдарына қатысын жэне жаңа байланысын анықтауға құрылған. Көмекші мектептёгі математика курсының негізгі бөлімдері: нөмірлеу, арифметикалық амалдар, олардың өлшемінің көлемі мен бірлігі, бөлшек, көрнекі геометрия элементтері, есептер.

Оқушылар көмекші мектепте миллионға дейін натурал сандармен, заттардың көлемін (ұзындығын, бағасын, салмағын, көлемін, уақытын, жылдамдығын, ауданын) өлшеу арқылы шыққан сандармен; жай жэне ондық бөлшектермен танысады. Оқушылар бүл сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға, өзгертуге жэне олармен төрт арифметикалық амалдарды орындауға үйренеді.



Барлық арифметикалық амалдар төменгі сыныптарда өтеді. Осы кезде 100 саны көлеміндегі сандардың мағынасын түсініп, жазбаша жэне ауызша нөмірлеу, сан қүрамын салыстыру дағдылары қалыптасады. Жатығуларды жүйелі түрде орындау нэтижесінде, ауызша санау дағдысы біртіндеп қалыптасады. Олар мағынасына, формасына қарай (күрделене түседі) эр түрлі болады. Мұғалім оқушылардың есту арқылы түсіну жэне есте сақтау қабілеттерінің эр түрлі деңгейде екенін ескеру қажет. Сондықтан да математика сабақтарында естіп-көру эдістері кеңінен қолданылған. Негізгі міндет - оқушыларды көмекші қүралдарсыз ауызша санай білуге үйрету. Балаларды жазба түрде арифметикалық амалдарды анық жэне дэл орындауға дұрыс есептеуге, шешімін тексеруге үйрету. Балаларда есептерді жэне . мысалдарды шешу амалдарын толық түсіндіре отырып, амалдарды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру. Бүл балалардың сөйлеу жэне ойлау қабілетін дамытып, берілген тапсырманы саналы түрде орындауға үйретеді.

Балалар сандарды үйреумен қатар, олардың көлем өлшемі бірліктерімен танысады. Осының нәтижесінде, математикалық үғымдардың тэжірибедегі ерекшелігін түсінуге, оқушыларға алған білімдерін, тэжірибеде есептерді шығару барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Қабылдау деңгейі басқалардан жоғары балаларды аудан, периметр және кейбір геометиялық фигуралар мен денелердің көлемін эріппен белгілеуге үйрету. Жай бөлшектерді өткен кезде, тэжірибе жүмыстарын жиі үйымдастыру (көлемді, сусымалы жэне сүйық заттармен, геометриялық фигура үлгілерімен қажет. Есептегі жай бөлшектер қарапайым түрде беріледі. Ондық бөлшектер жай бөлшектердің жеке, күрделі жағдайында беріледі. Бөлшектің бүл екі түрін өзара салыстыру қажет (олардың үқсастықтары мен айырмашылықтарын байқау). Ондық бөлшектерді қабылдау оқушылардың бүтін сандарды, бірліктер жүйесін, жай бөлшектерді білу жэне жаза білу қабілеттеріне тэуелді. 9 сыныптағы пайызды оқыту, оқушылардың ондық бөлшектер туралы білімдеріне сүйенеді. Оқушылар бірінші сыныптан бастап көптеген математикалық түсініктерді қалыптастыру қүралы болып табылатын арифметикалық есептермен танысады. Алғашқы арифметикалық есептер - шешімі ашық көрсетілген сюжетті жэне иллюстрациялық есептер. Балалар берілген заттарды санау тэсілін пайдалана отырып, берілген сүраққа жауап береді. Бүдан кейін шешімі көрсетілмеген сюжетті жэне иллюстрациялық есептер беріледі. Оқушылардың алдында есептің жауабын табу үшін, арифметикалық амалдарды таңдап алу қажеттілігі туындайды. Осыдан кейін сөздік арифметикалық есептер енгізіледі. Мүғалім оқушыларды есептің қүрылысымен (тэсілі, берілген саны, сүрағы) таныстырады. Сөздік есептерді шығаруға сабақ уақытының жартысынан көбі бөлінеді. Есептерді шығару барысында көптеген математикалық түсініктер мен қатынастар қалыптасып, балалар алған білімін барлық жағдайларда қолдана білуге үйренеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілік туып, үқыптылыққа, қиындықты жеңе білуге жэне бастаған ісін аяғына дейін жеткізу қабілеті қалыптасады. Мүғалім арифметикалық есептерді таңдағанда тек оқулық материалдарымен ғана шектеліп қоймау керек. Кэсіби еңбек сабақтарында, түрмыста, дүкенде жэне де басқа жерлерде де туатын заттық-тәжірибелік жағдайларды пайдаланған тиімді. Дайын сөздік есептерді шығарумен бірге, оқушыларды есепті өзгертуге жэне қүрастыруға үйрету маңызды. Жүмыстың бүл түрлері есептің қүрама бөліктерін жэне оларды шығарудың жалпы тэсілдерін меңгеруге көмектеседі.Көмекші мектептегі толық оқу курсы бойынша есептің барлық түрлерін шығаруда олардың жауаптары беріледі. І-ІУ сыныптарда математика сабақтарында көрнекі геометрия бөліктері оқытылады. Геометриялы материял эрбір математика сабақтарында енгізіледі. Мүмкіндігіне қарай, ол арифметикамен байланыста берілуі қажет. Оқушылар геометриялық фигуралар мен денелерді, олардың қасиеттерімен танысады жэне ол өлшеу жэне сызу қүралдарын пайдалануға үйренеді. У-ІХ сыныптарда математикаға берілген жалпы сабақтардан аптасына бір сағат геометриялық білімдерді қайталау, бекіту жэне математика сабақтарында графикалық икемділіктерді қалыптастыру көзделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет