5. Жақша, амал тәртібі
2 сыныпта жақшасыз және жақшамен берілген өрнектерде қосу және азайту амалдарын орындаудың рет тәртібімен таныса отырып, орындау ережесі меңгеріледі. Сондықтан оқылған материалдарға сүйене отырып оқушылар амалдардың орындалу тәртібі туралы қорытынды жасайды. Жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу амалдарын, одан соң қосу мен азайту амалдарын орындайды. Бүдан соң жақшамен берілген өрнектер қарастырылады. Есіңе сақта! Жақшасы бар өрнектерде жақшаның ішіндегі амал бірінші орындалады.
Амалдардың рет тәртібін анықта:
(40+70)-50; 100-(30+60); 300+(100-20).
Есіңе сацта! Жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу, одан соң қосу мен азайту орын ретінде байланысты - солдан оңға қарай орындалады.
9-4*2 15:3+2 15*(3+2) (6+4)*5
5*3-4 6+18:6 (6+18):6 8:(3+1)
Біртіндеп мына сияқты күрделі 10 - (6-3); (8-5)-6 сияқты өрнектер енгізіле бастайды. Бүл өрнектерді оқуға, жазуға және амалдардың рет -тәртібін анықтауға үйретеді, 10-нан 6 мен 3-тің қосындысын шегер, немесе 6 мен 3-тің қосындысын 10-нан азайт, 10 саны мен 6 және 3 сандарының қосындысының, айырмасын тап, 8 бен 5-тің айырмасын 6-ны қос, 8 және 5 сандарының айырмасы мен 6 санының қосыныдысын тап. г Мысалы:
1)7 мен 2 сандары қосындысынан 3-ті шегер;
2) 5 пен 3 сандары айырмасына 4 санын қос;
М. Қалай есептедіңдер?
О. Әуелі 7 мен 2 сандарын қостым, 9 болды, 9-дан 3-ті азайттым, 6 қалды
т.с.с. М. Оны қалай жаздың?
О. (7+2)-3; (5-3)+4 (7+2)-3=9-3=6; (5-3)+4=2+4=6;
М. Жақшаны неліктен пайдаландың? Себебі екі санның қосындысынан санды азайту берілген; (Екі санның айырмасына 4-ті қосу). „Математикалық өрнек" және математикалық өрнектің мәні қысқаша „өрнек" және „өрнектің мәні" тернминдері енгізіледі. Ол үшін 5+4; 7-3; 6:2; 20+(38-5); (7+5)-2; 25-4*5:30-48:6 - өрнектер екені бірден хабарланады. Көрсетілген амалдарды орындағанна кейін шығатын санның, өрнектің мәні екендігі айтылады, өрнекті қүру, оқу және мәнін табу қажет болатын жаттығулар, көптеп қарастырыла бастайды. Мәселен: „35-ке 20 және 5 сандарының айырмасын қосу және мәнін тап" дегенде пайымдаудың былайша жүргізілуі мүмкін. Бүл өрнекте соңғы орындалатын қандай амал? (қосылғыштар). Бірінші қосылғышты ата. (35). Екінші қосылғышты ата (20-5), демек бүл өрнек қосынды. Оның мәнін есептеп табуға болады. Әуелі жақша ішіндегі амалды орындаймыз, яғни айырманы есептеп шығарамыз, содан кейін қосындыны табуға болады. Осыған үқсас кез келген өрнекті қүру, оқу, жазу және мәнін есептеп табу керек болатын тапсырмалар қарастырылады. Қүрылысы күрделі өрнектердің мәнін табуда „ Егер жақшасыз өрнекте тек қана көбейту және қосу және азайту амалдары (немесе тек қана көбейту және бөлу амалдары) көрсетілетін болса, сондай тәртіпте, яғни оңнан солға қарай орындалады. Және „Егер өрнекте тек қана қосу мен азайту ғана емес сондай-ақ көбейту және бөлу амалдары аралас келсе, онда алдымен солдан оңға қарай ретімен көбейту және бөлу амалдары, содан соң соладн оңға қарай ретімен қосу және азайту амалдары орындалады", деген анықтамалар басшылыққа алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |