Көпбүрыштармен таныстыру әдістемесі.
Геометриялық фигуралар туралы түсінік балаларда барлық бастауыш оқуда жэне одан кейінгі сыныптарда біртіндеп қалыптасады.
Алдымен, алғашқы ондықты игеруде геометриялық фигуралар дидактикалық материал ретінде қолданылады. Соған сүйене отрып, балалар санауға, есептер шығаруға, салыстыруға, жіктеуіне жэне т.б. үйренеді. Аралықтарында басқа фигуралар туралы түсініктер бекітіледі, мысалы, үшбүрыш, квадрат. Әрі қарай көпбүрыштардың жеке түрлерін меңгеруге кіріседі. Бүл кезеңде көпбүрыштардың элементтерін жіктейді. Осылайша, 3 цифрін игеруде үшбұрышты қарастырады. Үш қабырғасы, үш бүрышы, ұш төбесін көрсетеді. Осындай жұмыс барысында балалар үшбүрыштың элементтерін дұрыс көрсетуге үйренеді: төбелері (нүктелерді көрсетеді), қабырғалары (кесіндіден екіншісіне жүре отырып, кесінділерді көрсетеді), бұрыштары ( бір қабырғадан екіншісіне дейін нүсқай отырып, бұрышты ішкі аймағымен бірге көрсетеді). Әрі қарай, осылайша төртбұрыштар, бесбұрыштар жэне т.б. қарастырылады. Осы жұмысқа алғашқы ондық көлеміндегі сэйкес сандарды игеруде пайдаланады. Көпбұрыштың элементтерін қарастыра отырып, оқушылар элементтің саны мен фигура атының арасындағы байланысты байқайды (үш қабырға, үтп бұрыш, үш төбе - үшбұрыш, төрт қабырға, төрт бұрыш, төрт төбе - төртбұрыш т.с.с). бүдан басқа оқушылар көпбүрыштарда қабырға, бүрыш, төбе саны бірдей болатынын байқайды.
«Көпбүрыштар» ұғымымен жүмысты былай жүзеге асыруға болады:
1 .Геометриялық фигураны қарастыру. Үшбұрышты қарастырыңыз: кесінділер қанша, оларды көрсет; бұрыштары нешеу, оларды көрсет; қанша төбесі бар екенін көрсет.
. 2.Фигураның элементтерін санаймыз жэне оларға ат береміз.
3. Санау таяқшалары немесе қағаз бөліктеріне үшбұрыш моделін дайындаймыз.
4. Басқа фигуралар жиынынан үшбұрыш моделін тауып аламыз.
5. Берілген фигураны сызу.
Көпбүрыш. Түйық сынық жазықтықта ешқандай түзу орна ласпайтын бөлікті бөледі. Бұл бөлік көпбүрыш деп аталады, ал сынық оның шекарасы. Сынықтың кесінділері көпбұрыштың қабырғалары, ал кесінділердің ұштары көпбүрыштың төбелері деп аталады. Көпбұрышта қанша қабырға болса,сонша төбесі болады. Солардың саны бойынша көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш т.б. деп аталады. Көпбұрыш сынықтары реті бойынша төбелерін белгілейтін латынның бас эріптерімен белгіленеді. Тіктөртбұыштың периметрін былайша табуға болады: оның еніне ұзындығын қосып, екіге көбейтуге болады. Квадратта барлық қабырғалары тең. Сондықтан оның периметрін 4 еселенген ұзындығына тең болады. Көпбұрыштың периметрін латынның Р эрпімен белгілейді. Р=4+4+8+8=24 (см) Р=(4+8)*2=24(см) Шаршының периметрі: Р=8*4=32(см)
Достарыңызбен бөлісу: |