Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/6
Дата09.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#186950
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген

Мұнай дайындау құрылғыларын пайдалану кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-бөлім. Жалпы талаптар
1. Талаптарды жобалауға, құрылысқа, пайдалануға, мұнай дайындау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге (әрі қарай - МДҚ), қосалқы құрылғылар мен жабдықтауға (әрі қарай - ҚҚЖ) таралады.

МДҚ, ҚҚЖ пайдалану Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Талаптар объектілердің, қызметкерлердің және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды бекітеді және бекітілген тәртіпте, мұнай операцияларын өткізудің халықаралық тәжірибесінде қабылданған аса жоғары талаптарды қолдануына шек қоймайды.

Нормативтік құжаттардың (әрі қарай – НҚ) бөлек жағдайлары арасында ауытқулар кезінде приоритеттік мағынаның аса жоғары қауіпсіздік талаптары болады.

3. МДҚ, ҚҚЖ жабдықтары жарылыс қорғау атқаруда қолданылады:

1) орнату аумағы жобаға сәйкес орналастырылады. Орнатылуы жобамен алдын ала ескерілген тартпалар, траншеялар, котловандар және тереңдетулер, қорғау жабындылармен немесе биіктігі 1 м кем емес қоршаумен қамтамасыз етіледі. Тартпалар канализациялық құдық (люк) жағына еңіспен гидрозатвор арқылы канализациямен қосылады;

2) ысырмалар және басқа да арматура құдықтарда, тартпаларда және тереңдетулерде орналасқан кезде дистанциялық басқару (ұзартылған басқару штоктар немесе штурвалдар, электропневмоприводтар) ескеріледі және техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе арматураны ауыстыру кезінде қауіпсіз рұқсат қамтамасыз етіледі;

3) жолдар, тротуарлар, барулар және өтулер тазалықта және түзуліктерде болады, көрсеткіштермен және жол белгілермен қамтамасыз етіледі, эстакадалар астындағы бару биіктігін қоса, жарықтандырылады;

4) құрылғы аумақтарында, көлік өтуіне рұқсат етілмейтін орындарда тыйым салынатын жол белгілері орнатылады;

5) орнату аумағы бойынша ұшқын басқышсыз көлік қозғалысына рұқсат етілмейді. Қозғалыс жылдамдығы 10 км/сағ, бұрылуларда  5 км/сағ шектеледі;

6) жолдар мен тротуарлардың теміржол тұйық жолдарымен қиылысу орындарында рельстердің бастар деңгейімен жаппай төсеулер орнатылады және қорғау тосқауылдары, қауіпсіздік белгілері, сигнал берулер және жарықтандыру ескеріледі;

7) орнату аумағының қауіпті аймағында жер, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу рұқсатынсыз, қатар кіру рұқсатынсыз, жұмыстардың схемаларынсыз және бұл учаскеде жер асты және жердегі коммуникациялары бар (байланыс, канализация, электр кабельдері, құбырлар), қызмет өкілдерімен келісусіз рұқсат етілмейді;

8) жолдың өту бөлігін жабумен байланысты жөндеу жұмыстары объект басшысымен және өрт сөндіру қызметімен келісіледі;

9) бекітілген тәртіпте қатар - кіру рұқсаты берілген, технологиялық уақыт тәртібімен ескерілген учаскелер және отқауіпті жұмыстарды жүргізуге арналған учаскелерден басқа, орнату аумағында және қауіпті аймақтарда отқауіпті жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді;

10) жөндеу - құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін орнату аумағының учаскесін, жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес жоспарлайды, тазалайды және аббаттандырады. Жоспарлау және құрылыс қалдықтарынан аумақты тазалау аяқталуына дейін орнатуларды жүргізуге рұқсат етілмейді;

11) қауіпті объект аумағында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін плакаттар орнатылады және «Жарылыс қауіпті», «Отқауіпті», «Шылым шегуге болмайды», «Бөтен адамдарға кіруге болмайды» сақтық жазулары мен басқа қауіпсіздік белгілері орнатылады;

12) шылым шегу үшін, өрт сөндіру қызметімен келісілетін, жабдықталған жарылыс өрт қауіпсіз орындар бөлінеді;

13) орнату аумақтарында өндіріс қалдықтарын қалдыруға және сақтауға рұқсат етілмейді.

14) орнату аумағында, өндірістік бөлмелерде мұнай және басқа да тез тұтанатын заттар төгілген жағдайда, олардың тұтануын болдырмайтындай етіп, шаралар қолдану;

15) төгілген орын құммен көміледі, кейін мұнай өнімдері мен ластанған құм қалдықтарынан мұқият түрде тазаланады және өндірістік аймағынан тыс арнайы бөлінген орынға келесі пайдаланумен шығарылады;

16) су жүргізетін шлангілер қамытпен штуцерге нықталып бекітіледі;

17) едендерді жуу үшін жанғыш тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға рұқсат етілмейді;

18) жабдық орналасқан өндірістік бөлмелер және алаңдар бумен, сумен, ауамен, реагенттермен қамтамасыз етіледі;

19) өндірістік бөлмелердің алаңдарына және едендеріне металл заттар баяу, соққыларсыз және ұшқын пайда болусыз түсіреді;

20) материалдарды қоймалауына арналған өтулерді, жолдарды, тротуарларды, алаңдарды қолдануға рұқсат етілмейді;

21) өндірістік бөлмелер тазалықта және түзу күй - жағдайында болады. Өндірістік бөлмелерде жабдықтарды және материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді. Қолданған сүрткіш материалдар және қалдықтар, бөлме сыртында орнатылған, қақпақтармен металл контейнерлерге жинайды және әр ауысым сайын орнату аумағынан тыс қауіпсіз жерлерге шығарады;

22) жабдықтар мен материалдарды уақытша сақтау, өрт сөндіру қызметімен келісілген, анықталған мөлшерде және сақтау талаптарын сақтауымен, бұл мақсаттар үшін бөлінген бөлмелер мен алаңдарда орналастырылады;

23) өндірістік бөлмелерде майлайтын материалдарды тәулік қажеттілігінен аспайтын мөлшерде жабық қақпақпен, металл ыдыста сақтауға рұқсат етіледі.

Өндірістік бөлмелерде тез тұтанатын өнімдерді және зиянды заттарды сақтауға рұқсат етілмейді;

24) өндірістік бөлмелердің едендерінің қатты жабуы, канализация траптарына еңіспен және түзу күй жағдайында болады;

25) өндірістік бөлмелердің терезелері, фрамугалар және басқа ашылатын құрылғылар сыртқа қарай ашылады және оларды ашу және қажет жағдайда орнату үшін оңай басқарылатын құрылғылармен жабдықталады. Жобамен ескертілмеген шарбақтарды орнатуға рұқсат етілмейді;

26) қызметкерлердің зиянды және агрессиялық заттармен (қышқылдар, сілтілер және улы реагенттер) қатынасы болу мүмкін, орнату аумағында және өндірістік бөлмелерде, жуыну алаңына кіру кезінде автоматты түрде қосылатын душ, су жіберуді реттеумен көз жууға арналған кран құрылғылары орнатылады;

27) өндірістік бөлмелерде киім, аяқ киім кептіруге, құбырларда, аппараттарда, жылыту құралдарында жанатын және басқа материалдарды сақтауға рұқсат етілмейді;

28) резервуарлық бактардың, құю - төгу эстакадалар және өндірістік бөлмелердің аумақтарында орнатылып жүргізіледі:

өртке қарсы сақтық жабдықтардың, бумен және көбікпен сөндіру жабдықтарының техникалық жағдайына және дайындығына, ауысым кезінде бірден кем емес жүйелердегі судың, будың және реагенттердің жұмыс қысымының бар болуына тексеріс;

әрбір ауысым басына дейін желдету құрылғылардың әрекет ету түзулігіне сыртқы байқау және тексеру;

айына екі рет бақылаушы тұлғамен және айына бір рет өрт сөндіру қызмет өкілдерімен бірлесе су жүргізетін құрылғылардың (құдықтар, гидранттар, ысырмалар, сыйымдылық резервуарлары, насосты құрылғылар және шлангілер), көбікпен сөндіру құрылғылардың түзулігіне байқау және тексеру;

БӨҚ бақылаушы тұлғамен және орнату бақылаушы тұлғамен ауысымда бір реттен кем емес бақылау - өлшеу құралдардың (әрі қарай–БӨҚ), автоматика және сақтандыру құрылғылардың жағдайына байқау және тексеру.

Тексерулердің нәтижелері техникалық басшымен бекітілген форма бойынша, бұзушылықтарды жою мерзімін көрсетумен, журналға жазылады;

29) бөлме есігінің сыртқы жағында бөлменің өрт жарылыс қауіпін көрсететін жазу орналастырылады.

4. Барлық жарылыс қаупі бар бөлмелерде ауа ортасы стационарлық газ анализаторлар-сигнализаторлардың көмегімен бақыланады, бөлме газдалғандығы жарылыстың төменгі шегінен 20 % болған кезде орнату орындары бойынша және операторлық басқару шитіне апаттық желдетуді автоматты түрде қосумен дыбыс және жарық сигналын береді.

5. Өндірістік бөлмелердің ауа ортасындағы зиянды заттардың шекті мүмкін концентрацияларын анықтау үшін (әрі қарай – ШМК) стационарлық және тасымал газ анализаторлары мен газ сигнализаторлары қолданылады.

6. Өндірістік бөлмелер мен алаңдардың жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың, булардың және газдардың құрамы ШМК және шекті мүмкін жарылыс концентрацияларынан (әрі қарай – ШМЖК) аспайды.

7. Қауіпті және зиянды заттарды пайдалану әзірлеушімен, жобалы құжатнамамен, санитарлық талаптармен, технологиялық уақыт тәртіппен орнатылған қауіпсіздік талаптарды орындау шарттарында жүргізіледі.

Тасымал жарықтандыру ретінде кернеуі 12 Вольттан аспайтын қоректену көздерімен және шырақтармен жарылыс қорғау атқарудағы шамдар қолданылады.

8. Ауамен жарылыс қауіпі бар газ қоспалары мен булардың пайда болуы мүмкін өндіріс жұмыстары кезінде, қауіпсіз аспап қолданылады, ал кесетін болат аспабы консистентті майлаумен мол түрде майланады.

9. Өрт жарылыс қауіпі бар бөлмелерде және алаңдарда болат шегелермен немесе тағалаулармен тағаланған аяқ киімде болуға және жұмыс істеуге рұқсат етілмейді:

1) өртке қарсы сақтық құралдар өрт сөндіру қауіпсіздік талаптарымен сәйкестікте анықталған мөлшерде және оны сақтау және қолдану талаптарын сақтауымен жоба бойынша орналастырылады;

2) жолдарды, подъездерді, өтулерді, саты торларын, ғимараттан өту және шығуларды, өртке қарсы сақтық жабдықтарға, өрт сөндіру, байланыс және сигнал беру құрылғыларына өтулерді үйіп тастауға және ластауға рұқсат етілмейді;

3) барлық байланыс құралдарының жанында сигнал беру және объект басшылығын, апаттық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметті шақыру тәртібін көрсететін кесте ілінеді;

4) технологиялық жылу бөлулермен өндірістік бөлмелер, жабдықтау жөндеуге тоқтатылған кезде бұл бөлмелердің температурасын 5°С төмен емес сақтау үшін кезекші жағылатын құрылғымен жабдықталады;

5) жарылыс өрт қауіпті бөлмелердің еденімен өтетін, жағылатын құбырлардың тартпалары құммен көміледі, ал сыртқы және ішкі қабырғалар арқылы өтетін өту жерлері мұқият түрде нығыздалады;

6) құйылым желдетумен бірлесе ауа жылыту орнату кезінде ауаның қайта айналып жүруіне рұқсат етілмейді;

7) өндірістік бөлмелер табиғи, мәжбүрлік құйылым-сорылатын желдетумен жабдықталады.

Желдету құрылғының корпусы зақымданбаған, науарлар және иілгіш қосындылар герметикалықты қамтамасыз етеді;

8) барлық өрт жарылыс қаупі бар бөлмелерде тұрақты желдету қамтамасыз етіледі;

9) желдетудің нәтижелілігі, техникалық басшымен бекітілген форма бойынша журналға тіркеумен техникалық басшымен бекітілген кесте бойынша жүйелі түрде аспаппен тексеріледі;

10) апаттарды жою жоспарымен (әрі қарай - АЖЖ) алдын ала ескерілген қауіпті және апатты жағдайлардан басқа, бақылаушы тұлға нұсқауынсыз желдету ысырмаларды, шиберлерді, құйылым немесе тартпа тесіктерді жабуға, қаптамаларды шешуге, желдеткіштерді тоқтату, қосу және желдету жабдықтармен басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді;

11) улы және зиянды заттардың ШМК, ШМЖК жоғары бөлінуі қаупі бар өндірістік бөлмелерде көрсеткіш–газ сигнализатордан автоматты түрде желдетуді қосу, өндірістік бөлменің кірудің сыртқы жағында орнатылған, дистанциялық желдетуді пульттан қосу ескерілген;

12) ауаағарлар мен ауадуал құрылғыларының өзара орналасуы пайдаланған ауаның соруын болдырмайды. Сонымен қатар желдің басым бағыттары, құрылғылар, ғимараттар арасындағы ара қашықтық, басқа өндірістік және климат шарттары есепке алынады;

13) тартпаны өтейтін, құйылым желдету ауасы жұмыс аймағына түседі. Жылдың салқын мезгілінде құйылым ауа жұмыс аймағына түсу алдында жылытылады;

14) газдардың бөлінуі мүмкін орындарында құрамында зиянды заттары бар ауаны сорып алу үшін құрылғылар орнатылады;

15) автоматты қосумен жабдықталған желдеткіштер, сақтық жазулармен қамтамасыз етіледі;

16) жарылыс қауіпі бар бөлмелермен көршілес, электрлік қосалқы станциялар, бөлу құрылғылар және пунктер бөлмелерінде, ауаның тұрақты сүйеуін жасаушы, желдету ескеріледі;

17) жарылыс өрт қауіпті және жарылыс қауіпсіз бөлмелерге қызмет көрсетуге арналған желдету құрылғылары, олардың бір камерада орналасуы кезінде, жарылыс қорғау атқарудағы электр жабдықпен жабдықталады;

18) желдету камераларында жұмыс және резервтік желдеткіштер болғанда, клапандарды сөндіруші құрылғы ескеріледі;

19) желдету камераларының бөлмелерін олардың тағайындалумен байланысты емес басқа мақсаттарға қолдануға рұқсат етілмейді.

Тұрмыстық бөлмелердегі ауа айырбас еселігі және ішкі айырысу температуралар, жобалық құжатнамада көрсетіледі және техникалық бастықпен бекітілген, кестемен сәйкес бақыланады;

20) тамақ қабылдау, бұл үшін жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі;

21) өндірістік бөлмелер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін, дәрі - дәрмектермен, байлау және басқа материалдармен қамтамасыз етіледі.

10. МДҚ, ҚҚЖ объектілері сумен және тұрмыстық канализациямен қамтамасыз етіледі:

1) ас сумен қамтамасыз ету үшін герметикалық сыйымдылықтар және басқа құрылғылар ескеріледі;

2) жоғары температура шарттарында жұмыстарды жүргізу кезінде қызметкерлер тұздалған газдалған сумен қамтамасыз етіледі;

3) шаруашылық-ас су құбырын өндірістік су құбырына іске қосуға рұқсат етілмейді;

4) су бөлектеуші құрылғылар олардың тағайындалуы туралы ескертуші жазулармен қамтамасыз етіледі;

5) пайдаланған өндірістік суды тұрмысқа қамтамасыз ету үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

11. МДҚ, ҚҚЖ өндірістік ғимараттары және аумақ өнеркәсіптік канализациямен жабдықталады:

1) өнеркәсіптік канализация желілерінде, құдықтарда орналасқан, гидравликалық затворлар орнатылады. Гидравликалық затвордағы затвор құрушы су қабатының биіктігі 0,25 м кем емес. Жөнге келмейтін немесе жобаға сай келмейтін гидравликалық затворлармен канализацияны пайдалануға рұқсат етілмейді;

2) гидравликалық затворлар барлық қабылдау құдықтарында орнатылады;

3) канализация желілері жүйелі түрде қаралады және тазартылады. Канализациялық құдықтарды, каналдарды және құбырларды байқау және тазалау, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, график бойынша, қатар- кіру рұқсаты бойынша жүргізіледі;

4) өнеркәсіптік канализация құдықтары жобаға сәйкес берік қақпақтармен жабылады және болат немесе темірбетондық сақинада 10 см кем емес құм қабатымен көміледі;

5) байқау құдықтардың қақпақтары соққыларсыз және ұшқын пайда болу қауіп - қатерсіз құрылғылармен ашылады;

6) жұмысы жүріп жатқан құдықтар қоршалады және сақтық жазулар мен қауіпсіздік белгілері орнатылады;

7) ағынды сулар бұруына, олардың ластану дәрежесіне және тазарту құрылғылардың жұмыс нәтижелілігіне, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, кесте бойынша тұрақты зертханалық бақылау жүргізіледі. Ағынды сулардағы мұнай өнімдері мен зиянды заттардың құрамы ШМК және ШМЖК санитарлық нормаларынан аспайды.

Ластанулардың нормадан асып артуы кезінде, олардың бөліну көздері анықталады, жөнге келмейтін жабдықтар, аппараттар, резервуарлар сөндіріледі және анықталған нормаға дейін тазарту бойынша шаралар қолданады;

8) резервуарлар және тұнбалық сыйымдылықтар опырылады. Сыйымдылықтар жанбайтын материалдардан жасалған оңай алынатын жабулармен жабдықталады.

9) тұрмыстық канализацияны өнеркәсіптік канализацияға қосуға рұқсат етілмейді;

10) жабдықтардан, аппараттардан және резервуарлардан зиянды заттарды, өрт жарылыс қаупі бар заттарды канализация жүйелеріне тастауға рұқсат етілмейді. Олардың тастауына апаттық сыйымдылықтар ескеріледі;

11) ластанған өндірістік ағынды сулардың насосты станциялары келесі талаптарға сай болады:

ағынды суларға арналған қабылдау резервуары насосты станция ғимаратынан тыс жерде орналастырылады;

жарылыс қорғау атқарудың электржабдығы.

1-тарау. Сақтандыру құрылғылары және қоршаулар
12. Сақтандыру клапандарының саны, пайдалану, монтаж және қызмет көрсету шарттары, әзірлеуші басшылығын және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын есепке ала отырып, жобамен анықталады:

1) сақтандыру клапандардың жағдайына бақылау және оларды жөндеу, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, кесте бойынша әзірлеуші басшылығына сәйкес жүргізіледі, ұйымның техникалық басшымен бекітілген форма бойынша, журналдағы тіркеумен;

2) сақтандыру клапандарды тарта түсуге (реттеу жүргізу) және басып тастауға рұқсат етілмейді, егер де оларда жіберулер немесе түзуліксіздер анықталған болса. Бұл жағдайларда техникалық құрылғыны пайдалануды тоқтату, клапанды ауыстыру қажет. Клапанды ауыстыру қатар-кіру рұқсатымен жүргізіледі;

3) аппараттардан және сыйымдылықтардан газ бұру газ пайдалану жабық жүйесіне жүргізіледі.

Сақтандыру клапандарынан газ апаратын құбыр, жылу серігімен бірге бөлектенеді;

4) сақтандыру клапаннан газ бұруына арналған құрылғы, атмосфералық жауын-шашындардың әсер етуінен қорғалады және төменгі нүктесінде, сұйықтықты бұру үшін вентильмен кәріз патрубокпен қамтамасыз етіледі;

5) қызмет көрсету техникалық құрылғылар 1,0 м жоғары биіктікте орналасқан кезде стационарлық сатылар, қоршаумен алаңдар ескеріледі;

6) өзара байланысты бірнеше алаң үшін жалпы сатыларды орнатуға рұқсат етіледі;

7) алаңдардың төсеулері және сатылардың баспалдақтары сырғанауды болдырмайтын (кесу - сору тақтайдан, кедір - бұдырлы болаттан), материалдан әзірленеді;

8) сатылар мен алаңдарды үйіп тастауға рұқсат етілмейді;

9) құбырлардың үстімен өту орындарында, қанаттармен асулар орнатылады.

13. БӨҚ және бақылау - өлшеу аппаратура (әрі қарай – БӨҚА) ұйымның техникалық басшымен бекітілген, кесте бойынша тексеріледі, жөнге салынады және жөнделеді.



2-тарау. Найзағай қорғау және статикалық электрден қорғаныш
14. Найзағай, электр тоқ және статикалық электр разряд әсерінен қорғау үшін МДҚ, ҚҚЖ жабдықтары, аппаратура, резервуарлар, газ құбырлары, өнім құбырлары, құю-төгу құрылғылары, желдету жүйелері жерге қосатын контурға қосылады.

Жерге қосқыш ретінде технологиялық құбырларды қолдануға рұқсат етілмейді.

15. Бөлек орнатылған аппараттар және резервуарлар бөлек жерге қосқыштармен қамтамасыз етіледі немесе жалпы жерге қосатын контурға қосылады. Бірнеше аппараттардың немесе резервуарлардың кезекті қосылуына рұқсат етілмейді.

16. Теміржол цистерналарына құю үшін арналған, металл ұштармен резеңке шлангілер, шланг сыртымен оралған немесе ішінен өткізілген, сыммен жерге қосылады, оның бір ұшы құбырдың металл бөліктеріне, ал екіншісі шланг ұшына дәнекерленген. Шлангілердің ұштары және сым соққы кезінде, ұшқын болдырмайтын металдан әзірленеді.

17. Теміржол цистерналардың құйылуына арналған құрылғылар жерге қосылады және әрбір өндірістік операция алдында тексеріледі.

18. Құю-төгу эстакада шегіндегі теміржол жолдары электр қосқыштармен қосылады және жерге қосылады.

19. Жерге қосатын құрылғылар және найзағай қорғау құралдары, акт құрастырумен техникалық бастықпен бекітілген, кесте бойынша тексеріледі.

20. Резервуарларға және теміржол цистерналарға мұнайды және тез тұтанатын өнімдерді бостау құламалы ағыспен құюға рұқсат етілмейді. Құю сұйықтықтың деңгейінде жүргізіледі.

21. Төгу-құю операциясы кезінде резервуарлардан және басқа сыйымдылықтардан мұнай және тез тұтанғыш өнімдердің сынауларын алуға рұқсат етілмейді.

22. Найзағай және қолайсыз метеошарттар кезінде мұнай және тез тұтанғыш өнімдерді құю және құюға, сынаулар алуға рұқсат етілмейді.



3-тарау. Коррозиядан қорғаныш
23. Күкіртті мұнай дайындау кезінде жабдықтар мен құбырлар коррозияға - төзімді материалдардан әзірленеді. Әдеттегі болаттың қолданылуы жағдайында тотыққа қарсы жабу ескеріледі және тотығу ингибиторлары қолданылады.

24. Жер асты құбырлар мен резервуарлар тотығудан электр химиялық қорғаныш құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.

25. Жабдықтар мен құбырлардың қорғау бояуы және оңашалау техникалық куәландырудан және байқаудан кейін жүргізіледі.

26. Құбырлар мен жабдықтардың жағдайына бақылау, ұйымның техникалық басшымен бекітілген, кесте бойынша жүйелі түрде байқау, қабырғалардың жуандығын және тозу мөлшерін анықтау жолымен орнатылады. Тексеріс нәтижелері төлқұжатқа жазылады.



4-тарау. Жұмыстарды механикаландыру
27. Такелаждық құрылғылар (арқандар арқансымдар, строптар, шынжырлар) және жүк көтергіш механизмдер (тальдар, жүк арба, крандар) тексеріледі және мүмкін ауыртпашылығы туралы көрсетумен және байқау өткізілген күнмен таңбамен немесе сырғалармен жабдықталады. Құрылғылар мен механизмдерді, олардың жүк көтерімділігінен асатын ауыртпашылығы кезінде, қолдануға рұқсат етілмейді.

28. Такелаждық жұмыстар күндізгі уақытта жүргізіледі. Түнгі уақытында такелаждық жұмыстарды жүргізу тек бақылаушы тұлғаның жазбаша нұсқауымен ғана жүзеге асырылады және бекітілген нормалар бойынша жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.

29. Әрекет етуші радиусында және қауіпті аймақта жүк көтергіш механизмнің жұмыс орны қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді, қажет жағдайда қоршау орнатылады, өткізу пунктері қойылады. Көтерілетін жүк астында және оның ауыспалылық жолында тұруға рұқсат етілмейді.

5-тарау. Шырақты құрылғылар
30. Шыраққа түсетін газ өртеу процесі технологиялық уақыт тәртібімен сәйкестікте жүргізіледі. Шырақты құрылғылар жағу және процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дистанциялық басқарумен жүзеге асырылады.

31. Шырақты құбырда жөндеу мен байқау үшін қолайлы аймақта отбөгеткіш құрылғысы ескеріледі.

32. Жалпы шырақты құбырда конденсат аулау үшін сепаратор орнатылады. Қажет жағдайда шырақты құбырларда аралық сепараторлар орнатылады.

33. Газ құрамында күкіртті сутегі және басқа да зиянды заттар болған кезде шырақты құрылғы жағармайлық газ берумен толассыз жану үшін автоматты құрылғымен қамтамасыз етіледі.

34. Шырақты құбырлар сепараторлардың және кәріз құрылғылардың жағына еңіспен орнатылады.

35. Шыраққа конденсаттың тиуін болдырмау үшін сепараторлардан сұйықтықты бұруы жүргізіледі.

36. Шыраққа газ жіберу алдында (жағумен) оған жақындаушы шырақты құбыр бумен немесе инертті газбен үрленеді.

37. Шырақты құбырлардың конструкциясы және пайдалану шарттары герметизациялансыздандыру қаупін және ауа түсуін, жарылыс қаупі бар қоспалардың пайда болуын жоққа шығарады. Сұйық фаза болған кезде жылу серіктері және кәріз құрылғылары ескеріледі.

38. Шырақты құбырларға құрамында ауа және жарылыс қаупі бар қоспалардың пайда болу қаупі бар газдарды тастауға рұқсат етілмейді.

39. Шырақты құбырларға құрамында технологиялық процестер үшін жобалық параметрлер мен санитарлық нормалардан асатын күкіртті сутегі және басқа да зиянды заттары бар газдарды тастауға рұқсат етілмейді.

40. Жалпы шырақты құбырдағы газ қысымы шырақты құбырдан шығуға дейін, жобаға және әзірлеуші басшылыққа сай болады.

41. Шырақ айналасындағы аумақ жобаға сәйкес қоршалады. Аумаққа кірудің алдында «Бөтен адамдарға кіруге болмайды» деген сақтық жазуы және қауіпсіздік белгілері орнатылады.

42. Шырақты құрылғының аумағында шырақтың пайдалануын қамтамасыз ететін бақылаушы тұлғаның рұқсатынсыз қызметкерлердің болуына рұқсат етілмейді.

43. Шырақтың қоршалған аумағында құдықтарды, траншеяларды және басқа да тереңдіктерді орнатуға рұқсат етілмейді.



2-бөлім. МДҚ және ҚҚЖ қауіпсіз пайдаланудың негізгі талаптары

1-тарау. Ұйымдық және техникалық талаптар
44. МДҚ және ҚҚЖ-на кызмет көрсететін қызметкерлер жабдықтардың, аппараттардың, құбырлардың, резервуарлардың, арматураның, бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының, апатқа және өртке қарсы сақтық қорғаныштар жүйелерінің, хабарлау жүйесінің және АЖЖ бойынша әрекеттердің тағайындалуын және схемаларын біледі.

45. Құрылғының жұмысы барысында, жобамен және технологиялық уақыт тәртібімен ескерілген, технологиялық процестің барлық параметрлеріне (қысымға, температураға, өнімділікке) бақылау қамтамасыз етіледі.

46. Операторлық бөлмедегі БӨҚ көрсеткіштері жүйелі түрде тексеріледі және аппараттарда, насостарда, резервуарларда, сепараторларда, құбырларда орнатылған құралдар көрсеткіштермен салыстырылады.

47. БӨҚА тексеруі, технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес бақылау метрологиялық құралдарымен жүргізіледі.

48. Параметрлерді реттеу және өзгерту технологиялық уақыт тәртібімен сәйкес баяу жүргізіледі.

Параметрлердің өзгерту шарттары технологиялық уақыт тәртібімен орнатылады.

49. Қысым астында жұмыс істейтін жабдықтар, ыдыстар, аппараттар және сыйымдылықтар, 21 сәуір 1994 жылы Қазақстан Республикасы мемтаутехқадағалаумен бекітілген, «Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану Талабымен» сәйкес пайдаланады.

50. Жөнге келмейтін сақтандыру клапандары, ілмектік, сөндіруші және реттеуші құрылғылары, БӨҚА жоқтығы және жөнге келмеуі, телеметрия құралдары, апатқа және өртке қарсы сақтық қорғанышы кезінде жабдықтарды, аппараттарды және сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

51. Қызмет көрсетуші қызметкерлер аппараттардың, жабдықтардың, БӨҚА, технологиялық схемада көрсетілген қорғаныш жүйелердің түзулілігіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

52. Аппараттарда, жабдықтарда, құбырларда және арматурада түзуліксіздіктер және герметикалықсыздық анықталған кезде мұнай және мұнай өнімдерінің тұтануын, кемуін болдырмау үшін өткізу орынға бу жіберу және аппаратты жұмыстан сөндіру немесе технологиялық уақыт тәртібімен және АЖЖ сәйкес МДҚ, ҚҚС тоқтату.

53. Газдалған қауіпті аймақ газометриялық бақылау құралдарымен анықталады және қаупсіздік белгілерді және «Кіруге болмайды», «Газқауіпті» сақтық плакаттарды орнатумен белгіленеді.

54. Қысым астындағы аппараттарда және құбырларда болттарды және шпилькаларды бекітумен, көтерумен, соққылармен байланысты жұмыстарды жүргізуге, жұмыс істеуші сальниктерді толтыру және бекітуді жүргізуге рұқсат етілмейді.

55. Апараттардың қақпақтары әзірлеуші басшылығына сайкес және құрылыс пен жөндеу жұмыстары кезінде механикаландыру құралдарын пайдаланумен қауіпсіз орын ауыстыру және бекіту құрылғылары болады.

56. Апараттардың, жабдықтардың, құбырлардың, резервуарлардың оңашалауы және беттері жобаға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай болады. Зақым анықталғаннан кейін журналда тіркеумен оны қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылады.

57. Насостарды пайдалану жұмыстың мүмкін жобалық параметрлерден және аппараттардағы және сыйымдылықтардағы өнімнің шекті деңгейінен ауытқу кезінде іске қосылатын жарық және дыбысты сигнал беру бар болуымен жүргізіледі.

58. Жөнге келмейтін сальниктерді салқындату жүйесімен және насостың басқа да бөліктерімен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

59. Резервтік насостарды іске қосу алдында технологиялық өнімді бірте - бірте жіберумен олардың алдын ала жылытуы жүргізіледі. Алдын ала жылытусыз насостарды іске қосуға рұқсат етілмейді.

60. Насостарды қоректендіретін, аппараттарда және сыйымдылықтарда өнімдердің төмен (апатты) деңгейімен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

61. Технологиялық өнімді, газды, буды, суды, электр энергияны, ауаны жіберуді тоқтату кезде, жабдықтардың және құбырлардың герметикалығы бұзылған кезде, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғау жүйелерінің түзуліксіздігі кезде, басқа объектілерде қауіпті жағдай пайда болған кезде қызметкерлер АЖЖ көрсетілген әрекеттер мен шараларды орындайды. Қауіпті жағдай кезде, жұмыс жетекшінің нұсқауы бойынша, объектінің апаттық тоқтауы жүргізіледі.

62. Апатқа және өртке қарсы сақтық жүйелерінің, өрт сөндіру құрылғылардың және жарылыс қаупі бар концентрацияларды анықтау жүйесінің түзуліксіздігі кезінде, олардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру шаралары қолданылады, ал бұл жүйелердің жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, құрылғының жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, АЖЖ шаралары орындалады. АЖЖ апаттық-құтқару және өрт сөндіру қызметтермен келісіледі.

63. Аппараттардан және сыйымдылықтардан суды дренирлеу автоматты тәртіпте герметикалық жүйеге өткізіледі:

1) ілмектік құрылғының қолдық бақарумен дренирлеу кезде ТО ЖҚҚ және бақылаушы қатысуында жүргізіледі;

2) дренирлеуді жүргізетін қызметкерлер және бақылаушы газ қауіпті құрылғыдан желді жақтан болады.

64. МДҚ, ҚҚЖ құбырлары резервуарға немесе апаттық сыйымдылыққа технологиялық ортаның қауіпсіз және нәтижелі бұруы үшін дірілдеу әсерін және қаупті жағдайларда пайдалануын есепке алумен бекітіледі.

65. Қауіпті жағдайда мұнай өнімдерін бұру технологиялық уақыт тәртібімен және АЖЖ сәйкес жүргізіледі. Мұнай өнімдерінің мүмкін температурадан артуы кезінде құбырдың үрлеуі жүргізіледі және сыйымдылыққа немесе резервуарға бу жіберіледі.

66. Мұнай өнімдерін алу АЖЖ ескерілген жарылыс өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаумен жұмыс жетекшінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

Сынама алушы құрылғыларға қыздырылған мұнай өнімнің сынамасын алу технологиялық уақыт тәртібінде көрсетілген температураға дейін салқындаудан кейін жүргізіледі. Сынама алу жұмыстары кезінде қызметкелер ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ және газ қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады.

67. Газ сынамасын алу, аппараттағы газдың максималды қысымына есептелген, сынама алғышты қолданумен жүргізіледі. Жөнге келмейтін вентильдермен және тексеру мерзімі өткен сынама алғыштарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Вентильдерді тексеру, пайдалану бойынша нұсқауымен сәйкес жүргізіледі. Сынама алу кезінде қызметкерлер ЖҚҚ және ТО ЖҚҚ қолданады. Сынама алғыштарды қауіпсіз ұстау, пайдалану және дер кезінде байқау сынама алу бойынша қызметкерге және бақылаушы тұлғаға жүктеледі.

68. Аппараттар, сыйымдылықтар, жылытқыш құрылғылар деңгейін көзбен шолу бақылау және ішкі кеңістік үшін құралдар, сыртқы әсер етуден және қиратудан қорғанышпен термокүшті шыныдан әзірленеді.

69. Жылу айырбастаушыларды іске қосу технологиялық ортаның температурасын бірте-бірте жоғарлату арқылы жүргізіледі.

70. Конденсатор-тоңазытқыштан алынатын су құрамында мұнай өнімдері болмайды, оның бары жағдайында аппарат сөндіріледі.

71. Барлық жабдықтардың, аппараттардың, сақтандыру және ілмектік құрылғылардың технологиялық схемаға сәйкес айқын көрсетілген нөмірлері болады. Схемада аппараттар, жабдықтар, құбырлар, насостар, арматура, БӨҚА, өткізілген өзгертулер көрсетіледі.

72. МДҚ және ҚҚЖ жұмыстары ұзақ уақытқа немесе консервациялауға тоқтатылған кезде, журналға тіркеумен және акт құрумен, құбырларды және аппараттарды коррозиядан, салқын мезгілде жібітуден және ондағы жарылыс - өрт қауіпті қоспалардың пайда болуынан қорғау шаралары қолданылады.

73. Сепараторларды, аппараттарды, сыйымдылықтарды, резервуарларды, құбырларды және жабдықтарды тазалау және үрлеу кезінде мұнай өнімдерінің булары және газ газжинағыш желісіне және шырақты құрылғыға апарылады. Сұйық фаза сыйымдылықтарға, резервуарларға және кәріз жүйелеріне апарылады. Көрсетілген жұмыстар жарылыс өрт қауіпсіздігі және АЖЖ талаптарына сәйкес ШМК және ШМЖК газдалғандығына тұрақты бақылауы кезінде орындалады.

74. МДҚ, ҚҚЖ іске қосу алдында жобаға, технологиялық уақыт тәртібіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықтардың, құбырлардың, сақтандыру клапандардың, арматураның, жерге қосылатын құрылғылардың, апатқа және өртке қарсы сақтық қорғаныштың, желдетудің, канализацияның, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ техникалық жағдайы тексеріледі. Жүйеден ауа инертті газбен ығыстырылады. Үрлеу аяқталуы шығатын бу, газ, ауа, аралас қоспа талдауымен анықталады, ондағы оттегі концентрациясы технологиялық уақыт тәртібімен анықталған шамадан аспайды.

Аппараттардан және сыйымдылықтардан жалпы шырақты құбырларға ауа ығыстыруға рұқсат етілмейді.

75. МДҚ, ҚҚЖ іске қосу техникалық жағдай тексеруінен және жұмысқа даярлық актісі құрастырылғаннан кейін, технологиялық уақыт тәртібімен орнатылған ретте жүргізіледі.

76. Бақылаушы тұлғаның нұсқауы бойынша қызмет көрсетуші қызметкерлер МДҚ, ҚҚЖ іске қосу алдында журналға тіркеумен жабдықтардың, жіберу құрылғылардың, судың, будың, электр энергияның, БӨҚА ауаның, бақылау, басқару, автоматтандыру, апатқа және өртке қарсы сақтық қорғаныш жүйелердің техникалық жағдайын тексереді.

77. МДҚ, ҚҚЖ іске қосу және пайдалану кезінде жобалы құжатнама, технологиялық уақыт тәртібінің, АЖЖ, өнеркәсіптік, өрт сөндіру және экологиялық қауіпсіздік талаптары сақталады. Анықталған түзуліксіздер мен бұзушылықтар жойылғанға дейін іске қосуды рұқсат етілмейді.

78. МДҚ, ҚҚЖ бу қабылдау алдында бу құбырларында кәріз құрылғылары ашылады және жүйені жылыту үшін бу жіберу жолында бірте - бірте ысырма ашылады.

Тармақтары бар бу құбырларына бу қабылдау, алдымен орталық магистральға, кейін әрбір тармаққа бөлек жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет