Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі



жүктеу 1.2 Mb.
бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6

3-Параграф. Мұнай битумы өндірісі
107. Қатты маркалар битумын ұсақтау және толтыру бөлімдері еденді ылғалды жинау үшін су жеткізумен жабдықталады. 108. Барлық тотықтырғыш текшелер көбікке қарсы тұнба бері жүйесімен жабдықталады.

109. Битум алу бойынша мерзімді іс-әрекет қондырғылары мыналармен жабдықталуға тиіс:

тек қана ондағы өнім регламенттелгеннен төмен емес деңгейге жеткен кезде тотықтырғыш текшелерге ауа беруді көздейтін бұғаттау;

технологиялық режимнің регламенттелген параметрлері бұзылған кезде текшелерге ауа беруді автоматтық ажыратуға арналған апаттық бұғаттау. 110. Барлық тотықтырғыш текшелер сақтандыру клапандарымен немесе мембраналы сақтандыру құрылғыларымен жарақтандырылады.

111. Текшелерге және реакторларға су беру алдында ауа коллекторлары ылғалды және майды толық жойғанға дейін үрленуі қажет.

112. Аппараттарды және технологиялық құбырларды үрлеу, жабдықты сықпалау инертті газбен немесе су буымен жүргізіледі. Ауаны бұл мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

113. Текшеге ауа беретін құбыр дірілдерді және қабырғаға соғылуды болдырмау үшін текшенің ішінен сенімді бекітілугне тиіс.

114. Тотықтырғыш текшелерге түсетін ауаның қысымын технологиялық регламенттн белгіленгеннен төмен азайтуға рұқсат етілмейді.

115. Әуе желісінде ресиверден конденсатты шығару жүйелі түрде, ауысымына бір реттен жиі емес жүргізілуге тиіс.

116. Текшелерге шикізатты құю алдында олар судың жоқтығына, ал қыс мезгілінде мұздың және қардың жоқтығына тексерілуге тиіс.

117. Жұмыс істеп тұрған тотықтырғыш текшенің шатырына көтерілуге рұқсат етілмейді.

118. Битум суып қалған крандарды қыздыру су буымен немесе индукциялық электрлік қыздыру көмегімен жүргізіледі.

119. Битумды бункерлерге құю барысы бункерден ыстық битумды шығару болмайтындай ұйымдастырылуға тиіс.

120. Құю кезінде битум көбіктенген жағдайда құюды тоқтату қажет. 121. Битумды теміржол бункерлеріне, крафт-қаптарға және қалыптарға құюмен, вагондарға және автобитумтасығыштарға тиеумен, қатта маркалардың битумын ұсақтаумен және толтырумен, сондай-ақ оны қазаншұңқырлардан шығарумен байланысты барлық ауыр және еңбекті қкжетсінетін жұмыстар механикаландырылуға тиіс.

122. Ыстық битумды құю болатын ашық қазаншұңқырлар қоршалады. Ыстық битумды құю кезінде қазаншұңқырға жақын жерде тұруға рұқсат етілмейді. Тотықтырғыш текшелерден таратқышқа битумды айдау кезінде адамдардың таратқышта және оған жақын жерде болуына рұқсат етілмейді. 123. Текшені тазалауды ашық жоғарғы және төменгі люктерден жүргізу қажет. Текшені тазалау бойынша жұмыстар жұмыстардың газқауіпті түрлеріне жатады және ұйымда әзірленген және қауіпті өндірістік объект иесі бекіткен газқауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу нұсқаулығына сәйкес орындалуға тиіс. 124. Шлемдік құбырларды тазалау кезінде қоршауы бар тиісті көпіршелер орнатылады.

125. Теміжол бункерлерлеріне немесе цистерналарға битумды құю алдында олар судан, қардан және құю кезінде битум шығарындысына немесе көбіктенуіне алып келуге қабілетті басқа да заттардан тазартылады.

126. Шанағы, қақпақтары, сондай-ақ төңкерілуге қарсы тірек құрылғысы ақаулы теміжол бункерлерлеріне битумды құюға рұқсат етілмейді. 127. Теміржол бункерлерінде және автобитум тасығыштардың кабиналарында оларды толтыру кезінле болуға рұқсат етілмейді. Бункерлердің қақпақтарын ашу және жабу эстакада алаңынан жүргізілуге тиіс.

128. Теміжол бункерлеріне және автоцистерналарға битумды құю үшін эстакадалардың үстінде оларды атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын аспалар орнатылады.

129. Теміжол бункерлеріне және автоцистерналарға битумды құю эстакадаларында көлік жүргізушілеріне бұйрықтар беру үшін байланыс құралдарын көздеу қажет. 130. Битумды қағаз қаптарға құю кезінде олардың бүтіндігіне көз жеткізу қажет. Құюмен айналысатын жұмысшылар арнайы киіммен, қорғаныш көзілдіріктерімен, қолғаптармен және шалбар балағында қонышы бар етіктермен жарақтандырылады.

131. Битумды ыдысқа құю орны желден, атмосфералық жауын-шашыннан қорғалуға және жергілікті желдету сорғысымен жабдықталуға тиіс. 132. Таратқыштағы шығын желісіндегі тиек құрылғысын ыдысты толтыру кезінде күйік мүмкіндігін болдырмайтындай арақашытықта орналастырулы керек.

133. Автотиегіштерде жұмыс істеуге сәйкес келетін категориясы және жүргізуші куәлігі құқығы бар жүргізуші тұлғалар жіберіледі.


4-Параграф. Қатты катализаторлар өндірісі
134. Теміржол вагондарынан шикізатты түсіру, қоймаға тасымалдау және аппараттарды тиеу механикаландырылуға тиіс. Теміжол вагондары түсіру алдында екі жағынан тежегіш кебісшелермен тежелуге тиіс.

135. Силикат-ірі тас қоймасындағы қазаншұңқыр бүкіл ұзындығы бойынша биіктігі кемінде 1 метр қоршаумен жабдықталады.

136. Теміржол вагондарын түсіру орындарында қоршаулардың ашылатын есіктері болуағ тиіс.

137. Монорельсті грейферді және төрттағанды кранды басқаруға арнайы оқытудан өткен және оларды басқару құқығына куәлігі бар тұлғалар жіберіледі. 138. Грейферлік краны жұмыс істеген кезде басқару кабинасының есіктері жабық болуға тиіс. Аламдарды кранпмен көтеруге рұқсат етілмейді.

139. Грейферлік және төрттағанды крандарды жылыту кезінде грейфер және шөміш жоғарғы жағдайда болады.

140. Транспортерді іске қосудың алдында таспаның, роликтердің ақаусыздығы және транспортердің жерге тұйықталуы тексерілуге тиіс. 141. Ұнтақтағыштарға, мөлшерлегіш құрылғыларға және автоклавтарға қызмет көрсетуді респираторларда, ал ұнтақтарды қолмен тиеу, қалыптау бағаналарында жұмыс істеу, сүзгі-қыспақтар майлықтарын тазалау кезінде – қорғаныш көзілдіріктерінде және қолғаптарда жүргізу керек. 142. Ұнтақтағыш жұмыс істеп тұрған кезде тиеу шұңқырын тазалауға рұқсат етілмейді.

143. Ұнтақтағыш тозаң сорғыш құрылғымен жабдықталуға тиіс.

144. Автоклавтарды тиеу кезінде салмақты мөлшерлегіштің шығу тесігін дәлме-дәл люктің астына орнату керек. Автоклавқа шикізат тиеу кезінде тозаң бөлінуін болдырмау үшін мөлшерлегіштің шығу тесігі брезент қолғаппен жабдықталады.

145. Автоклавты жұмысқа іске қосудың алдында люктің төсемінің жай-күйін, оның саңылаусыздығын тексеру қажет.

146. Сүзгі-қыспақтар майлықтарын жуу және кептіруді оқшауланған бөлмеде жүргізу керек. 147. Сүзгі-қыспақтар майлықтарын тазартылатын кір және қақ бөлмеден механикаландырылған әдіспен шығарылуға тиіс.

148. Сүзгі-қыспақты түсіру кезінде арнайы тұғырларды пайдалану керек. Қыспақ ваннасында тұруға рұқсат етілмейді.

149. Алюминий тотығының гидратын тиеу реактордан ерітіндіні шығару мүмкіндігін болдырмайтындай ұйымдастырылуға тиіс.

150. Реактордан алынған ертінді снымасы реакторға будың берілісі тоқтатылғаннан кейін іріктеледі. 151. Тұздық ванналары екі жағынан стационарлық баспалдақтармен жарақтандырылады. Ванналардың жоғарғы алаңдары қоршалады. 152. Аппаратураны аммиактан босату қажет болған жағдайда оны шығаруды әрқашан сумен толтырылуға тиіс араластыру ваннасына жүргізу керек.

153. Аммиак ағынын жою кезінде жұмысшылар тиісті тыныс алу органдарын қорғау құралдарында, арнайы костюмдерде, резеңке қолғаптарда болуға тиіс.

154. Барлық аммиак жүйесін жөндеуден және тазалаудан кейін саңылаусыздыққа тексеру үшін сықпалау қажет.

155. Аммиак жүйесін аммиакпен толтыру алдында жүйес ондағы оттегінің құрамы 3 пайыздан астам емес болғанға дейін инертті газбен үрленуге тиіс.

156. Қалыптау бағаналарындағы инжекторлық араластырғыштарды тазалауды тек қана олардан шлангілер алынғаннан кейін жүргізу керек.

157. Шаю ыдыстарының жоғарғы люгі металл тормен жабылуға тиіс. 158. Кептіру пештерінің есіктерін ашу кезінде бумен күюді болдырмау үшін өндірістік инструкцияда жоғарыда көрсетілген пештегі температура кезінде оларды ашуға рұқсат етілмейді. 159. Атмосферағы шығару алдында тозаңданған ауаны тозаңнан тозаң сүзгіш құрылғылармен тазарту қажет.

160. Катализатор шариктерінің камера еденінен құлауын болдырмау үшін конвейерлік таспаның бүкіл ұзындығы бойынша бүйірлік сақтандыру ернеулері орнатылуға тиіс.

161. Кептіру камерасын катализаторлық ұсақ-түйектен тазалауды механикалық, гидравликалық немесе тозаң түзілуін болдырмайтын өзге де әдіспен жүргізу керек.

162. Катализаторды сейілту, оны тасымалдау және ыдысқа (қапқа, бөшкеге) тиеу бойынша барлық операциялар бітемеленуге, механикаландыруға және жергілікті сорғылармен жабдықталуға тиіс. Сорылатын ауа атмосфераға шығару алдында тозаңсыздандырылуға тиіс.

163. Дайын катализаторы бар ыдысты иасымалдау (аумақ бойынша тасу, машиналарға тиеу) механикаландырылуға тиіс.

164. Натрий алюминаты және алюминий гидрототығы ерітінділермен жұмыс істеген кезде сілтімен жұмыс істеген кездегідей қауіпсіздік шаралары сақталуға тиіс.

165. Шашыратқы кептіргіштер, сондай-ақ олармен байланысты ауа құбырлары және циклондар баяулайды. 166. Қыздыру аппаратының қабырғалары сыртқы үстіңгі бетінің температуры технологиялық регламентте белгіленген шекті рұқсат етілгенге дейін арттыур кезінде ол температураның өсу себептерін анықтау және жою үшін тоқтатылуға тиіс.

167. Қыздыру аппаратын іске қосу тек қана оны іске қосуға дайындау және бойынша барлық операциялар орындалғаннан және қондырғы басшысының жазбаша өкімін алғаннан кейін жүргізілуі мүмкін. 168. Аппаратта тұрақты қайнап тұрған қабатты алғанға дейін қыздыру аппаратына құрғақ катализаторды тиеуді жүргізуге рұқсат етілмейді. 169. Шөгінді араластырғышын іске қосу тек қана қақпақ жабық болған кезде жүзеге асырылуға тиіс. 170. Араластырғышқа будың беріліс режимі ыстық ерітінді шығарындысын болдырмауға тиіс. 171. Араластырғыш құрылғысы оның жұмысы кезінде ерітінді шашырауын болдырмауға тиіс. 172. Центрифуга қалыпты жұмысыныан ауытқыған кезде (тықыл пайда болғанжа) қойыртпақтың берілісін дереу тоқтату, электр жетегін ажырату және центрифуганы тежеу керек. 173. Центрифуганың жұмысы кезінде олардың қақпақтары жабық болуы тиіс.

174. Центрифугаларды босатуға тек қана барабан тотқатылғаннан кейін рұқсат етіледі.

175. Таблеткалы машина қолдың зақымдануының (қысқпақта, штемпельде қысылып қалуы) алдын алу үшін ақаусыз жағдайдағы қорғаныш торкөзі және машинаны тек қана түсірілген қорғаныш торкөзінде қосуға және торкөзді көтерген кезде ажыратуға мүмкіндік беретін бұғаттауы болуға тиіс. 176. Сынамаларды іріктеу кезінде таблеткалы машинаны тоқтату қажет.

177. Катализаторды сутегімен қалпына келтіру кезінде ауаның сорылуын және сутегілік компрессор қабылдауында сейілудің болдырмау үшін шамасы технологиялық регламентте белгіленетін атық қысымы ұсталуға тиіс.

178. Реактордың люктерін ашу алдында оның қысымының жоқ екендігін көз жеткізу қажет. 179. Пассивирленген катализаторды түсіру күйікті және тозаңнын көзге түсуін болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын (қорғаныш көзілдіріктері, қолғаптар, тозаңға қарсы респираторлар) сақтай отырып, жүргізіледі.
5-Параграф. Күкіртсутегіден қарапайым күкіртті алу
180. Қоныдрығыны іске қосудың алдында гидроқақпақтардың ақасуыздығын тексеру қажет. 181. Гидроқақапақтар мерзімді түрде шөгінділерден тазартылуға тиіс. Тазалау қорғаныш көзілдіріктерінде жүзеге асырылады. 182. Гидроқақапақтың булық жейдесінде конденсаттың жиналуына рұқсат етілмейді.

183. Қыздырғыштың және реактор-генератордың оттықтарын жағу алдында оттықтар «шамға» ауамен үрленуге тиіс. Үрлеудің ұзақтығы технологиялық регламентте анықталады және кемінде 15 минут белгіленеді. 184. Қондырғыға қызмет көрсететін барлық қызметкерлер тыныс алу органдарын қорғаудың тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі. 185. Отын газын және күкіртсутегін қондырғыға қабылдау алдында 15 минут ішінде жүйені инертті газбен үрлеу қажет. Инертті газдағы оттегінің құрамы көлемдік 0 ,5 пайыздан аспауға тиіс.

186. Қондырғыға қышқылды газдарды қабылдағаннан кейін ықтимал ағу және газдарджы жіберу орындарын (фланецтер, ысырмалар, люктер) индикаторлық қағазбен тексеру қажет. 187. Реактор-генератордың және қыздырғыштардың оттықтарында ауаның және газдың оттықа берілісінің регламенттелген арақатынасы автоматты түрде қолдануға тиіс.

188. Ауа қысымы төмендеген кездже күкіртсутегінің ауа құбырларына түсуін болдырмау үшін оттық алдында ысырмадағы тікелей күкіртсутегі желісіенде қырыққыштар орнатылады. Қарауға арналған қабырғаларда күкірт шөгіндісін болдырмау үшін оларды мерзімді түрде тазалап отыру қажет.

189. Күкіртсутегін тасымалдайтын құбырлар орналасқан алаңға тек қана газқағармен кіруге рұқсат етіледі.

190. Ашудың алдында барлық аппараттарды, агрегаттарды және құрамында күкіртсутегі бар құбырларды булау және инертті газбен үрлеу қажет 191. Реактор-генераторларды ашу алдында олар 45 градус Цельсий температураға дейін салқындатылады, жанғыш газдардың жарылыс қауіпті концентрациясы жоқ болғанға дейін инертті газбен, одан кейін ауамен үрленеді.

192. Газ камераларындағы жұмыстар газқауіпті жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша талаптарға сәйкес орындалады. 193. Күкіртті құю кезінде:

суыған күкіртті басуға;

күкірт қоймасының ашық люгінің үстінде тұруға; газқағарларсыз ойықта, қоймада күкіртті өлшеуді жүргізуге және жарылыстан қорғалмаған тасымалды шамдарды пайдалануға рұқсат етілмейді. 194. Күкіртті айдауға арналған сорғыны тек қана ауысым (бригада) бойынша басшының ауызша нұсқауы бойынша қосуға рұқсат етіледі.

195. Күкіртті тиеу және түсіру толық механикаландырылуға тиіс. 196. Күкіртті тиеу және түсіру бойынша барлық жұмыстар ауысым (бригада) бойынша басшының бақылауымен жүргізіледі. 197. Күкіртті қалыптардан түсіруге күкірт толық суығаннен кейін рұқсат етіледі.

198. Күкіртті теміжол вагондарына тиеу кезінде:

адамдаордың вагондарда болуына;

экскаватор щөмішін күкіртпен ернеуінен асырып толтыруға;

экскаватормпен оны қоректендіретін электр кабелін басуға рұқсат етілмейді.


6-Параграф. Мұнай өнімдерін ағызу және құю
199. Тез жанатын және жанғыш сұйықтықтар, сығылған көмірсутегі газдарын ағызу-құю эстакадаларын, монтаждау, пайдалану мен жөндеуді жобалау осы қағидаға сәйкес жүргізіледі.

200. Ағызу-құю эстакадасына құбырларды және тиек құрылғыларын булау немесе қыздыру үшін бу келтірілуге тиіс.

201. Араласуына жол беруге болмайтын өнімдерді ағызу-құюды жеке ағызу-құю эстакадаларда немесе на жеке тіреуіштерде жүргізу керек. Жалпы теміржол ағызу-құю эстакадасында түсті және қошқыл мұнай өнімдері үшін ағызу-құю операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі.

202. Өзара үйлеспейтін өнімдермен кезек-кезек операциялар үшін ағызу-құю эстакадасын пайдалануға рұқсат етілмейді.

203. Негізделген жағдайларда мұнай өнімін ауыстыруға қауіпсіздікты қамтамасыз ететін әзірленген іс-шаралар орындалғаннан кейін пайдаланушы ұйым техникалық директорының (бас инженерінің) жазбаша рұқсаты бойынша рұқсат етіледі.

204. Құю эстакадалары ақаулы цистерналарды мұнай өнімдерінен босату үшін арнайы бекеттермен немесе жүйемен жабдықталады.

205. Мұнай өнімдері құюдың (ағызудың) алдында эстакада аумағынан локомотивті алып кету және кілтпен жабылатын айырғышты жабу қажет. 206. Теміржолдарда және ағызу-құю учаскесіне баратын жолдарда «Тоқта!», «Өтуге тыйым салынады!» деген ескерту жазбалары ілінеді. 207. Тез жанатын мұнай өнімдері бар теміржол цистерналарын ағызу-құюға берген кезде локомотиы пен цистерналардың арасында бір төрт осьтік немесе екі екі осьтік бос немесе жанбайтын жүктер тиелген вагондардан (платформалар) тұратын аражабын болуға тиіс.

208. Осы тарауда баяндалған ережелерден басқа этилденген бензинді ағызу-құюға арналған қондырғыларда этил араластыратын қондырғыда жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары орындалуға тиіс. Бір эстакадада этилденген және этилденбеген бензиндерді құюға арналған екі коллекторды орналастыруға рұқсат етіледі. Этилденген бензин коллекторы айырықша түспен боялуға тиіс.

209. Құю құрылғыларына қосылған цистерналарды ағызу-құю жүргізілмейтін кезде қалыдруға рұқсат етілмейді. 210. Ағызу-құю операцияларын жүргізу кезінде жұмысшылардың ең төменгі рұқсат етілетін саны - 2 адам.
7-Параграф. Электртұзсыздандыратын қондырғылар
211. Электртұзсыздандыратын қондырғы электрожабдығы жарылыстан қорғалған орындауда болуға тиіс. 212. Электродегидратордың аппаратта мұнай өнімінің деңгей регламенттелгеннен төмен азайған кезде кернеуді ажыратуға бұғаттауы болуға тиіс.

213. Электродегидратордан және тұндырғыштан суды сіңіру жабық әдіспен автоматтық режимде жүзеге асырылуға тиіс.




8-Параграф. Атмосфералық-вакуумдық және термиялық крекинг қондырғылары
214. Қондырғыға берілетін мұнай өнімінде тауар асты суының боулына тұрақты бақылау болуға тиіс және оның көлемі жобада белгіленген шекті рұқсат етілетін шамадан аспауға тиіс.

215. Шикі мұнайға арналғаен атмосфералық-вакуумдық қондырғының вакуумдық бөлігін іске қосуға рұқсат етілмейді. 216. Барометрлік конденсаторға судың берілісін реттеу сұйық мұнай өнімі шығатын сумен айдалып кетуін болдырмауға тиіс.

217. Аралық вакуум-қабылдағыштарда сұйықтықтың регламенттелген деңгейін бақылау және ұстап тұру ыстық мұнай өнімінің теңдестіргіш құбыр арқылы барометрлік конденсаторға түсуін болдырмауға тиіс. 218. Ыстық пеш сорғыларының жұмысына тұрақты бақылау болуға тиіс. Сорғыларды қоректендіретін аппараттардағы өнім деңгейінің төмендеуі және/немесе қысымды технологиялық регламентте белгіленген шекті рұқсат етілетін шамаларға дейін түсіруді жарық және дыбыс дабылымен қамтамасыз ету қажет.
9-Параграф. Пирофорлық қосылыстарды дезактивациялау
219. Процесті әзірлеуші өндіріс жұмысы барысында және жабдық пен құбырларды жөндеуге дайындау кезінде пирофорлық қосылыстарды дезактивациялау бойынша шараларды және құралдарды көздейды. 220. Аппараттар және құбырлар жабдықты істен шығарғаннан және оларды өнімдерден босатқаннан кейін су буымен булануы керек. 221. Аппаратты конденсаттан босатудан кейін төменгі штуцер немесе люк ашылуға және онда өнім булар қауіпті концентрацтяларының болуына талдау үшін ауа сынамасы алынуға (жалынның таралуының төменгі концентрациялық шегінен 20 пайыздан астам емес болуға тиіс) тиіс.

222. Аппараттарды тазалау кезінде аппараттың қабырғаларындағы шөгінділерді дымқылдау қажет. Аппараттарды тазалау кезінде ұшқынғақауіпсіз құралдар қолданылады. Бұл жұмыстарды орындауға рұқсат-жөнелтім ресімделеді.

223. Жабдықтан алынған пирофорлық шөгінділерді олар жойылғанға дейін ылғалды жағдайда ұстау қажет.

5. Мұнай-химия және мұнай өңдеу салаларындағы зертханалар
224. Зертханалар жеке тұрған ғимараттарда орналасуға тиіс.

225. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорылымды желдетпе жұмыс басталардың алдында қосылуға және жұмыс күні аяқталғаннан кейін ажыратылуға тиіс. Талдауларды тәулікбойы жүргізу кезінде ағынды-сорылымды желдетпе тәулікбойы жұмыс істеуге тиіс. Желдетпе ақауы болғанда жұмыс жүргізуге рұқсат етілмейді.

226. I және II қауіптілік сыныптарының заттарымен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда желдетпе жүйесі басқа да үй-жайлардың желдетпесімен байланысты емес жеке болуға тиіс.

227. I және II қауіптілік сыныптары заттарымен барлық жұмыстар сору шкафтарындағы немесе арнайы жабдықталған шкафтардағы («Изотоп» түрінде), сору желдетпесімен жабдықталған бокстарда реңеңке қолғаптармен жүргізілуі қажет.

228. Зертханадағы жұмыс кемінде екі адам болған кезде жүргізіледі. 229. Сору шкафтарының ішінде орнатылған шамдар жарылыстан қорғалған орындауда болуға тиіс.

230. Ажыратқыщтар, штепсельдік розеткалар, зертханалық автотрансформаторлар сору шкафынган тыс орналастырылуы қажет.

231. Сору шкафтарына, жұмыс үстелдеріне мұнай өнімдері бар ыдыстарды, осы уақытта жүргізіліп жатқан жұмыспен байланысты емес аспаптарды және зертханалық жабдықтарды үйіп қоюға рұқсат етілмейді.

232. Химиялық әрекеттесуі өртке немесе жарылысқа әкеп соғуы мүмкін заттарды бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

233. Зертхананың ғимаратында оларға тәуліктік қажеттіліктен аспайтын ТЖС газдарының қорын сақтауға рұқсат етілмейді. ТЖС қорын арнайы бөлмеде сақтауға рұқсат етіледі.

234. Түтінденетін қышқылдар, тез буланатын реактивтер және еріткіштер тәуліктік қажеттіліктен аспайтын көлемде осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген сору шкафтарынща сақтауға рұқсат етіледі.

235. Оларға қатысты ерекше жібер, сақтау, есепке алу және тасымалдау (сулема, көгеретін қышқыл және тұздар, күкірт көміртегі, метанол) шарттары қолданылатын заттар құлыптанатын және пломбыланатын металл шкафта сақталуға тиіс. Бұл заттарды сақтауға арналған ыдыс саңылаусыз болуға және «У» деген жазуы және заттардың атауы бар зетбелгісі болуға тиіс. 236. Металли натрийді (калий) судан алшақ керосин қабатындағы ыдыстра сақтау керек. Натрийдің (калийдің) қалдығын жұмыстан кейін бақалшақтарға тастауға рұқсат етілмейді, таза қалдықтарды керосині бар банкіге салу қажет.

237. Сұйық азотты және оттегіні зертханаларға Дьюар металл ыдыстарында жеткізу және сақтау керек. Сұйық азотты және оттегіні тез жанатын заттармен, майлармен бірге сақтауға немесе оларды бірге тасуға рұқсат етілмейді.

238. Оттықтары, ашық электр аспаптары, ұшқынды жабдық және тұтану көздері бар үй-жайлардағы сұйық оттегімен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

239. Зертхана бөлмесінде белгілі бір талдауды орындаумен тікелей байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді.

240. Вакуум астындағы аппаратурамен жұмыс істеуді бастаудың алдында оны саңылаусыздыққа тексеру керек. 241. Оларда қысым немесе вакуум жасау мүмкіндігі бар шыны ыдыстар ыдыс сынған және жарықшақтар түзілген жағдайға қаппен қорғалады.

242. Егер күкірт көміртег, бензин, эфир немесе басқа да тез жанатын сұйықтық төгілген жағдайда, сондай-ақ газдың өткір иісі пайда болған кезде барлық оттықтарды сөндіру және дереу газдың пайда болуының себептерін анықтау және жоюға кірісу, ал төгілген сұйық өнімдерді жинау қажет. 243. Мұнай өнімдерінің, реагенттердің, селективті еріткіштердің астындағы ыдыстарды тек қана арнайы бөлмеде жууға рұқсат етіледі. 244. Қышқылдардың, сілтілердің және басқа да химиялық заттардың астындағы ыдысты тек қана оны тиісті әдіспен босатудан және бейтараптандырудан кейін жууға тапсыруға болады.

245. Ыдысты тазалау және жуу әдісін таңдау ластағыш заттың сипатымен, оның физикалық және химиялық қасиеттерімен анықталады. 246. Ыдысты жуу үшін құмды, зімпара қағазын пайдалануға рұқсат етілмейді.

247. I және II қауіптілік сыныптарының улы және зиянды заттарын ұсақтау сору шкафындағы жабық түйгіштерде жүргізілуге тиіс. Бұл операцияны жүргізетін қызметкер қорғаныш көзілдіріктерімен және резеңке қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

248. Селективті еріткіштермен (нитробензол, анилин, фурфурол, хлорекс, фенол) жұмыс істеу кезінде еріткіштердің денеге және киімге тиіп кетуін болдырмау қажет

249. Селективті еріткіштер және олар құрамында бар мұнай өнімдері осы мақсат үшін арнайы бөлінген орында жақсы жабылған ыдыста сақталуға тиіс.

Селективті еріткіштердің қорларын зертхананың арнайы жабық бөлмесінде ұстау керек. Ауысым ішінде жұмыс үшін қажетті селективті еріткіштердің көлемі еріткіштердің шығын журналында тіркеледі. Селективті еріткіштердің тізімін ұйымның техникалық директоры (бас инженер) бекітеді. 250. Қышқылдарды кәрзеңкеге орнатылған бөтелкелерде тасу керек. Тасуды екі адам жүзеге асырады.

251. Күкірт қышқылын сумен араластыру кезінде қышқылды суға баяулатып құю керек. Суды қышқылға құюға рұқсат етілмейді. 252. Барлық өңделген химиялық реактивтерді және зиянды заттарды осы үшін арналған таңбаланған ыдыстарға құю қажет. Көрсетілген өнімдерді бақалшаққа құюға рұқсат етілмейді. Жұмыс күнінің немесе ауысымның соңында барлық қалдықтар зертханалардың үй-жайларынан алыстатылуға тиіс. 253. Баллондармен жұмыс істеу кезінде қысымда жұмыс істейтін ыдыстарға нормативтік құжаттардың талаптарын басшылыққа алу қажет. 254. Баллондардан шығатын газ зертхана бөлмесіне жұмыс орнында тиек құрылғысы бар газ құбыры арқылы беріледі. Баллондар оларды атмосфералық жауын-шашынна және инсоляциядан қорғайтын аспа астындағы зертхана ғимаратының сыртқы қабырғасында орналастырылады және тролы қоршау орнатылады.

255. Бұл жерде сығылған және сұйылтылған газдары бар баллондардың қанай да болмасын арматурасын жөндеуді жүргізуге рұқсат етілмейді. 256. Жұмыстар аяқталғаннан кейін:

газ және су крандарын және газ бен суды зертханаға кіргізудің жалпы шағырларын жабу;

реактивтері және материалдары бар банкілерді тығындармен жабу; жарықты, желдетпені және қыздыру аспаптарын ажырату қажет.

1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет