Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және қазу кезіндегі маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар бойынша


-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын анықтау



бет3/4
Дата27.06.2016
өлшемі472.5 Kb.
#160681
1   2   3   4

3-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын анықтау

3-1-параграф. Негізгі талаптар
64. Ұңғыма осіне тән нүктелердің кеңістіктік (жоспарлық және биіктік) орнын анықтау бойынша жұмыстар төмендегіден тұрады:

1) ұңғыма тереңдігін, ұңғыма осінің вертикалдан ауытқу бұрыштарын өлшеуден және азимуттарды өлшеуден;

2) ұңғыма діңінің вертикальдан ауытқығаны үшін тереңдікке түзетулерді, ұңғыма интервалдарын тігінен және көлбеу құраушыларды, ұңғыма діңінің жеке нүктелерінің жоспарлы және биіктіктік орнын, сондай-ақ тау жыныстарының бұрғыланған қатқабатын құрайтын, нысаналы және басқа горизонттардың ұңғымамен қиылысу нүктелерін анықтау үшін аналитикалық есептеулерден және кестелік салулардан.

Көрсетілген жұмыстар ұңғыманы өткізу процесінде де, бұрғылау жұмыстары аяқталған соң да орындалады.

65. Ұңғыма діңіне тән нүктелердің биіктіктік белгілерін және жоспарлық орнын анықтаудың сағаға қатысты рауалы қателері 4 және 5-кестелерде келтірілген.

Ұңғымадағы тереңдіктерді, тігінен ауытқу бұрыштарын және азимуттарды өлшеу сенімділігін бағалау рауалы айырмашылықтармен екі және одан көп мәрте өлшеу арасындағы айырмашылықтарды салыстыру жолымен жүргізіледі.

66. Ұңғыманы өткізудің дұрыстығын бақылау бұрғыланатын ұңғыма оқпанының нақтылы орнын өлшеуден тұрады.

4-кесте
Ұңғымаға тән нүктелердің белгілерін анықтаудың сағаға қатысты

жол берілетін қателері


Ұңғыма тереңдігі,

км


Жол берілетін қателер, м

Платформалы облыстар

Қатпарлы облыстар (қаттарының көлбеу бұрыштары 20º артық болғанда)

I дейін

1,6

1,8

1-2

2,3

2,5

2-3

2,9

3,2

3-4

3,6

4,0

4-5

4,2

4,6

56

5,6

6,0

6-жоғары

7,2

7,6

5-кесте
Ұңғымаға тән нүктелердің пландық орнын анықтаудың сағаға қатысты

жол берілетін қателері


Ұңғыма №


Жол берілетін қателер, м

Платформалы облыстар

Күрделі дислокациялар болмағандағы қатпарлы облыстар

Тұзды-күмбезді және күрделі дислокацияланған қатпарлы аудандар




10,0

14,0


16,0

18,0


20,0

22,0


24,0

6,0

8,0


10,0

12,0


14,0

16,0


18,0

5,0

7,0


9,0

10,0


12,0

14,0


16,0



3-2-параграф. Ұңғыма тереңдігін өлшеу
67. Ұңғыма тереңдігін өлшеуді бұрғылау процесінде кезең сайын жүргізеді: забойлық керндерді іріктеу, каротаж жүргізу, инклинометрлік өлшеулер жүргізу, температураны өлшеу, грунттарды бүйірлік грунт тасығыштармен іріктеу және басқа жұмыстар кезінде.

Ұңғыма забойының тереңдігін бұрғылау процесінде, ұңғыманы бұрғылау аяқталған соң және забойлық керндерді іріктеу кезінде-бұрғылау құбырларының көмегімен, ал қалған жағдайларда каротаждық кабельдің көмегімен өлшейді.

68. Бұрғылау құбырларының ұзындығын өлшеуді салыстырғыш болат таспамен немесе болат рулеткамен (20 м кем емес ұзындығы бар) қабылдау көпірінде 1 см артық емес шекті қатемен екі рет жүргізеді. Құбырдың түпкілікті ұзындығы үшін екі өлшеудің орташасын қабылдайды. Әрбір құбырды өлшеу нәтижелерін бұрғылау журналына толтырады, онда құбырлардың ұзындығын оларды ұңғымаға түсіру кезектілігі бойынша жүйелі түрде жазады.

Ұңғыма тереңдігін бақылап анықтауды каротаждық кабель бойынша инклинометрлік өлшеулер кезінде жүргізеді.

Бұрғылау құбырлары және кабель бойынша орындалған, өлшеу нәтижелері арасындағы айырмашылық өлшенетін тереңдіктен 0,1 % артық рұқсат етіледі. Өлшеу нәтижелерін бұрғылау журналында және каротаждық диаграммада белгілейді.

69. Ұңғымалардағы зерттеулердің және жұмыстардың түрлеріне байланысты каротаждық кабельдің көмегімен тереңдікті өлшеуді кабельдегі белгілер бойынша немесе есептеуіш бойынша жүргізеді.

Инклинометрлік өлшеулер кезінде тереңдіктерді есептеуді әрбір 100-200 м кейін кабельдегі белгілері бойынша оның көрсеткіштерін міндетті бақылау кезінде есептеуіш бойынша жүргізеді. Кабель бойынша орындалған тереңдіктерді бақылап есептеуді журналға жазады, оның нысаны қосымшада келтірілген.

70. Кабельдің көмегімен ұңғыманың тереңдігін өлшеуді берілген аспаппен ротор үстелінің бетіне дейін өлшеу нүктесінен жүргізеді. Кабельде қолданылатын аспапқа сәйкес, бірінші белгінің мәнін алдын ала анықтайды және олардың тереңдіктерді есептеу нүктесі (ротор үстелінің беті) арқылы өту шамасына қарай белгілер санын жүйелі түрде белгілейді.

71. Ұңғыма тереңдігін өлшеу кезінде каротаждық кабельдің көмегімен келесі талаптарды сақтау ұсынылады:

1) диаграммада белгіленген көршілес белгілер арасындағы арақашықтықтардың кабельдегі сәйкес белгілер арасындағы арақашықтық ауытқуы диаграмма масштабында 2 мм аспайды;

2) ұңғыманы тереңдіктердің елеусіз интервалдарында зерттеу кезінде диаграммада кабельдің ұзындығын екі немесе одан артық белгілер шамасында көрсетеді.

Ұңғыманың тереңдігін кабельдегі белгілер бойынша өлшеудің дұрыстығын бақылау үшін:

1) кейінгі каротажды басқа кабельмен жүргізеді;

2) кейінгі каротаж кезінде ұңғыманың бұрын каротаждалған интервалын 50 % кем емес өлшемдермен жабады, ал бұл учаскеде анық айқындалған аномалиялар болмағанда жабу интервалын оларды алғанға дейін ұлғайтады; негізгі және қайта өлшеу арасындағы тереңдіктерді анықтаудағы айырмашылықтар 6-кестеде келтірілген шақтамалардан артық бола алмайды;

3) диаграммада баған башмағының тереңдігін белгілейді;


4) кабельде 500-700 метрден кейін негізгі белгіден 0,8-1,5 м арақашықтықта екі жақтан бақылау (сигналдық) белгілерін бекітеді, олар диаграммаларда негізгілермен қатар тіркеледі;

5) каротаждық кабель бойынша және бұрғылау құбырлары бойынша алынған тереңдіктерді салыстыру; салыстыру нәтижелерін каротаждық диаграммаға және бұрғылау журналына жазады.

72. Каротаждық кабельде тереңдіктерді белгілері бойынша өлшеу дәлдігін бағалауды ұңғыманың (немесе ұңғымалардың) каротажбен жабылған учаскелерінде тәуелсіз қосарлы өлшеу нәтижелері жүргізеді.

Бұл өлшемдерді сол және бір шарттарда, бірақ әр түрлі кабельдердің көмегімен жүргізеді. Ол үшін жабылған учаскелер бойынша сол және бір нүктелердің тереңдігін өз араларында салыстырады және олардың арасындағы айырмашылықтарды есептейді. Айырмашылықтардың сандық мәндері 6-кестеде келтірілген шақтамалардан аспайды.

Алаң немесе шоғыр үшін тереңдіктерді өлшеудің орташа квадраттық қатесін қосарлы өлшеулер айырымдары бойынша анықтайды.

6-кесте
Негізгі және қайта өлшеулер арасындағы тереңдіктерді анықтаудағы

жол берілетін айырмашылықтар


Тереңдігі, м

Жол берілетін айырмашылықтар, м

1 дейін

1-2 дейін

2-3 дейін

3-4 дейін

4-5 дейін

5-6 дейін

6 жоғары


1,0

1,5


2,0

2,5


3,0

4,0


5,0

73. Тереңдіктерді есептеуіштің блок-балансының ролигі арқылы өткізілген, каротаждық кабельдің ұзындығын белгілейтін, есептеуіш бойынша өлшеуді инклинометрлік өлшеу кезінде жүргізеді.

Тереңдіктерді есептеуіш бойынша анықтау кезінде:

роликтің блок-балансы диаметрінің каротаждық кабельдің типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді;

кабельді ұңғымадан көтерген кезде оны шаяды;

қыста жұмыс істегенде, блок науасында мұз болмауын қадағалайды.

74. Тереңдіктерді есептеуіш бойынша және кабельдегі белгілері бойынша өлшеудегі жол берілетін айырмашылықтар өлшенетін ұзындықтың 0,1 % артық бола алмайды. Айырмашылықтар көрсетілген шақтамадан асқан және салыстырылатын тереңдіктер арасындағы айырмашылықтардағы өзгерістерде заңдылықтар орын алған жағдайда, есептеуіш көрсеткіштеріне сәйкес түзетулер енгізеді.

Есептеуіш көрсеткіштері мен кабельдегі белгілері бойынша өлшемдер арасындағы айырмашылықтарды заңсыз өзгерту кезінде есептеуішті түзету немесе айырбастау, содан кейін өлшеуді қайталайды.



3-3-параграф. Инклинометрлік өлшеулер
75. Инклинометрлік өлшеулер кезінде ұңғыма осінің жеке нүктелердегі бағытын сипаттайтын элементтерді белгілі интервалдардан кейін анықтайды.

Сонымен бірге ұңғыма осінің вертикальдан θ ауытқу бұрышын және ұңғыманы өлшеу интервалы арқылы өтетін, вертикаль жазықтықтың магниттік азимутын А т анықтайды.

Дирекциялық бұрыш α мына формула бойынша есептеледі:

αт+(δ-γ),

мұнда Ат-магниттік азимут;

γ және δ-сәйкес түрде, өз таңбасымен алынған, меридиандардың жақындау және магнит нұсқарының бұрылу бұрыштары.

76. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын жеке нүктелерде (берілген интервалдар арқылы) анықтауды әр түрлі типті инклинометрлердің көмегімен жүргізеді, оларда бір түсіргендегі өлшеулер саны шектелмеген және өлшенетін шамалар кабель бойынша қашықтан беріледі.

Инклинометрлік өлшеулерді инклинометр көтерілген кезде оның өту шамасына қарай ұңғыманың жеке учаскелері бойынша жүргізеді. Өлшеулерді инклинометр толық тоқтаған соң 10-15 секундтан кейін жүргізеді. Бірінші өлшеуді θ<10° ауытқу бұрышында забойдан 5 м артық және θ>10° болғанда 10 м артық емес арақашықтықта жүргізеді.

Кейінгі өлшеулерді ұңғыма осінің тігінен ауытқу шамасына байланысты келесі интервалдардан кейін жүргізеді:

θ<5° болғанда 50 м артық емес;

5°<θ<10° болғанда 20 м артық емес;

10°<θ<20° болғанда 10 м артық емес;

θ>20° болғанда 5 м кейін.

77. Көлбеу-бағытталған ұңғымалар үшін инклинометрлік өлшеулер интервалдарын көлбеу ұңғыма кескінінің учаскелеріне байланысты қабылдайды.

Тік учаскені-10 м кейін, ал сирек жағдайларда-20 м кейін өлшейді; көлбеу учаскені кесу нүктесіне тікелей жақындықта болатын ұңғыманың тік учаскені 5 м интервалмен өлшейді; қисықтықты теру учаскесін 5 м кейін өлшейді; тұрақтандырғышы бар бұрғылау учаскесін ауытқу бұрыштарының шамасына байланысты 10 немесе 5 м кейін өлшейді.

Азимутты соңғы анықтауды шеген құбырлар бағанының башмағынан төмен (10 м кем емес), ал вертикальдан ауытқу бұрыштарын өлшеуді көрсетілген интервалдардан кейін кондукторда жалғастырады. Инклинометрлік өлшеу нүктесінің тереңдігін есептеуіш бойынша анықтайды.

78. Инклинометрлік анықтаулар процесінде бақылау өлшемдерін:

ұңғыма забойының жанында;

әрбір 10 өлшеуден кейін;

ауытқу бұрышы мен азимуттың күрт өзгеретін жерлерінде жүргізеді.

Қайта инклинометрлік өлшеулер кезінде алдыңғы өлшеудің 3 кем нүктелерін жабады. Ауытқу бұрыштарындағы және азимуттардағы айырмашылықтар 7-кестеде көрсетілген шақтамалардан артық бола алмайды.

79. Оларда өлшеулер бөліктер бойынша 4-5 рет жүргізілген, ауытқу бұрыштары 10° артық ұңғымаларда, бұрғылауды аяқтаған соң 10 м кейінгі интервалмен және бұрыш пен азимуттың күрт өзгеру учаскелерінде нүктелерді 5 м дейін жиілетумен барлық ұңғыма бойында инклинометрмен өлшеулер жүргізеді.

80. Тігінен және азимуттардан ауытқу бұрыштарының негізгі және қайта мәндері арасындағы айырмашылықтар 7-кестеде келтірілген мәндерден артық бола алмайды.

7-кесте
Тігінен және азимуттан ауытқу бұрышының рауалы айырмашылықтары

Тігінен ауытқу бұрышы

Жол берілетін айырмашылықтар (градус)

тігінен ауытқу бұрышы:

азимуттың

2-5


5-Ю

Ю-50


50 жоғары

1

I

I



2

4


-

20

10



10

10

81. Негізгі және қайта инклинометрлік өлшеулер деректерін ауытқу бұрыштарын және ұңғыма діңі бағытының азимуттарын өлшеу журналына енгізеді.

82. Өлшеулер нәтижелерін өңдеудің алдында қайта өлшеулер деректерін пайдаланып, олардың дәлдігін бағалауды мына формула бойынша жүргізеді:



m =

m-жеке өлшеудің орташа квадраттық қатесі;

d-қосарлы өлшеулер арасындағы айырмашылық;

n-қосарлы өлшеулер саны.

83. Жоғарыда келтірілген талаптарды қанағаттандыратын, инклинометрлік өлшеулер деректерін далалық журналдан инклинометрлік өлшеулерді өңдеу журналына көшіріп жазады (8-қосымша).

Негізгі және қайта өлшеулер деректері бар учаскелер үшін, журналға олардың орташа мәндерін жазады. Онда азимуттарды өлшеуді жүргізбейтін, ұңғыманың саға маңындағы учаскесінде (кондукторда), азимут кондукторға жақын нүктелерде екі өлшеудің ортаңғысына тең мәнін, ұңғыманың көрсетілген интервалының төменгі жартысына таратады.

Ұңғыма учаскесінің жоғарғы және төменгі шекараларындағы өлшеулер бойынша әрбір интервал үшін ұңғыма осінің және азимутының ауытқу бұрышының орташа мәндерін анықтайды.

84. Тереңдіктерді және тігінен ауытқу бұрыштарын өлшеу деректері бойынша ұңғыма оқпанының тігінен ауытқуы үшін түзетуді және ұңғыманың тігінен тереңдігін есептейді.

Ұңғыманың жеке интервалының тігінен ауытқуы үшін түзетуді (Δi) мына формула бойынша есептейді



Δi=li-li cosθ,

мұнда l i -интервал ұзындығы;



θi -интервалдың вертикальдан ауытқу бұрышы.

Ұңғыма осінің вертикальдан ауытқуы үшін түзетуді тігінен ауытқудың 1° артық бұрышы кезінде есепке алады.



Δi түзетулерін инклинометрлік өлшеулерді өңдеу журналына және онда көрсетілген тереңдіктеріне сәйкес каротаждық диаграммаларға жазады.

Ұңғыма осінің тігінен ұңғыманың белгілі тереңдігіне ауытқуы үшін түзетуді ΔLi интервалдық түзетулерді қосындылаумен мына формула бойынша анықтайды



n

ΔLi = Δli

1

85. Ұңғыманың кез келген нүктесінің оның сағасынан тік тереңдігі (Н) екі тәсілмен анықталуы мүмкін:

1) ұңғыманың сағасынан берілген нүктеге дейінгі учаскесінің өлшенген L ұзындығынан ұңғыма осінің тігінен ауытқуы үшін жиынтық түзетуді ΔL шегеру жолымен:

n

Н= L – ΔL = L - ∑Δli

1

2) интервалдық тік құраушыларды мына формула бойынша қосындылаумен:



n

H = hi

1

мұнда H-өлшеу интервалының тік проекциясы;



n-өлшенген интервалдар саны.

3-4-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнын анықтау
86. Ұңғыма оқпанының горизонталь проекциясын (инклинограмманы) инклинометрлік өлшеулер нәтижелері бойынша салады. Инклинограммалар салуды 1:100, 1:200, 1:500, 1:1000 және 1:2000 масштабтарында жүргізеді. Инклинограмма масштабын жоспарда тігінен ауытқыған ұңғыма интервалдарының проекциялары 0,3 см кем емес болатындай есеппен таңдайды. Инклинограмма координаталарының басы үшін ұңғыма сағасын қабылдайды.

2° кем ауытқу бұрыштары бар ұңғымалар интервалдарын тік деп санайды.

Инклинограммаларды келесі тәсілдердің біреуімен салады:

1) дирекциялық бұрыштар (αi) және ұңғыма интервалдарының горизонталь жазықтыққа проекциялары (Si) бойынша геодезиялық транспортирдің және масштабтық сызғыштың көмегімен; горизонталь проекцияның шамасын (Si) мына формула бойынша есептейді Si_=li sin θi немесе кестелер бойынша анықтайды.

Дөңгелек номограммалардың көмегімен-инклинометрлік өлшеулер интервалдарының шамалары (li,), дирекциялық бұрыштар (αi) және тігінен ауытқу бұрыштары (θi) бойынша;

2) мына формулалар бойынша есептелетін, ұңғыма осі нүктелерінің (Х, У) координаталары бойынша:

к к

Xк = X0+Δхi = X0+Si cosαi

i =1 i=1
к к

Ук=У0+ Δуi = У0+∑Si sinαi

i=1 i=1

мұнда Х0, У0 -ұңғыма сағасының координаталары; Δхi, Δуi-координаталар өсімшелері; Si-ұңғыма интервалының горизонталь жазықтыққа проекциясы; αi-дирекциялық бұрыш.

87. Инклинограммада абсциссалар және ординаталар діңінің бағытын сағаның екі жағынан 10 см кем емес етіп көрсетеді; инклинограмма масштабын және ұңғыма забойының горизонталь жазықтықта ауытқуын көрсетеді; ауытқудың дирекциялық бұрышы.

Инклинограммаға оны құрастырушы, партия бастығы және кәсіпшілік-геофизикалық ұйымының бас (аға) геологы қол қояды.

Оқпанның тік проекциясын 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтарында салады.

Ұңғыманы бұрғылауды жобалық мәнге тең немесе одан елеусіз шамаға (8° дейін) ерекшеленетін азимутта жүргізген жағдайларда, ұңғыма осінің вертикаль проекциясын ұңғыманың қисаю жазықтығында салады.

88. Ұңғыма осінің вертикаль проекциясын салуды мына формулалар бойынша есептелетін, ұңғыма интервалдарының жиынтық, вертикаль (Н) және горизонталь (S) проекциялары бойынша жүргізеді:



n n n n

Н = ∑h i = ∑ li cos θi ; S = ∑Si = ∑ li sinθi

1 1 1 1


Егер нақтылы азимут жобалық азимуттан едәуір ерекшеленсе, горизонталь проекция шамасына, онда проекцияларды салу шешілген жазықтық азимутының және ұңғыманың берілген нүктедегі нақтылы азимуты арасындағы бұрыштың ω косинусына тең түзетуді енгізеді. Онда горизонталь проекцияға арналған формула мына түрді қабылдайды:

Si =li sinθi cos ω i

Кескінді салу жазықтығының азимуттық орны, ұңғыманың және аршылатын мұнай қатының өзара орны ең аз бұзылатындай етіп таңдалады.

89. Құрылымдық карталарды, мұнай жапсарының карталарын салу үшін және шоғырларды геометрияландырумен байланысты, басқа міндеттерді шешу үшін ұңғымалардағы геологиялық қимаға тән нүктелердің белгілерін анықтайды. Ұңғыма осіне тән нүктелердің белгілерін (Z) мына формула бойынша анықтайды:

Z = Z у-(L - ΔLi ),
мұнда Z у-ұңғыма сағасының белгісі, м;

L-ұңғыманың сағадан берілген нүктеге дейінгі тереңдігі, м;

ΔLi-ұңғыма осінің тігінен берілген тереңдікке ауытқуы үшін жиынтық түзету, м.

3-5-параграф. Ұңғыма осінің кеңістіктік орнының

қателерін анықтау
90. Барлық ұңғыма бойында көп мәрте тәуелсіз өлшеулер бар болғанда пландық орынды (Мпл) анықтау қатесін әрбір инклинометрлік өлшеу нәтижелері бойынша алынған жеке нүктелер орнының ортаңғы (ықтимал) орнынан ауытқулары бойынша есептейді. Оқпан нүктесінің ықтимал орны былай табылады:

1) нүктені екі мәрте анықтау кезінде-екі өлшеу деректері бойынша алынған, екі нүктені қосатын кесіндінің ортасында;

2) көп мәрте анықтау кезінде-көп мәрте анықтау нәтижесінде алынған нүктелерді тізбекті қосқан кезде құрылған фигураның ауырлық центрінде.

91. Ұңғыма осіне тән нүктелердің пландық орнын пл) анықтау қатесі ұңғымадағы өлшеу қателерімен (Мпл.өлш) және ұңғыма діңінің горизонталь проекциясын графикалық салу қателерімен (Мпл.гр) себептеледі және мына формула бойынша анықталады:



Мпл.=±
Ұңғымадағы өлшеулер қателерімен (Мпл.өлш) себептелген, ұңғыма осіне тән нүктелердің пландық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесі мына формула бойынша анықталады:
Мпл.өлш.=∑ li2 cos θi mθ2+∑ li2 sin θi2 m2А ,
мұнда li-инклинометрлік өлшеу интервалы;

θi-ұңғыма діңінің вертикальдан ауытқу бұрышы;

mθ; mА -сәйкес түрде ауытқу бұрышын және азимутты өлшеудің орташа квадраттық қателері, радиандармен өрнектелген.

Пландық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесінің шамасын Мпл.өлш арнайы номограмма бойынша, сәйкес түрде: ұңғымаға тән нүктенің тереңдігі, өлшеу интервалы және ұңғыманың зерттелетін учаскесінің вертикальдан ауытқуының ортаңғы бұрышы бойынша анықтауға болады (9-қосымша).

92. Планды графикалық салу қателерімен (Мпл.гр.) себептелген, ұңғыма осі нүктелерінің жоспарлық орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесі мына формулалар бойынша есептелуі мүмкін:

геодезиялық транспортирдің және масштабтық сызғыштың көмегімен салу кезінде



М пл.гр. = ± 0,4 мм N;

дөңгелек номограмманың көмегімен салу кезінде



Мпл.гр.= ± 0,7 мм N,

мұнда N-масштабтың бөлгіші;



n-салу интервалдарының саны.

Мпл.гр. шамасы номограмма бойынша (10-қосымша) салу интервалдарының саны және масштабы бойынша.

Координаталар бойынша инклинограмманы салған кезде ұңғыма діңінің кез келген нүктесі орнының орташа квадраттық қатесін (Мпл.гр) мына формулалар бойынша есептейді:

1) ЛБЛ немесе Дробьшев сызғышының көмегімен тіктөртбұрышты координаталық торды салған кезде

Мпл.гр..=±0,2 мм N:

2) миллиметрлік қағазда инклинограмманы салған кезде



Мпл.гр.=±0,4 мм N .

93. Геологиялық қима нүктелеріне тән жоспарлық орынды анықтаудың орташа квадраттық қателері 6-кестеде көрсетілген, рауалы мәндерден жоғары бола алмайды.

94. Жиынтық вертикаль құраушының және жиынтық горизонталь құраушының бөліну қателерімен себептелген, тік проекцияның кез келген нүктесін салудың орташа квадраттық қатесі салу тәсілі мен масштабына байланысты болады және мына формула бойынша есептеледі:

Мв.гр. = ± α ,

мұнда α-бір шаманы (Н немесе S) салу дәлдігі.

Сызбалық қағазда масштабтық сызғышты пайдалану арқылы вертикаль проекцияны салған кезде "α" шамасы-0,2 мм тең, миллиметрлік қағазда- "α" 0,4 мм тең етіп қабылданады.

95. Ұңғыма діңіне тән нүктелердің белгілерін анықтаудың орташа квадраттық қатесін (Мz) берілген алаң үшін мына формула бойынша есептейді:



Мz=,

мұнда mzy-ұңғыма сағасының белгісін анықтау қатесі;



mL-тереңдікті анықтау қатесі;

mш.-тау жыныстарын каротаждық диаграмма бойынша бөлу шекарасын шыңдау қатесі.

mL және mш қателерінің мәндерін барлық аудан үшін берілген аудан ұңғымаларының жалпы санынан 3-5 % құрайтын, ұңғымалар саны кезінде ұңғымалардағы өлшеулер негізінде, бірақ кем дегенде 5 ұңғыма бойынша анықтайды.

mzy қатесін ұңғымалар сағаларының биіктіктік орнын анықтаудың орташа квадраттық қатесіне тең етіп қабылдайды.

mL қатесін негізгі және қайта өлшеулер арасындағы айырмашылықтар бойынша есептелген, жеке ұңғымалардағы тереңдіктерді өлшеудің орташа квадраттық қателерінің мәндерінен орташасы ретінде анықтайды.

mотб. қатесін төмендегі формула бойынша анықталатын, жеке ұңғымалардағы нысаналы горизонтты шыңдаудың орташа квадраттық мәндерінен орташасы ретінде есептейді:

mотб.=

δ-каротаждық диаграммаларда тереңдіктің орташа мәнінен зондтардың әр түрлі типтерімен тіркелген, нысаналы горизонт тереңдігінің ауытқуы;

n-зондтар саны.

Ұңғыма діңіне тән нүктелердің белгілерін анықтаудың шекті қатесі 4-кестеде келтірілген шақтамалардан жоғары бола алмайды.

96. Ұңғымадағы геологиялық қимаға тән нүктенің белгілерін анықтаудың орташа квадраттық қатесі номограмма бойынша ұңғыма тереңдігіне, өлшеу интервалына және ұңғыманың зерттелетін учаскесінің вертикальдан ауытқуының ортаңғы бұрышына сәйкес, 6 және 7-кестелерде келтірілген, ұңғымадағы өлшеулерге қойылатын талаптарды орындау шартында (11-қосымша) анықталуы мүмкін.

97. Берілген алаңның геологиялық тілігіне тән нүктелердің жоспарлы-биіктіктік орнын анықтау дәлдігін бағалауды бірдей тереңдігі мен кескіні бар әрбір топтың кем дегенде үш ұңғымасы бойынша жүргізеді. Алаңда 10 кем ұңғыма бар болғанда барлық ұңғымалар бойынша анықтау жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет