Мобильді ХҚко көшпелі қызмет көрсетеді «Халыққа қызмет көрсету Орталығы»



Дата01.07.2016
өлшемі11.25 Kb.
#170253
Мобильді ХҚКО көшпелі қызмет көрсетеді
«Халыққа қызмет көрсету Орталығы» Арал аудандық бөлімінің шалғай елді-мекендерді аралап қызмет көрсетететін «Мобильді ХҚКО» қызметкерлері ай сайын баспасөз бетіне және Арал ауданы әкімдігінің сайтына жарияланатын кесте бойынша тұрақты түрде қызмет етіп келеді. Жоғарыда айтып өткендей, шалғай елді-мекендерден аудан орталығына қатынасуы қиын тұрғындарға ХҚКО-ның барлық қызметін алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, мобильді ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде 1 және 2 топ мүгедектеріне көрсетілетіндігін атап өту керек.

Енді «Халыққа қызме көрсету Орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Зейнетақы төлеу орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының бірлескен жұмыс жоспарына байланысты, «Мобильді ХҚКО» мен бірге ауылдарға қызмет көрсету үшін сапарға зейнетақы төлеу орталығының мамандары да шығатын болды. Атап айтсақ, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Арал аудандық бөлімшесінің маманы ХҚКО Арал аудандық бөлімінің «Мобильді ХҚКО» тобымен бірге сапарға шығып, өз саласының шеңберінде қызмет көрсетеді. Яғни, бала туғанда және бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау т.б. қызметтер бойынша қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, халық арасында аталған қызметтерге байланысты жадынамалар таратылып, кеңестер беріледі.

Бұл сапардың мақсаты, шалғай ауыл тұрғындарын ЗТМО бойынша көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіп, құқықтық кеңестер беру.

 



ХҚКО Арал аудандық әкімшілігі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет