Модуль 04: «Іргелі білім»


Ленгмюр адсорбцияланған молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу күштерін ескермегендігін айта кету керек. Осы қағидаларға сәйкес Ленгмюр



бет32/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Ленгмюр адсорбцияланған молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу күштерін ескермегендігін айта кету керек.
Осы қағидаларға сәйкес Ленгмюр газдар мен еріген заттардың тұрақталған адсорбция изотермасының жалпы теңдеуін қорытып шығарды.
немесe басқаша
Егер С Г=Г Егер СВ Г=Г Егер СВ Г=1/В Г С
Ленгмюр өз теңдеуін қортындылар кезде адсорбциялық қабатты бір молекулалық н/е мономолекулалық қабаттан тұрады деді.
Мұндағы b=ka/kд, адсорбциялық активтілік шамасы, ka және kд – белгілі бір температурадағы сәйкесінше адсорбция және десорбция константалары.
Бұл Ленгмюрдің адсорбция изотермасы теңдеуі.
Барлық еритін заттар өздерінің сұйықтық-газ жанасу шегіндегі адсорбциялану қабілетіне орай 2 топқа бөлінеді: беттік активті заттар, беттік активті емес заттар.
Беттік активті заттардың беттік керілуі еріткіштікінен аз болуы керек. Олардың ерігіштік қабілеті нашар болады және де жеке молекулалық өте жұқа адсорбциялық қабат пайда болады, ол адсорбент бетінің қасиеттерін күрт өзгереді.
БАЗ бетте жиналатын болғандықтан, оң адсорбция болады, яғни Г0.
БАЗ: молекулалық; анион активті; катион активті. Барлық БАЗ ортақ сипаттардың бірі – молекулаларының полюсті және полюссіз 2 бөлшектен тұратыны. Полюсті топқа ОН, СООН, NH2 – гидрофильді, ал полюссізге көмірсутекті және ароматты радикалдар жатады – гидрофобты. Шарты түрде О, сызықша – полюсіз бөлігі, ал дөңгелек – полюсті.
Заттардың беттік активтілігі және соған орай адсорбциялау қабілеті полюсті топтың табиғатына, молекула құрылысы мен көмірсутекті тізбектің ұзындығына тәуелді болады. Қосылыс құрамына енетін көмірсутекті тізбек ұзындығы артқанда (органикалық карбон қышқылдары), олардың судағы ерігіштігі нашарлай береді, яғни қышқыл құрамындағы көмірсутекті тізбек әрбір –СН2- тобына көбейген сайын, олардың адсорбциялау қабілеті шамамен 2-3 есе артады екен. Бұл Траубе-Дюкло ережесі деп аталады. Траубе-Дюкло ережесі тек аса сұйық, төменгі концентрациядағы ерітінділер үшін ғана қолданылады. Бұл ереже тек органикалық қосылыс емес спирттер, аминдер т.б. гомолықтық қатарда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет