Модуль 04: «Іргелі білім»


Калориметр тұрақтысын анықтау



бет56/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Калориметр тұрақтысын анықтау
Калориметрлік тәжірбиенің жылу балансын келесідей теңдеумен жазуға болады:
(2.1)

мұндағы ΔН–калориметрде өтетін процестің жылу эффектісі; K – калориметр тұрақтысы.


Зерттелінетін процестің ΔH есептеу үшін калориметр тұрақтысын K білу қажет. Калориметр тұрақтысы K физикалық мәні бойынша калориметр жылусыйымдылығы болып табылады және сандық жағынан калориметрдің барлық бөлігін бір градусқа қыздыруға қажетті жылу мөлшеріне тең. Калориметр тұрақтысын электрлік әдіспен анықтайды. Ол үшін калориметрді 2.1 суреттегі сызбанұсқаға сәйкес құрастырып, Бекман термометрін орнатады.
Араластырғыш пен секундометрді қосады. Әрбір минут сайын Бекман термометрі бойынша температураны ұлғайтқыш көмегімен 0,002-0,003 градус дәлдікпен өлшейді.
Калориметрдің сыртқы ортамен жылу алмасу салдарынан калориметрлік сұйықтық температурасының жоғарлауы да, төмендеуі де байқалауы мүмкін.
Калориметрдегі температура шамамен минут сайын 0,01 градус болып тұрақтанғаннан кейін, 10 рет «алдын ала кезең» температурасын өлшейді. Кейін 1-2 минут (уақытты секундомермен дәл өлшейді) электромотор 12 қосады (сур.2.1). Амперметр көрсеткішін және ток өту уақытын жазады. Токты өшіріп, 10 минут бойы «қорытынды кезең» температурасын өлшейді. Температура өлшеу нәтижелерін кестеге енгізеді.



Тәжірибе уақыты, мин.

Алдын алакезең

Негізгі кезең

Қортындыкезең

0



10

11



14

15



25

Бекман термометрінің көрсетуі, 0С




























Жүйеге ток жіберу нәтижесінде алған жылу мөлшерін келесі теңдеумен есептейді:


(2.2)
мұндағы -ток жібергенде бөлінген жылу мөлшері, Дж; I – ток күші, А; Rқыздырғыш кедергісі, Ом; τ – ток жіберу уақыты, с.
Температураны өлшеу негізіндегі нәтижелер бойынша миллиметрлі қағазға температура өзгерісінің уақыттан тәуелділік қисығын тұрғызады (сур.2.3). Тұрғызған графиктен калориметрлік тәжірибе кезіндегі температура өзгерісін t анықтайды. Ол үшін В және С нүктелерінордината осьіне проекциялап, кесінді ортасын mn табадыжәне kp қисығын жүргізеді. I нүктесі арқылы вертикаль жүргізеді. АВ және СD қисықты бөлігін вертикаль қисықтағы Е және F нүктелерімен қилысқанға дейін экстраполяциялайды. EF кесіндісі калориметрлік тәжірибенің температура өзгерісіне t сәйкес келеді. t және мәндері бойынша 2.1–теңдеуге сәйкес калориметр тұрақтысын K есептейді.



Сур. 2.3. Калориметрлік тәжірибе барысында температура өзгерісін анықтау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет