Тақырып 5. Бейэлектролит ерітінділері
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар
1. Рауль заңы.
2. Генри заңы.
3.Ерітінділердің қату температурасының төмендеуі мен қайнау температураларының жоғарылауы.
4. Эбуллиоскопия және криоскопия.
5. Еріген заттың молекулалық массасын анықтау.
6. Осмос. Осмостық қысым.
Бақылау сұрақтары
1.Неліктен ерітіндідегі еріткіштің қаныққан бу қысымы таза еріткішке қарағанда әрқашан аз болады?
2. «Идеал ерітінді» деген не?
3.Рауль заңының математикалық өрнегін жазыңдар және мағынасын айтыңдар.
4. Рауль заңынан оң және теріс ауытқушылықтың себебі неде?
5. Генри заңының мағынасы.
6. Рауль-Генридің біріккен заңын өрнектеңдер.
7. Шексіз сұйытылған ерітінділерге анықтама беріңдер.
8. Коновалов заңының мағынасы.
9. Еріген заттың молекулалық массасын анықтау әдістерін сипаттаңдар.
Ерітінділер концентрациясы
Концентрация – ерітінділердің маңызды сипаттамаларының бірі. Концентрация еріген зат пен еріткіштің қандай қатынаста (массалық немесе көлемдік) алынғанын көрсетеді. Ерітінділер концентрациясын өрнектеудің бірнеше түрлері бар. Ерітіндінің қандай да бір қасиетін сипаттау үшін ерітіндінің қасиеті мен концентрациясы арасындағы қарапайым тәуелділікті беретін концентрацияны қолданамыз. Коллоидтық және физикалық химиядан есептер шығару кезінде концентрацияны өрнектеудің бір түрінен екінші түріне ауысуға тура келеді.
Анықтамалар
Проценттік концентрация (массалық үлес %) деп 100 г ерітіндіде еріген заттың грамм мөлшерін көрсететін шаманы айтады (өлшем бірлігі г / 100 г ерітінді).
Молярлық концентрация деп ерітіндінің 1 литрінде еріген заттың зат мөлшерін көрсететін шаманы айтады (өлшем бірлігі моль/л).
Нормальдық концентрация (моль-эквиваленттік) ерітіндінің 1 литрінде еріген заттың моль-эквиваленттерінің санын көрсететін шаманы айтады. (өлшем бірлігі моль-эквивалент/л).
Моляльдық концентрация деп еріткіштің 1000 грамында еріген заттың зат мөлшерін көрсететін шаманы айтады (өлшем бірлігі моль/1000 г еріткіш).
Молярлық (мольдік) үлес немесе молярлық пайыз ерітіндінің жалпы моль санының қанша бөлігін еріген зат (немесе еріткіш) құрайтындығын көрсетеді. Егер еріткіштің моль санын na деп, ал еріген заттың моль санын nb деп белгілесек, онда еріген заттың молярлық үлесі:
ал еріткіштің молярлық үлесі:
Қосындысы Na + Nb =1.
Молярлық үлесті 100 есе арттырғанда молярлық пайыз деп аталады.
Кесте 3 - Ерітінділер концентрацияларын бір түрден екіншісіне айналдыру
формулалары
Концентрация
|
А
|
Н
|
М
|
L
|
Проценттік (г/100 г ер-ді, салмақ %, масс %) А=
|
А
|
|
|
|
Нормальдық
Н=
|
|
Н
|
|
|
Молярлық
М=
|
|
|
М
|
|
Моляльдық
L=
|
|
|
|
L
|
Алынған белгілеулер:
ρ – ерітіндінің тығыздығы, г/см3;
Мз – еріген заттың мольдік массасы, г;
Э – еріген заттың эквиваленттік массасы, г.
Есептер шығаруда келесі анықтамаларды қолдану пайдалы:
1. Қышқыл эквиваленті = Қышқылдың мольдік массасы / Сутек атомдар саны.
2. Негіз эквиваленті = Негіздің мольдік массасы / Гидроксил топ саны.
3. Тұз эквиваленті = Тұздың мольдік массасы / n · Z,
мұндағы n – металл иондары саны;
Z – металл ионының заряды.
Қ.ж 1 моль газ (1,013·105 Н/м.,760 мм сын.бағ., 1 атм., 0 0С, 273 К) 22,4 л = 2,24 · 10-2 м3 тең.
Достарыңызбен бөлісу: |