«Сұйықтық – бу» тепе-теңдігі
Қарапайым түрдегі тәуелділік Рауль-Генри заңымен өрнектеледі: кез-келген ерітінді компонентінің қаныққан парциал бу қысымы оның мольдік (молярлық) үлесіне пропорционал:
Егер ерітінді екі элементтен тұрса және оның бірі ұшыш емес болса (мысалы, еріген зат), онда ерітіндідегі бу қысымы таза ерітіндідегімен (р0) салыстырғанда аз болады:
N2 – еріген заттың мольдік үлесі.
Ерітінділердің қату және қайнау температураларын өлшеу.
Ерітіндінің қайнау температурасы еріген заттың концентрациясының қатынасына тәуелді:
Tқайнау.ерітінді – Тқайнау.еріткіш = EЭ∙СL
мұндағы ЕЭ – эбуллиоскопиялық тұрақты; еріткіштің табиғатына тәуелді және 1 моляльды ерітіндінің таза еріткішпен салыстырғандағы қайнау температурасының өзгерісіне тәуелді;
СL – моляльдық концентрация.
Ерітіндінің қату температурасы еріген заттың концентрациясының қатынасына тәуелді:
Тқату.еріткіш – Тқату.ерітінді = EK∙CL
мұндағы ЕК– криоскопиялық тұрақты; еріткіштің табиғатына тәуелді және таза еріткіштің қату температурасымен салыстырғандағы 1 моляльды ерітіндінің қату температурасының өзгерісіне тең;
СL – моляльдық концентрация.
Ерітіндінің осмостық қысымы (π)
Идеал газдар үшін Менделеев-Клапейрон теңдеуіне аналогты түрдегі еріген заттың концентрациясының қатынасына тәуелді:
мұндағы См – молярлық концентрация;
R – универсал газ тұрақтысы;
Т – температура, К.
Еріген заттың қату және қайнау температураларының өзгерісі еріген заттың табиғатына емес, тек концентрацияға тәуелді болғандықтан, еріген заттың молярлық массасын келесі теңдеу бойынша табуға болады:
мұндағы М – еріген заттың мольдік массасы;
Е – сәйкесінше Еэ немесе Ек;
m2 – еріген заттың массасы, г;
m1 – еріткіштің массасы, г;
ΔТ – таза еріткішпен салыстырғандағы ерітіндінің қату немесе қайнау температурасының өзгерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |