Тақырып 6. Электролит ерітінділері
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар
1. Әлсіз электролиттер.
2. Диссоциациялану дәрежесі.
3. Диссоциация константасы.
4. Сұйылту заңы.
5. Күшті электролиттер.
6. Ерітіндінің иондық күші.
7. Активтілік және активтілік коэффициенті.
8. Сутектік көрсеткіш (рН).
9. Меншікті және эквиваленттік электрөткізгіштік.
10. Олардың ерітінді концентрациясына тәуелділігі.
Бақылау сұрақтары
1. Электролит ұғымына анықтама беріңіз.
2. Электролиттердің ерекшеліктері?
3. «Электролиттік диссоциация» дегеніміз не?
4. Әлсіз және күшті электролиттер қалай ажыратылады?
5. Диссоциациялану дәрежесі мен диссоциация константасы өзара қалай байланысты?
6. «Активтілік» және «ерітіндінің иондық күші» дегеніміз не?
7. Дебай және Гюккель теориясының негізгі тұжырымдамалары.
8. Меншікті және эквивалентті электрөткізгіштік өзара қалай байланысты?
9. Иондардың бір-бірінен тәуелсіз қозғалысының заңы (Кольрауш) қалай тұжырымдалады?
10. «Тасымалдау саны» деген не?
Электролит ерітінділері
Өткізгіштің меншікті электрөткізгіштігі деп арақашықтығы 1м2 болатын көлденең қимасының ұзындығы 1м тең зат бағанасының электрөткізгіштігін айтады:
мұндағы R – кедергі, Ом;
l – өткізгіштің ұзындығы, м;
S – көлденең қимасының ауданы, м2.
Меншікті электрөткізгіштік меншікті кедергіге ρ кері шама:
Егер меншікті электрөткізгіштікті 1 м3 ерітіндідегі эквиваленттер санының орнына қойсақ, онда эквиваленттік электрөткізгіштік λ мәнін аламыз:
шамасын сұйылту деп атайды.
Сн – ерітіндінің нормальдық концентрациясы (эквивалент/м3).
Кольрауштың электрөткізгіштік заңына сәйкес электролиттің эквиваленттік электрөткізгіштігі шексіз сұйытылту кезінде λ∞ катиондар lk мен аниондардың la қозғалғыштықтарының қосындысына тең:
Әлсіз электролиттер үшін берілген λ сұйылтудағы электрөткізгіштіктің λ∞ шексіз сұйылтқандағы эквиваленттік электрөткізгіштікке қатынасы электролиттік диссоциациялану дәрежесін α береді:
Диссоциациялану дәрежесі α мен электролиттік диссоциациялану константасы Кдис Оствальдтың сұйылту заңы арқылы өрнектеледі:
мұндағы с=H (эквивалент/литр).
Егер α<<1 болса, онда
1>
Достарыңызбен бөлісу: |