Модуль 04: «Іргелі білім»


Беттік активті емес заттардың ерекшілігі мен сипаты



бет33/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Беттік активті емес заттардың ерекшілігі мен сипаты: еріткішпен салыстырғанда, беттік керілуі артық және жақсы ериді. Олар беттен көлемге қарай қарай ұмтылатын болғандықтан теріс адсорбцияны байқауға болады, яғни Г0. Оларға барлық бейорганикалық электролиттер жатады: қышқылдар, негіздер, тұздар, құмырсқа қышқылы, аминосірке қышқылы сияқты кейбір органикалық еріткіштер жатады. Бұлардың молекулаларында гидрофобтық бөліктері жоқ, суда жақсы еріп онымен гидратталатын иондар береді. Беттік активсіз заттар суда ерігенде, судың беттік керілуін жоғарылатады, өйткені олар өзінің полюсті бөлігімен судың ішкі жағына ортасына ұмтылады да ерітінді бетіндегі концентрация төмендейді.
Гиббс теңдеуі
Г= - с/RTd/dC
d/dC — беттік активтілік. ( эрг/см2*моль н/е Дж/м2*моль)
С- заттың молярлық концентрациясы
R- универсал газ тұрақтысы
Т- температура
Шишковский теңдеуі
∆  =  0 –  =  0 ∙ В ∙ ln(С/A + 1)
В – БАЗ - ң табиғатынан тәуелсіз тұрақты, Т≈20˚С 0,2 тең
1/A – БАЗ тән меншікті капилярлық тұрақты.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай беттік құбылыстарды білесіз?

  2. Физикалық және химиялық адсорбцияның ерекшелігі неде?

  3. Адсорбат, адсорбент дегеніміз не?

  4. Десорбция дегеніміз не?

  1. Адсорбция изотермасы үшін қарапайым теңдеуді айтыңыз (Ленгмюр изомермасының теңдеуі).

  2. Фрейндлих және Лэнгмюр теңдеулеріндегі адсорбция константаларын мономолекулалық теориясы.

  3. Беттік активті заттар. Гиббс теңдеуі. Шишковский теңдеуі



Модуль 4. Коллоидтық химия. Беттік құбылыстар.
Дәріс 8. Мицелла құрылысы.
Дәріс жоспары

  1. ҚЭҚ теориясы. Адсорбциялық қабат. Диффузиялық қабат

  2. Мицелла құрылысы

  3. Әр түрлі заттардың концентрацияларының мицелла құрылысына әсер етуі.



Қысқаша мазмұны
Фазалардың өзара әрекеттесу нәтижесінде фазааралық беттерде қос электрлік қабат пайда болатындықтан, дисперсті жүйелер фазаларының қозғалысын электрлік өрісте де байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет