Модуль 04: «Іргелі білім»


Авогадро заңының салдарынан



бет77/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Авогадро заңының салдарынан. Қалыпты жағдайда (00С немесе 273 К, р=1 атм немесе 760 мм.сын.бағ. немесе 1,013·10-5 Н/м2) кез-келген газдың бір молі 22,4 л көлем алады.

Сондықтан:




Өлшем бірлігі:


6-есеп
Тұрақты қысымда 3 кг неонды қыздырады. Егер температураны 100 0С-ға арттырса, энтальпияның өзгерісін табыңдар.
Шешуі:
(1.7) теңдеуі бойынша
(1.8) теңдеуінен: неон идеал газдар заңына бағынатындықтан:

Өлшем бірлігі: .




7-есеп
1,013·105 Па қысымда 10 г сынапты буландырғанда ішкі энергияның өзгерісін табыңдар. Сынаптың қайнау температурасы – 3570С, бу түзілу жылуы – 1,29·105 Дж/кмоль.

Шешуі:
Шарт бойынша p – const. (1.12) теңдеуінен:



Сұйық сынаптың газ тектес сынаппен салыстырғандағы көлемін ескермесек:






Өлшем бірлігі:
Тапсырма 1
1.1. 0,2 кг оттекті 800С-тан 100С–қа дейін суытқанда көлем өзгермеген жағдайда бөлінген жылу мөлшері қандай?
1.2. 900С-та 2·10-2 кг азоттың қысымы 5·104 Н/м2 құрайды. Изотермиялық сығу барысында қысым 1·105 Н/м2 дейін артты. Сығылу жұмысын есептеңдер.
1.3.Тұрақты қысымда 1 моль сутекті 700С-тан 200С-қа дейін суытқанда бөлінген жылу мөлшері қандай?
1.4. Тұрақты көлемде 5 кг газтектес аммиакты 100С-қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?
1.5. Тұрақты қысымда 22,4 л аргонды 100С-тан 1200С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?
1.6. 350 К-де 2 моль SO2 газының изотермиялық ұлғаю жұмысын есептеңдер. Көлемі 1 м3-тен 5 м3-қа артты.
1.7. Қалыпты жағдайда алынған 3 л неонды -700С-қа дейін суытқан. Егер көлем тұрақты болып қалса, жылу мөлшері қандай?
1.8. 0,2 кг бром 590С және 1·105 Па қысымда конденсацияланған. Бромның меншікті булану жылуы λ = 1,9·105 Дж/кг. Сұйық күйдегі бромның көлемін ескермей, ішкі энергияның өзгерісін есептеңдер.
1.9. Тұрақты көлемде, қалыпты жағдайда алынған 5 л неонды 4000С-қа дейін қыздырады. Қыздыруға жұмсалған жылу жылу мөлшерін есептеңдер.
1.10. Тұрақты қысымда 2 кг криптонды суытқан. Егер температура 1500С-қа төмендесе энтальпияның өзгерісі қандай?
1.11.Тұрақты қысымда 52 кг азотты қыздырады. Егер температура 800С-қа төмендесе энтальпияның өзгерісі қандай?
1.12. 780С температурада 1 кг этанолды буландырғанда ішкі энергияның өзгерісін есептеңдер. Булану жылуы λ=39 кДж/моль тең. Будың меншікті көлемі 28 л/моль. Сұйық этанолдың көлемін ескермеу қажет.
1.13. 250С температурада 0,3 кг суды буландырғанда ішкі энергияның өзгерісі қандай? Судың бу түзу меншікті жылуы λ=44 кДж/моль. Сұйық судың көлемін ескермеу қажет.
1.14.100С-та және бастапқы қысымда 5·106 Н/м2 0,02 м3 оттек қысымы 9·106 Н/м2 дейін изотермиялық ұлғаяды. Ұлғаю жылуын есептеңдер.
1.15. 2·102 Па қысымда көлемі 5 м3-тен 10 м3-қа дейін изобаралық ұлғайған 1 моль неонның ішкі энергиясының өзгерісін табыңдар.
1.16. 1100С-та 6 кг азот 3 м3 көлем алады. Көлемі 4 м3-қа дейін изотермиялық ұлғаю кезіндегі жұмысты есептеңдер.
1.17. Егер 2 кг оттек 400С-да көлемі 0,02-ден 0,2 м3–қа дейін ұлғаятын болса, ұлғаю жұмысы нешеге тең?
1.18.Тұрақты 1·105 Н/м2 қысымда ауа көлемі 0,02 м3-тан 0,3 м3-қа ұлғайды. Ұлғаю жұмысын есептеңдер.
1.19.Тұрақты қысымда 1·104 Па 0,5 м3 сутекті қыздырады. Егер газ 0,9 м3-қа дейін ұлғайса, жұмысты есептеңдер.
1.20.Тұрақты 1·104 Н/м2 қысымда, көлемі 0,3 м3–қа ұлғайған газ тектес жүйенің ұлғаю жұмысын есептеңдер.
1.21. Тұрақты көлемде 0,2 кг азотты 25-тен 600С-қа дейін қыздыру үшін қажет жылу мөлшерін есептеңдер.
1.22. Тұрақты 5м3 көлемде қысымды 5·105 Н/м2-тен 1·106 Н/м2-ке дейін азоттың қысымын арттыру үшін қажет жылу мөлшерін есептеңдер.
1.23. Қалыпты жағдайда алынған 0,05 м3 азотты тұрақты көлемде 2000С-қа дейін қыздырады. Қыздыруға жұмсалған жылу мөлшерін есептеңдер.
1.24. Тұрақты көлемде 2 кг аммиакты 2000С температурада 1·104 Н/м2-ден 5·104 Н/м2-ге дейін қыздыру үшін қажет жылу мөлшерін есептеңдер.
1.25. Тұрақты көлемде 3 кг азотты 200С-тан 500С-қа дейін қыздыру үшін қажет жылу мөлшерін есептеңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет