Модуль 04: «Іргелі білім»



бет86/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Тапсырма 5

5.1. 250С температурада 20%-тік глюкоза (С6Н12О6) ерітіндісінің бу қысымын есептеңдер. Осы температурадағы су буының қысымы 3167,7 Н/м2 тең.


5.2. 200С температурада 90 г бензолдағы 6,4 г нафталин (С10Н8) ерітіндісінің бу қысымын есептеңдер. Бензолдың бу қысымы 9953,8 Н/м2 тең.
5.3. 150 г сулы ерітіндіде 34,2 г қант (С12Н22О11) бар. Егер судың бу қысымы – 4242 Н/м2 тең болса, 300С температурадағы осы ерітіндінің бу қысымы қандай?
5.4. 1000С температурадағы 1%-тік хлорлы натрий (NaCl) ерітіндісінің бу қысымын есептеңдер. Ерітіндідегі тұздың диссоциациялану дәрежесі 1-ге тең.
5.5. 300С температурада бу қысымын 266,5 Н/м2 мәнге төмендету үшін 90 г суда қанша грамм глицеринді (С3Н8О3) еріту қажет?
5.6. 200 г нафталиннің (С10Н8) бензолдағы (С6Н6) ерітіндісінде 60 г нафталин бар. Осы ерітіндінің 400С температурадағы бу қысымын есептеңдер. Бензолдың бу қысымы 24144,6 Н/м2 тең.
5.7. 200С температурадағы 5%-тік анилиннің (С6Н5NH2) эфирдегі ( С2Н5)2О ерітіндісінің бу қысымын есептеңдер. Таза эфирдің бу қысымы 58920 Н/м2 тең.
5.8. Егер ерітінді 100,5 0С-та қайнайтын болса, ерітіндідегі қанттың (С122О)11) концентрациясын анықтаңдар. Судың эбуллиоскопиялық тұрақтысы 0,52 тең.
5.9. 50%-тік судағы қант (С122О)11) ерітіндісі қандай температурада қайнайды (ЕЭ = 0,52)?
5.10. 6,48 г күкірт 80 г бензолда (С6Н6) ерігенде соңғы қайнау температурасы 0,810С-қа артты. Ерітіндідегі күкірт молекуласы неше атомнан тұрады (ЕЭ=2,57)?
5.11. Ерітінді 102,50С температурада қайнау үшін 100 г суға неше грамм глюкоза (С62О)6) қосу қажет (ЕЭ=0,52)?
5.12. 25%-тік несеп нәрі (мочевина), глицерин және фруктоза ерітінділері берілген. Осы ерітінділерді біртіндеп қыздырғанда олар қандай ретпен қайнайды? Есептеулер жүргізбей дәлелді жауап беріңіздер (мочевина – СN2Н4О, глицерин – С3Н8О3, фруктоза – С6Н12О6).
5.13. Егер қату температурасы -10С (ЕК= 1,86) болса, глюкозаның (С6Н12О6) сулы ерітіндісінің концентрациясы қандай?
5.14. Ерітінді -50С-қа (ЕК=1,86) дейін қатпау үшін 1000 г суға қанша глицерин (С3Н5(ОН)3) қосу қажет?
5.15. Ерітінділердің қайсысы төмен температурада қатады: 5%-тік глицерин (С3Н8О3) ерітіндісі немесе 5%-тік глюкоза (С6Н12О6) ерітіндісі? Есептеулер жүргізбей нақты жауап беріңіздер.
5.16. -200С-та (Ек=1,86) қататын қоспа алу үшін су мен глицеринді (С3Н5(ОН)3) қандай қатынаста араластыру қажет?
5.17. Таза бензолдың (С6Н6) қату температурасы – 5,50С, ал құрамында 0,2242г камфор бар 30,55 г ерітіндідегі бензолдың қату температурасы – 5,2540С. Бензолдағы камфордың молекулалық массасын есептеңдер (Ек= 5,1).
5.18. Қату температурасын 10С-қа (Ек=1,86) төмендету үшін 100 г суда қанша қантты (С122О)12) еріту қажет?
5.19. 15 г хлороформды (СНСl3) 400г диэтил эфирінде ((С2Н5)2О) еріткенде соңғы қайнау температурасы 0,6350С-қа артты. Хлороформның (ЕЭ=2,02) молекулалық массасын есептеңдер.
5.20. Егер массасы 12,7 г йодты массасы 200 г спиртте еріткенде этил спиртінің қайнау температурасы 78,30С-тан 78,590С-қа артса, спирттегі (С2Н5ОН) йод молекуласы қанша атомнан тұрады?
5.21. Осмостық қысым 00С-та 5 бар мәнге теңесу үшін литр ерітіндіні неше моль бейэлектролит құрайды?
5.22. Егер ерітіндінің 1 литрінде 12 г еріген зат болса және 170С-та осмостық қысымы 4,82 бар тең болса, еріген заттың молекулалық массасын анықтаңдар.
5.23. Егер осы ерітіндінің осмостық қысымы 170С-та 2 бар мәнге тең болуы үшін, 200 см3 суда неше грамм этил спиртін (С2Н5ОН) еріту қажет?
5.24. Құрамында 1,55 г анилин (С6Н5NH2) бар 500 см3 ерітіндінің осмостық қысымы 210С-та 0,81 бар тең. Анилиннің молекулалық массасын анықтаңдар.
5.25. Осмостық қысым мәндерін есептемей, бір литр ерітіндіде 3 г нафталиннің С10Н8 бе, әлде 3 г антраценнің С14Н10 қайсысының осмостық қысымы жоғарырақ екендігін анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет