Модуль 04: «Іргелі білім»


Тақырып 7. Электродтық потенциалдар мен гальваникалық тізбектер



бет90/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Тақырып 7. Электродтық потенциалдар мен гальваникалық тізбектер
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар
1. Металл-электролит шекарасында электродтық потенциалдың пайда болуы.
2. Нернст теңдеуі.
3. Стандартты электродтық потенциал.
4. Бірінші және екінші текті электродтар.
5. Осы электродтар үшін Нернст теңдеуі.
6. Сутектік электрод.
7. Гальваникалық тізбектер.
8. Гальваникалық элементтің ЭҚК.
Бақылау сұрақтары
1. Металл-ерітінді шекарасында электродтық потенциал қалай пайда болады және ол неге тәуелді?
2. Қандай электрод түрлерін білесіңдер?
3. «Салыстыру электродтары» деген не?
4. Әрбір электрод түрлері үшін Нернст теңдеуі қалай өрнектеледі?
5. ЭҚК деген не?
6. Тәжірибе жүзінде ЭҚК қалай анықталады?
7. Гальваникалық элемент аккумулятордан қалай ажыратылады?
8. Гальваникалық элементтер мен аккумуляторлар қайда қолданылады?
Өзінің тұз ерітіндісіне батырылған металдың электродтық потенциалы Нернст теңдеуі бойынша өрнектеледі:

егер ерітінді сұйытылған болса, онда

250С үшін келесі түрде өрнектеледі:

мұндағы n – қарапайы реакция үшін электрондар саны (мысалы, Zn0-2ē→Zn2+ n=2);
ϕ0 – стандартты электродтық потенциал және ол келесі жағдайда аныталады:



СМеконцентрация, экв /л.
ЭҚК – тепе-теңдіктегі электродтық потенциалдардың айырмашылығы:
Е = φ1 – φ2 (В).
Анықтама бойынша ЭҚК оң шама болғандықтан, ЭҚК есептегенде жоғары потенциалдан кішісі алынады. Жоғары потенциалды электродта тотықсыздану процесі жүреді:
Ме+n + n · ē → Ме0.
Кіші потенциалды электродта тотығу процесі жүреді:
Ме0 – n · ē → Ме+n.


1-есеп
Ag/Ag+ (CM=0,01 моль/л) және Cd/Cd2+М=0,05 моль/л) тұратын гальваникалық элементтің электрқозғалтқыш күшін есептеңдер. Жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Стандартты потенциал мәндерін кестеден алыңдар.
Шешуі:




ЭҚК есептейміз:


Күміс электродында тотықсыздану процесі жүреді:
Ag+ + ē = Ag0.
Кадмий электродында тотығу процесі жүреді:
Cd0 – 2ē = Cd2+.
Коэффициенттерді ескере отырып, екі процесті қосамыз:
2Ag++2ē+ Cd0– 2ē = 2Ag0+ Cd2+;
нәтижесінде: 2Ag++ Cd0= 2Ag0+ Cd2+.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет