Модуль Дара фармакология Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш заттар. Жоспар



бет1/8
Дата09.11.2023
өлшемі30.69 Kb.
#482761
  1   2   3   4   5   6   7   8
file-9699 (1)


Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс №4


Модуль Дара фармакология


Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш заттар.


Жоспар:

  1. Орталық нерв жүйесін қоздыратын, дем беретін дәрілік заттар.

  2. Психостимуляторлар.

  3. Көбінесе жұлынның қызметтеріне дем беруші (стимуль) дәрілік заттар.



Орталық нерв жүйесін қоздыратын, дем беретін
дәрілік заттар.

Емдеу тәжірибесінде орталық нерв жүйесінің және оның бөліктерінің қызметтерін реттеу арқылы бүткіл организмнің өмірге ең қажетті функцияларын қалпына келтірудің керектігі жиі кездесетін жағдай. Ондай әсер ететін препараттарға төмендегі топтардың препараттары жатады:



  1. Психостимуляторлар – бас ми қабындағы және сопақша мидағы орталықтардың қозу процессін жоғарылататын препараттар;

  2. Аналептиктер – сопақша миға дем беру арқылы оған қарасты жүйелердің қызметтерін жақсартатын, жұлынның қозуын рефлекторлы түрде жоғарылататын және орталық нерв жүйесінің кейбір функцияларына дем беретін (стимуль) дәрілік заттар;

  3. Антидепрессанттар – организмнің депрессиялық жағдайын жеңілдететін және оның алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар. Бұл топтың препараттары ветеринариялық тәжірибеде кең өріс ала қойған жоқ.

Психостимуляторлар. Бұл топтағы препараттар ветеринариялық тәжірибеде ерекше орын алады.
Кофеин – Coffeinum. Бұл топқа құрылысында пурин сақинасы бар өсімдік, немесе мал өнімдерінен алынатын дәрілік заттар жатады. Пурин мал организмінде, өсімдіктерде әртүрлі қосылыстар түзеді, олардың құрылыстары мен әсерлері де әртүрлі болып келеді. Пуриннің ядросы нукеин қышқылдарының, нуклеотидтердің, нуклеозидтердің, көптеген витаминдердің, коферменттердің, антибиотиктердің, алкалоидтардың құрамдарындағы ең қажетті зат. Пурин туындыларының әсіресе белсенділері: аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, монометилксантин және т.б.
Кофеин ксантиннің туындысы болып келеді – үшметил ксантин. Кофеинге және оның препараттарына орталық нерв жүйесі, әсіресе бас ми қабы өте сезімтал. Оның құрамындағы пиримидин негіздері (цитозин, урацил, тимин және т.б.) пурин негіздерімен өзара реакцияласып, одан түзілген қосылыстар: көміртегі мен белоктардың алмасуларына, нуклеин қышқылдарының белсенді түрге айналуына, тұқым қуалаушылық хабаршысының қызметін реттеуге қатысады.
Кофеинді шай жапырақтарынан, кофе ағашының ұрығынан және синтетикалық жолмен алады. Ащылау дәмі бар, иісі жоқ, ыстық суда жақсы еритін, спиртте еруі қиын ақ түсті ұнтақ. Малдәрігерлік тәжірибеде кофеиннің натрий-бензоат тұзы қолданылады. Организмге әсері күрделі:

  • орталық нерв жүйесін, әсіресе бас ми қабын, қоздырады;

  • дем алу орталығын қоздырады;

  • қан тамырларынның жирылуын реттейтін орталықты қоздырады;

  • жұлынды да әжептәуір қоздырады; жүрек етінің қызметін жақсартады;

  • Зәрдің бөлінуін үдетеді.

Қандай жолмен жіберілсе де оңай сіңеді, бүйректер арқылы және аздап ас қорыту жүйесінің бездері арқылы организмнен бөлінеді. Ол организмнен қанша тез бөлінгенімен оның өзінің және метаболиттерінің іздері организмде бірнеше күндей анықталады.
Кофеиннің адамның бас миына әсері жете зерттелген. Аз дозасының өзінен шартты рефлекс жоғарылайды; орташа дозасынан әлсіз және күшті тітіркендіргіштерге рефлекс теңеседі; үлкен дозасында күшті тітіркендіргішке әлсіз тітіркендіргішке қарағанда рефлекс төмендейді. Кофеиннің әсері нерв жүйесінің типтеріне байланысты болады. Нерв жүйесі әлсіз типті адамдарға аз дозасының өзі эффект береді. Сондықтан оны әр адамға жекедей мөлшерлейді.
Кофеиннің әсер ету механизмінде оның фосфодиэстераза ферментінің әсерін әлсірететін қасиеті жатыр. Соның салдарынан аденозинмонофосфат қосылысы жинақталады да, организмде гликогенолиз бен метаболикалық процесстер үдейді. Мұндай үдеу әсіресе бас ми мен бұлшық еттерде байқалады. Дем берудің арқасында қажу процессі байқалмайды, бұлшық еттердің жұмысқа бейімділігі жоғарылайды. Зат алмасу процессі жақсарады.
Кофеиннің сопақша мидағы орталықтарға әсерінен дем алу жиілейді, қан тамырларының жирылуы жақсарады, артериоллалардың өзектері тарылады, кезбе нервтің орталығын қоздырады: шеткергі қан тамырларының өзегін кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді.
Орталық және шеткергі нерв жүйесінің тармақтарына әсерінен ішкі ағзалардың тамырларының өзектері тарылады; ал тері, қаңқа еттерінің, мидың, бүйректердің, жүректің қан тамырларының өзектері кеңейеді: газ алмасуы жақсарады, қанның таралуы реттеледі, бөліну процессі жақсарады, орталық нерв жүйесінің қызметі белсендендіріледі. Жүрекке тікелей әсері бар: оның абсолюттік күшін, қоздырғыштығын, өткізгіштігін жоғарылатады. Жүректің қызметі нашарлағанда әсері күштірек және ұзағырақ болады.
Организм қатты уланғанда әсері аз уақытқа ғана, бірақ улы заттардың улылығы кофеиннің әсерінен бірнеше есе төмендейді және организмнің улы заттардың әсеріне төзімділігі жоғарылайды.
Бұлшық еттерде зат алмасуын өзгертеді: фосфорлану, метилдену, тотығу процесстерін белсендендіреді; сүт қышқылының түзілуін жақсартады.
Ас қорыту жүйесінің ағзаларының жирылу процессін реттейді: ауырсынғандықты, бұлшық еттердің түйілуін азайтады; ішектердің жирылуын үдетеді.
Кофеиннің тіпті аз дозасының өзі диуретикалық әсер етеді. Шәй мен кофенің зәр айдайтын қасиеті ертеден белгілі. Бөлінетін зәрдің мөлшері көбейеді, әсіресе хлоридтер мен азот қосылыстарының бөлінуі жоғарылайды.
Кофеиннің қуаттандырушы дозасы организмнің иммунобиологиялық белсенділігін жақсартады.
Қатты улану белгісі білінбейді, тек дозасын екі-үш есе ұлғайтқанда ғана жүрек пен қаңқа еттерінің қызметтерінің өзгергені байқалады: малдың жүрісінің шатқаяқтануы, демікпе, көз қарашығының ұлғаюы, тері рецепторларының рефлекторлы қозуының жоғарылауы анықталады.
Компенсациясыз жүрек ақауларында, миодегенерацияда, шеткі қан тамырларының салдануында қолдануға болмайды.
Препарат ұнтақ, таблетка, ампулада ертінді ретінде, шприц-тюбик түрінде шығарылады. «Б» тізімінде, қараңғы жерде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет