Модуль патогенді микроорганизмдер. Дезинфекция Практикалық жұмыс Тақырыбы: Патогендік микроорганизмдердің көздері


Топырақтағы патогендік микроорганизмдердің өмір сүру деңгейі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.01.2022
өлшемі265.36 Kb.
#451364
1   2   3   4   5   6   7
7 Практикалық жұмыс

Топырақтағы патогендік микроорганизмдердің өмір сүру деңгейі 

Патогендік  микробтар  кӛп  жағдайда  паразиттер  болып  табылады.  Олар  үшін 

қабылдаушы  Организм  тіршілік  ету  ортасы  болып  табылады,  онда  олар  ӛсіп,  кӛбейеді, 

одан  сыртқы  ортаға  таралады.  Сонымен  қатар,  сыртқы  орта  паразиттік  микробтардың 

жаңа  хосттың  (адам  немесе  жануар)  ағзасына  механикалық  берілуін  қамтамасыз  етеді 

және  олардың  ӛмірлік  цикліндегі  міндетті  элемент  емес.  Осыған  сүйене  отырып, 

паразиттік  микробтардың  жалғыз  ӛсі  орны  бұл  -  қабылдаушы  организм,  ал  сыртқы  орта 

микробтардың уақытша сақталу орны, содан кейін олар ӛледі деп саналады. 

Алайда  микробтар  сыртқы  ортада  ұзақ  ӛмір  сүруге  бейімделді.  Патогендік 

микробтар  мен  вирустардың  сыртқы  ортада  ӛмір  сүруі  ӛте  маңызды  және  бірқатар 

жағдайлармен  анықталады:  микробтардың  биологиялық  қасиеттері  және  олардың 

қолайсыз әсерлерге эволюциялық бейімділігі. 

Топырақтағы патогендік микробтардың ӛмір сүруіне оның құрылымы мен химиялық 

құрамы,  сондай-ақ  сапрофиялық  микрофлораның  болуы  үлкен  әсер  етеді.  Патогендік 

микробтардың ӛмір сүру ұзақтығы топырақта әртүрлі. 

Энтеробактер  тұқымдас  ӛкілдері,  сондай  -  ақ  тырысқақ  вибриондары  топырақта 

салыстырмалы  түрде  ұзақ  ӛмір  сүреді-1  айға  дейін.  Бруцеллездің  қоздырғыштары 

(бруцеллалар)  сыртқы  ортаның  әсеріне  неғұрлым  тӛзімді  -  40  тәуліктен  3  айға  дейін. 

Туберкулез  таяқшасы  топырақта  одан  да  ұзақ  ӛмір  сүреді  -  1  жылға  дейін.  Сіреспе  

(столбняк)  қоздырғышы  топырақта  бірнеше  жыл  сақталады,  күйдіргі  бацилласының 

(бацилл сибирской язвы)  споралары - 30 жылға дейін. 

Тұрғын  бӛлменің  құрғақ  қабырғасында  сүзек  таяқшасы  (тифозная  палочка)  1 

тәулікте ӛледі, кептіру кезінде шаңда  - 4 тәуліктен аспайды, нәжісте  - 31 тәулікке дейін

қазылған шұңқырларда - 40-54 тәулікке дейін, мәйітте-3 айға дейін сақталады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет