Мөж тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері Орындаған : Молдабек А. Тобы: мнк-211 Қабылдаған : Сұлтанбек М. Түркістан 2023 Жоспары


Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі



бет2/7
Дата06.05.2023
өлшемі268.39 Kb.
#473318
1   2   3   4   5   6   7
Бағалау МӨЖ

Критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық негізі


«Критериалды бағалау» терминін ең алғаш 1963 жылы оқыту мен оқу теориясына маңызды үлес қосқан американың педагог-психологі Роберт Глейзер қолданды.
Глейзердің пікірінше, жетістіктерді өлшеу тұжырымдамасы негізінде білімнің толық болмауынан идеалды нәтижеге дейінгі үздіксіз білім алу үдерісінің түсінігі жатыр. Глейзер критериалды бағалауды типтік мінез-құлық модельдерінің жинағын анықтауға ықпал ететін және оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлеріне қол жеткізу мен әлеуеті арасындағы сәйкестік үдерісі ретінде сипаттайды. Бұл оқушылар әрекеті алдын ала анықталған критерийлердің бекітілген жинағы арқылы бағаланатынын білдіреді. Аталған жағдайда қолданылған «критерий» термині қорытынды іс-әрекеттерге аса қатысты емес. Бағалау критерийі оқушылардың нәтижелері туралы ақпараттар алу қажет болған жағдайда оқудың барлық кезеңінде белгіленуі мүмкін. Глейзер критериалды стандартқа қатысты бағалау оқушының қолынан келетіні не келмейтіні, яғни, басқа оқушылардың жетістігіне тәуелділікті және салыстыруды есепке алмағанда, әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы нақты ақпараттар береді деп атап көрсетеді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланыстылығына және оқу үдерісін ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдемесін қамтамасыз етуге негізделген. Бұл теориялық негіздемені және бағалаудың барлық элементтері арасындағы өзара байланысты орнатуды болжайды (оқу мақсаттары, бағалаудың түрлері, құралдары мен нәтижелері). Әдістеменің негізгі идеялары критериалды бағалау жүйесінің төмендегі сияқты сипаттамаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді:
• оқу мен бағалаудың бірлігіне негізделеді;
• оқудағы ілгерілеуді қамтамасыз етудің толыққанды тәсілдемесін қалыптастыруға және оқушылардың оқу үлгерімін қадағалауға бағытталады;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарын жүзеге асыруды және білім алудың дәлелдерін жинаумен дағдыларды дамытуды қамтамасыз етеді;
• әр сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың формасы мен тәсілдерінің әр түрлілігінен тұрады.



2- сурет. Критериалды бағалау жүйесінің əдістемесі
Құзыреттілік тәсілдеме
Құзыреттілік тәсілдеме оқудың белгілі бір кезеңінің аяқталуына байланысты күтілетін нәтижелерге оқушылардың сәйкестік дәрежелерін анықтауға бағалаудың бағдарлануын қажет етеді. Күтілетін нәтижелер білім беру стандарттары аясындағы оқу бағдарламаларын меңгеру қорытындысы бойынша қалыптасуға тиісті білімде, білікте, дағдыда, қабілеттілікте және оқушылардың тәжірибесінде көрінеді.
ЭЫДҰ баяндамасында құзыреттің үш категориясын атап көрсетеді:
- құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтін, білім мен ақпарат; технологиялар.
- әркелкі топтардың өзара әрекеттері: басқалармен жақсы қарымқатынаста бола білу қабілеті, командада жұмыс жасау мен ынтамақтасу, келеңсіздіктерді басқару және шешу.
- өз бетінше әрекет ету: барынша кең ауқымдағы көріністі көре білу және әрекет ету қабілеті.
Оқу мақсаттарының таксономиясы
Оқу мақсаттары оқушылардың ілгерілеуін көрсету үшін тиімді пайдаланылуына болады. Критериалды бағалау жүйесінде оқу мақсаттары ерекше маңызды, өйткені олар критерийлерді түсінікті анық және жеңіл формада құрастыруға мүмкіндік береді.
Әр оқу бағдарламасында оқу мақсаттары оқушылардың пәнді меңгеруде дамытуы қажет білім мен дағдыларын анықтайды. Осы дамытуды бақылау және күтілетін нәтижелерді анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында Б.Блумның таксономиясы қолданылады. Б.Блум таксономиясы оқу бағдарламаларында негізгі бағыт болып табылады.
Оқу мақсаттарының таксономиясы [Bloom, 1956] ойлау дағдыларының алты деңгейін болжайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет