Мойылды ауыл кітапханасы



жүктеу 18.24 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі18.24 Kb.
Мойылды ауыл кітапханасы




Мойылды ауыл кітапханасы

ауылдық клуб ғимаратында 40 кв. м

көлеміне орналасқан

1950 жылы 3 қараша айынан бастап С.Ларшина Горячкин ауылындағы оқырман үйінің меңгерушісі қызметін атқарып, ауыл тұрғындарының сауатын ашу бағытында жұмысын жандандырып, мектеп жанынан ашылған сауат ашу мектебімен де бірлесіп қызмет атқарды.

1951 жылы 23 маусым айынан Таниева Ханым мәдениет бөлімінің №20 бұйрығы негізінде оқырман үйінің кітапханашысы қызметіне алынған.

1952 жылы Мухаев Агрепина мәдениет бөлімінің №37 бұйрығы негізінде аталған ауылдың кітапханашысы болып жұмысқа қабылданды.

1954 жылы 26 сәуір айынан бастап (Бұйрық №29 пр.2) оқырман үйіне Шумилина В П. қызметке қабылданды.

1953 жылы Горячкин ауылындағы оқырман отауында кітапханашы болып Омарғалиев Сиғуат қызмет атқарды. Ол кезде оқырман отауы аудандық білім беру бөліміне қарады.

1957 жылы Чапаев ауылдық советінің атқарушы комитетінің «О перемещени культурно-просветительской учреждений» шешімі негізінде Сахарный ауылындағы кітапхананың кітап қорын Горячкин ауылындағы кітапханаға қосып, Горячкин ауылындағы кітапхана меңгерушісі С.Умарғалиев тағайындалды. (Аудандық мәдениет бөлімі 1957 жыл 25 маусым № 83 бұйрық)

1970 жылдың 10 тамызынан бастап (Бұйрық №50 пр.7) Горячкин кітапханасында Ильясов Аманғали қызмет атқарған.

1978 жылы аудан ішіндегі бірқатар кітапханалар орталықтандырылып, Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамына филиал болып енгізілді. ОКЖ-нің бұйрығы бойынша Горячкин филиалына Ильясов Аманғали меңгеруші болып тағайындалды.

Қазақстан Республика Президентінің – «2000 жылда Мәдениетті қолдау жылы деп атау туралы» Жарлығына орай аудан халқына мәдени қызмет көрсетуді жақсарту, рухани қажетін өтеу мақсатында: «ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдар» Заңының 46 бабын басшылыққа алып, ауыл турғындарының сұрауы бойынша Ақжайық ауданы әкімі А.Б.Сәтбаевтың 2000 жылдың 13 қыркүйегінде №174 шешімімен Горячкин ауылдық кітапханасы ашылды.

2000-2001 Қонысов Амантай ауылдық кітапханасында қызмет атқарған.

2006 жылдың 8 маусымында №169 аудан әкімінің шешімімен Мерген ауыл округінің Горячкин ауылының атауы өзгеруіне орай Мойылды ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.

2001-2008 Сарбупиева Балзия Қаменқызы кітапханашы қызметін атқарған.

2008 жылдан ауыл кітапханасында Амандосова Меңсұлу Қонысқызы арнаулы орта білім маман қызмет атқаруда. 2008 жылы аудан ішіндегі кітапханашылар байқауында жүлделі І-ші орынға ие болды.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет