«мойнақ гэс-ның Қуатын беру» жобасы экологиялық басқару жоспары кіріспе «Мойнақ гэс-ның қуатын беру»



Дата09.06.2016
өлшемі280.5 Kb.
#124100
«МОЙНАҚ ГЭС-НЫҢ ҚУАТЫН БЕРУ» ЖОБАСЫ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
«Мойнақ ГЭС-ның қуатын беру» жобасын іске асыру Алматы облысы Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде салынып жатқан қуаты 300 МВт Мойнақ гидроэлектрстанциясының (МГЭС) қуатын беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. МГЭС қуат тапшылығын азайтады (әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда).

«Мойнақ ГЭС-ның қуатын беру» жобасы екі құрамнан тұрады – жоғары вольттық желілерді (ӘЖ) салу және қосалқы станцияларды (ҚС) жаңғырту/қайта құру:

– 220 кВ-тық Шелек ҚС мен 220 кВ-тық Робот ҚС-сын салу мен қайта құру және 220/110 кВ-тық Мойнақ ГЭС-ның АТҚ салу;

– 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС ӘЖ- 220 кВ-тық Шелек ҚС мен 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС ӘЖ-220 кВ-тық Робот ҚС-ның ӘЖ.

ӘЖ мен ҚС салу кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері. Экологиялық басқару жоспары (ЭБЖ) екі бөліктен тұрады: I бөлік – қосалқы станцияларды жаңғырту мен қайта құру және II бөлік – ӘЖ салу. ЭБЖ-ның әрбір тарауда мынадай бөлімдер қарастырылған:

1-бөлім – жобаның сипаттамасы.

2-бөлім – әсер етуді азайту немесе ластануды бақылау жоспары.

3-бөлім – мониторингке қойылатын талаптар.

4-бөлім – ЭБЖ-ны іске асыруға бағытталған институционалдық іс-шаралар.

5-бөлім – әсер етуге ұшыраған жұртшылықпен және мүдделі адамдармен консультация.



1 – бөлім. Жобаның сипаттамасы

I – бөлік: Қосалқы станцияларды қайта құру және салу.

МГЭС-те 220/110кВ-тық АТҚ-ны салу

МГЭС-те бір ғана ажыратқыштары бар шиналардың екі жұмыс және айналып өту жүйелерінен тұратын конфигурациясымен АТҚ салынатын болады. Схемаға мыналар кіреді: электр газды ажыратқыш, айырғыштар, тоқ және кернеу трансформаторы, найзағай разрядтарынан қорғаныс жүйесі және релелік қорғау жүйесі.



220 кВ-тық Робот ҚС-ын қайта құру

Жобаға 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС-Робот ҚС ӘЖ үшін резервтік ұяшықта жоғары вольттық жабдықты орнату, жоғары вольттық жабдықты: ажыратқыштарды, айырғыштарды, тоқ және кернеу трансформаторларын, асқын жүктемені шектеуіштерді, сондай-ақ бақылау және қорғау жабдықтарын ауыстыру кіреді.



220 кВ-тық Шелек ҚС жаңғырту:

Жобаға ажыратқыштарды, айырғыштарды, тоқ және кернеу трансформаторларын, асқын жүктемеден қорғанысты ауыстырумен «Трансформатор тізбектеріндегі ажыратқыштармен және трансформатор тарапынан жөндеу жалғастырғыштарымен аралық» схемасы бойынша 220 кВ-тық АТҚ-ны қайта құру жатады.



II – бөлік– Электр жеткізетін әуелік желі.

Бұл құрам 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС – 220 кВ-тық Шелек ҚС-ның ӘЖ, 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС – 220 кВ-тық Робот ҚС кіреді.

220 кВ-тық Мойнақ ГЭС – 220 кВ-тық Шелек ҚС 220 кВ-тық ӘЖұзындығы 97 км трассасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағы бойынша өрісті жермен өтеді.

220 кВ-тық Мойнақ ГЭС – 220 кВ-тық Робот ҚС ӘЖ арақашықтығы 225 км трассасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Іле және Талғар аудандарының жайылым жерлері ретінде қолданылған аумағы бойынша өтеді.

ӘЖ-ның трассалары пайдалы қазбалар кенорындарын және ерекше күзетілетін табиғи аумақты (ұлттық паркті) кесіп өтпейді.

Электр тораптарын пайдаланудың қалыпты жағдайын сақтауды, құруды және жазым жағдайларды болдармуды қамтамасыз ету үшін 220 кВ-тық ӘЖ қорғау аймағын белгілеу көзделіп отыр.

Жобаланған ӘЖ трассалары тізбегімен Шарын өзені мен көптеген шағын өзендерді кесіп өтеді. Өзендер арқылы өтетін тіректерді өзеннің су қорғау жолақтарынан тыс орнату көзделіп отыр.

Құрылыс салу кезеңіндегі қозғалыс барысында топырақ-өсімдік жамылғыларын бұзатын құрылыс механиздері қоршаған ортаны ластау көздері болып табылады.

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс техникасынан шыққан газдардың зиянды шығарындыларынан уақытша әсер ету болады.

Жанар-жағар май құралдары қоймалары бар жерлерде өсімдік-топырақ қабатының ластануы мүмкін.

Бұдан басқа қоршаған ортаға мыналар әсер етеді:

- жер телімдерін жер пайдаланудан алып тастауға байланысты үймереттері бар жаңадан жарақтандырылған және қайта құрылған қосалқы станциялар мен электр жеткізу желілерінің тіректері;

- шу көздері мен жер асты суларының ықтимал ластану ретінде реакторлар мен автотрансформатор.

Жануарлар дүниесі объектілерінің қырылуының алдын алу мақсатында мыналарға тыйым салынады:

– өсімдіктерді өртеу, электр тораптары объектілерін салу үшін арналған аумақтардан бұталарды жою үшін улы химикаттарды қолдану;

– топыраққа жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету ортасына қауіпті жанар-жағар май мен басқа да материалдардың төгілуі.

Қарастырылып отырған жобаның объектілерін салуды уақытша көшпелі (вахталық) кенттерде тұратын бригадалар жүзеге асырады. Кенттер өзенге кемінде 250 км арақашықтықта орналасады. Тұрмыстық қалдықтар үйіндіге арналған арнайы орындарға тасылады.

2-бөлім: Әсер етуді азайту жоспары

I-бөлік: Қосалқы станцияларды кеңейту/қайта құру 220 кВ-тық Робот ҚС, 220 кВ-тық Шелек ҚС, Мойнақ ГЭС-да 220/110 кВ-тық АТҚ салу




Қоршаған ортаға әсер ету

Әсер етуді азайту жөніндегі іс-шаралар

Әсер етуді азайтуға жұмсалған шығындар (егер елеулі болса)

Жауапты адам

Басталған күні

Аяқталған күні

Құрылыс салу уақытында

Қосалқы станциялардың аумағындағы жерлерді пайдалану

Құнарлы топырақ қабатын алу және беткі ағыстардан/тозудан қорғау үшін оны оқшауланған жерде пластик жамылғының астында сақтау көзделеді. Құрылыс аяқталған соң құнарлы топырақ қабаты бұрынғы орнына қайтарылады, бұрынғы табиғи өсімдіктер қалпына келтіріледі.

Барлық өсімдіктер механикалық немесе қол әдістерімен жойылады, пестицидтер пайдаланылмайды.



Барынша аз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері (ЖЭТ –«KEGOC» АҚ-ның Алматы ЖЭТ филиалы)

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Құрылыс техникасынан шығатын ластаушы заттардың эмиссиясы

Әсер етуді азайту үшін құрылыс техникасын бөліп жайғастыру, құрылыс техникасын уақтылы техникалық тексеруден өткізу.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Шаң

Құрылыс алаңы суландырылады, әсіресе, ыстық, құрғақ және желді күндері.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Шу

Құрылыс жұмыстары тек әдеттегі жұмыс уақытында ғана (таңғы 8-ден кешкі 18 сағатқа дейін) орындалады. Егер құрылыс жұмыстары осы уақытқа дейін немесе кейін жүргізілуге тиіс болса, онда жергілікті жұртшылық бұл туралы кемінде бір апта бұрын хабардар болуы керек.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Мәдени құндылықтарды кездейсоқ табу

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488 Заңына сәйкес жұмыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті табылған артефакты зерттегенге және құрылысты жалғастыруға ресми рұқсат берілгенге дейін тоқтатылады.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Жұмысшылар кенттерінің тыныс – тіршілігі

Жұмысшылар кенттері (а) қорғалатын аумақтардан (халықаралық, мемлекеттік, аудандық немесе облыстық) кемінде 1 км арақашықтықта, (b) қандай да бір су қоймалырынан 250м арақашықтықта орналастырылуы тиіс.

Кенттерді сумен жабдықтау жергілікті сумен жабдықтау көздерінен қамтамасыз етіледі. Кенттерде биодәретханалар пайдаланылады, сондай-ақ ағынды сулар осы мақсаттар үшін арналған арнайы шұңқырларға жиналады, толғанына қарай сорып алынады және арнайы көлікпен жақын арадағы кәрізге немесе ағынды су жинағыштарға тасылып апарылады.


Құрылыс аяқталған соң кенттерді бөлу орыны барынша қалпына келтіріледі және бастапқы жай-күйіне келеді.


Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Уытты емес қатты қалдықтар (металл, оралған және басқа да пайдаланылған материалдар және т.б.)

Жергілікті басқару оргадары бекіткен үйінділерге арналған арнайы орындарға тасымалдануы тиіс

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

ПХД

(полихлорлы дифенил)



Тендерлік құжаттарда ПХД бар жабдықтарды сатып алуға тыйым салу керек

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Жабдық орнатылғанда

Жабдық орнатылған соң

Пайдалану уақытында

Шу

Елді мекендер қосалқы станциядан кемінде 800 м арақашықта орналасу керек (Санитарлық нормалар № 1.02.007-94)

Қызмет көрсететін персоналда шудан қорғайтын құлақ жапқыштар болуы тиіс.



Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері
Пайдалану уақытында
Жалғасқан

Электрмагниттік өріс

Барлық жоғары вольттық жабдықтар сым қоршаумен/қаптамамен қоршалады. Қорғаныс аймағының шегінен тыс өрістің барынша көп кернеуі - 5 кВ-тық/м (Тұрпатты жоба 13300 TM)

Қауіпсіздік мақсатында мынадай тұрақты қорғаныс құралдары пайдаланылады:



  • экрандар-айырғыштар жетектерінің үстіндегі қалқалар;

  • басқарылатын ажыратқыштары бар шкафтар;

  • қысқыш жәшіктері;

  • экрандар- тұрақты айналып өту бағыты бар жаяу адам жүретін жолдардың үстіндегі қалқалар.

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері
Пайдалану уақытында
Жалғасқан

Майдың төгілуі нәтижесінде топырақ пен жер асты сулары ластануының алдын алу

Тұрпатты жобалық шешімдерге сәйкес бетон және темір – бетон құрылымдардан жасалған май жинағыштарды орнату, түбі – сульфатқа төзімді цементтен жасалған монолиттік темір-бетон плита. Түбінің астымен және қабырғасы бойынша күшейтіліп гидрооқшауланады.

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері
Пайдалану уақытында
Жалғасқан

Өртке қарсы іс-шаралар

Қосалқы станция аумағындағы шөптер орылуы тиіс, орылған шөптер қосалқы станцияның аумағынан тасылады. Өсімдіктерді пестицидтермен жоюға болмайды.

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері
Пайдалану уақытында
Жалғасқан

Қатты қалдықтар

Қатты қалдықтар жергілікті басқару органдарымен келісілген арнайы орындарға көмуге тасымалдануы тиіс.

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері
Пайдалану уақытында
Жалғасқан


Әсер етуді азайту жоспары.

II-бөлік: 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС- 220 кВ-тық Шелек ҚС, 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС-220 кВ-тық Робот ҚС


Қоршаған ортаға әсер ету

Әсер етуді азайту жөніндегі іс-шаралар

Әсер етуді азайтуға жұмсалған шығындар (егер елеулі болса)

Жауапты адам

Басталған күні

Аяқталған күні


Құрылыс салу уақытында

Тіректер орнатылатын жерлер мен бұру жолағының маңындағы жерлерді пайдалану

Құнарлы топырақ қабатын алу мен оны беткі ағыстардан/эрозиядан қорғайтын пластиктен жасалған жапқышта сақтау көзделеді. Құрылыс аяқталған соң құнарлы топырақ қабаты бұрынғы орнына қайтарылады және бұрынғы табиғи өсімдіктер қайта отырғызылады.

Барлық өсімдіктер механикалық немесе қол әдістерімен жойылады, пестицидтер пайдаланылмайды.



Ауыл шаруашылығы алқаптары арқылы өтетін ӘЖ трассаларында жұмыстар жер пайдаланушылардың келісімі бойынша осы алқаптарға ауылшаруашылығы дақылдары егілмейтін кезеңде немесе осы дақылдарды сақтауды қамтамасыз ету мүмкін болғанда жүргізіледі.

Барынша аз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Құрылыс техникасынан шығатын ластаушы заттардың эмиссиясы

Әсер етуді азайту үшін құрылыс техникасын бөліп жайғастыру, құрылыс техникасын уақтылы техникалық тексеруден өткізу

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң




Шаң

Құрылыс алаңы сумен суландырылады, әсіресе, ыстық, құрғақ және желді күндері

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң




Шу

Құрылыс жұмыстары тек әдеттегі жұмыс уақытында ғана (таңғы 8-ден кешкі 18 сағат дейін) жүргізіледі. Егер құрылыс жұмыстары осы уақытқа дейін немесе кейін жүргізілуге тиіс болса, онда жергілікті жұртшылық бұл туралы кемінде бір апта бұрын хабардар болу керек.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң




Қатты қалдықтар (металл, оралған және басқа да пайдаланылған материалдар)

Мердігер муниципальды санитарлық қадағалау органдары бекіткен үйінділерге арналған жерлерге шығаруы немесе қалдықты кәдеге жаратуға берілген лицензиясы бар мердігер тасымалдауы тиіс

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң




Қиылысатын жерлердегі су бетінің сапасы (өзендер, көлдер және т.б.)



Шаруашылық қызметін шектейтін режим белгіленген су қорғау жолағы ұзындығы өзендер үшін 100 м құрайды.

Құрылысшылар кенттері өзеннің немесе көлдің жиегінен кемінде 250 км арақашықтықта орналастырылуы тиіс.

Қоқысты немесе ағын суларды су қоймаларының бетінде жоюға тыйым салынады, бұл ретте күнделікті төгілетін немесе қызмет көрсетілетін септиктер немесе қоқыс жәшіктері пайдаланылуы тиіс.

Тіректер негіздері өзендер мен көлдердің санитарлық жағалау аймақтарынан тыс орналастырылады.



Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Мәдени құндылықтарды кездейсоқ табу

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488 Заңына сәйкес жұмыстар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті табылған артефакты зерттегенге және құрылысты жалғастыруға ресми рұқсат берілгенге дейін тоқтатылады.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Жыл құстары

ӘЖ трассалары ірі құстар ұя салатын және құстардың өрісі аймақтарынан тыс өтеді.

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң

Жұмысшылар кенттерінің тыныс-тіршілігі

Жұмысшылар кенттері (а) қорғалатын аумақтардан (халықаралық, мемлекеттік, аудандық немесе облыстық) кемінде 1 км арақашықтықта орналастырылуға тиіс, (b) қандай да бір су қоймалырынан 250 м арақашықтықта орналастырылуға тиіс.

Кенттерді сумен жабдықтау жергілікті сумен жабдықтау көздерінен қамтамасыз етіледі. Кенттерде биодәретханалар пайдаланылады, сондай-ақ ағынды сулар осы мақсаттар үшін арналған арнайы шұңқырларға жиналады, толғанына қарай сорып алынады және арнайы көлікпен жақын арадағы кәрізге немесе ағынды су жинағыштарға тасылып апарылады.

Қалдықтар үйінділерге арналған мамандандырылған жерлерге шығарылатын болады.

Құрылыс аяқталған соң кенттерді бөлу орыны барынша қалпына келтіріледі және бастапқы жай-күйіне келеді.




Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталған соң





Пайдалану уақытында

Электрмагниттік өріс

Тіректердің биіктігі өріс кернеуінің жоғары деңгейі автожолдар қиылысатын жерлерде 10 кВ/м және тұрғын үйлер орналасқан аймақтардағы шеткі сымдардан 30 км арақашықтықта 4 кВ/м құрайтындай есептеледі (No. 3.01.036-97 санитарлық нормалар).

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері

ӘЖ қосу кезінде

Құрылыс аяқталған соң

Бұру жолақтарына қызмет көрсету мен тексеру

Бұру жолағына жақын өсіп тұрған өсімдіктерді бақылау үшін гербицидтер пайдаланылмайды. Тек қолмен немесе механикалық тазарту әдісі ғана пайдаланылады.

Өсімдіктерді бұру жолағының маңында өртеуге тыйым салынады



Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері

Желі трассасын таңдау кезінде

Тұрақты бақылау


3-бөлім: Мониторинг жоспары

I-бөлік: қосалқы станцияларды кеңейту/қайта құру: 220 кВ-тық Робот ҚС, 220 кВ-тық Шелек ҚС, 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС-ның АТҚ





Қоршаған ортаға әсер ету

Мониторинг өлшемі

М ониторинг жүргізу орны


Мониторинг тәсілі

Мониторинг жүргізу уақыты

Мониторинг шығындары


Жауапты адам

Басталған күні

Аяқталған күні

Құрылыс салу уақытында


Қосалқы станция шегінде жерді пайдалану

Топырақ қабатын сақтау тәсілдері мен орны

Топырақ қабатын сақтау алаңдары

Көзбен шолу

Учаскені дайындау барысында апта сайын

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Топырақ қабатын алу басталғанша учаскені зерттеу

Топырақ қабатын алу аяқталған соң

Құрылыс техникасынан шыққан ластаушы заттардың эмиссиясы

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, жергілікті табиғатты қорғау органдарына есептемелер мен төлемдер

Құрылыс алаңы мен кіреберіс жол

Қоршаған ортаны ластауға төлемдерді жүзеге асыру кезіндегі автокөліктің белгіленген саны эмиссиясының есебі

Құрылыс салу уақытында

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

Шаң

Күнделікті тексеру

Құрылыс алаңы мен кіреберіс жол

Көзбен шолу

Құрылыс салу уақытында

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

Шу

ДБ(А)

Құрылыс алаңы мен кіреберіс жол

Өлшеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген лицензиясы, аттестатталған зертханасы бар мамандандырылған ұйыммен жасасқан шарт бойынша жүргізіледі.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (317-б.) және ҚР №1.02.007-94 санитарлық нормаларына сәйкес өлшеу бес жылда 1 рет жүргізіледі, норма 80 дБА

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

Қатты қалдықтар (металл, оралған және басқа да пайдаланылған материалдар)

Мердігер лицензиясының қолданыс мерзімін нақтылау

Құрылыс алаңына ену алдында

Көзбен шолу

Құрылыс алаңына енуге рұқсат беру алдында

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

Мәдени құндылықтарды кездейсоқ табу

Табылған жағдайда тиісті рәсімдер қабылдау

Кездейсоқ табу аймағы

Көзбен шолу, Мердігермен сұхбат

Бірден тапқаннан кейін, бірақ бір күннен кештетпей

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

Жұмыс кенттерінің тұрмыс-тіршілігі

-кенттің орналасуы

- ауыз су көзі;

Ағынды суды алып тастау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

Кентті қалпына келтіру




Кенттің алаңы

Көзбен шолу

-кент алаңын салуға дейін;

-кент алаңын пайдалану уақытында;

Кент алаңын пайдалану уақытында;

Құрылыс аяқталғаннан кейін





Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

ПХД (полихлорлы дифенил)

Жабдыққа шот фактура

Жеткізу алаңында

Көзбен шолу

Жабдық жеткізілгенде

Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Жабдықты әкелгенде

Жабдықты әкелгенде

Пайдалану уақытында

Шу


Жақын елді мекенге дейінгі арақашықтық

Қосалқы станцияның алаңы және жақын елді мекен


Өлшеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген лицензиясы, аттестатталған зертханасы бар мамандандырылған ұйыммен жасасқан шарт бойынша жүргізіледі.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (317-б.) және ҚР №1.02.007-94 санитарлық нормаларына сәйкес өлшеу бес жылда 1 рет жүргізіледі, норма 80 дБА

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері



Пайдалану басында


Жалғасқан


Персоналдың шудан қорғайтын құлақ жапқыштарды пайдалануы

Қосалқы станция алаңында жұмысшыларды бақылау







Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері



Пайдалану басында


Жалғасқан


Электрмагниттік өріс

Электр өрісінің кернеуі



Жұмыс аймағы мен қосалқы станция қоршауында

Өлшеу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі берген лицензиясы, аттестатталған зертханасы бар мамандандырылған ұйыммен жасасқан шарт бойынша жүргізіледі.

ҚР № 3.01.036-97**санитарлық ережелері мен нормативтері. Өлшеу қосалқы станцияны іске қосқаннан кейін жобалық деңгейлерге сәйкестігін тексеру үшін бір рет жүргізіледі (кесте төменде келтірілген).

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері


Пайдалану басында бір рет

-

Май толтырылған жабдықты пайдалану

Жерді трансформатор майымен ластаудың алдын алу


Май толтырылған жабдықтың беті мен астында

Жерді қорғау үшін майды май жинағыштарға құю көзделген

Ақауды анықтау үшін жабдық аптасына бір рет тексеріледі (визуалды)

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері

Пайдалану басында



Жалғасқан

Жанудың алдын алу

Өсімдік жамылғысының қалың өсуі

Қосалқы станция аумағында

Қосалқы станция аумағын тазарту-шөптерді жұлып-ору бойынша жұмыстарды жоспарлау


Қажетіне қарай

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері



Пайдалану басында



Жалғасқан

Қатты қалдықтар

Жердің ластануының алдын алу

Қосалқы станция аумағында

Қатты қалдықтарды шығаруды жоспарлау


Пайда болған қалдықтарды есептеу

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері


Пайдалану басында



Жалғасқан


Эл. өрісінің кернеуі, кВ-тық/м

Рұқсат етілген келу уақыты, мин

5 дейін

Шектеусіз

5-10

180 дейін

10-20

30 дейін

20-25

10 дейін

25 артық

Тыйым салынған





Мониторинг жоспары

II бөлік: 220 кВ-тық Мойнақ ГЭС – 220 кВ-тық Шелек ҚС-ның, ,

220 кВ-тық Мойнақ ГЭС ӘЖ – 220 кВ-тық Робот ҚС-ның әуелік электр жеткізу желісі

Қоршаған ортаға әсер ету

Мониторинг өлшемі

Мониторинг өткізілетін

орын


Мониторинг тәсілі / мониторингке арналған жабдықтың тұрпаты

Мониторинг жүргізу уақыты

Мониторинг шығыстары



Жауапты адам

Басталған күні

Аяқталған күні

Құрылыс салу уақытында


Жерді пайдалану

Топырақ қабатын сақтау тәсілі мен орыны; құрылыс жүктерін тасымалдау кезіндегі ең аз залал

Топырақ қабатын сақтайтын алаң; кіре беріс жолдар

Көзбен шолу

Құрылыс уақытында

Елеусіз

Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Топырақ қабатын төсеуді бастар алдында алаңды зерттеу

Топырақ қабатын алып тастағаннан кейін

Құрылыс техникасынан шыққан ластаушы заттардың эмиссиясы

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат ету, қолданылатын көлік саны

Құрылыс алаңы және кіре беріс жолдар

Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде эмиссияны есептеу

Құрылыс уақытында

Елеусіз
Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыстың басталуы

Құрылыстың аяқталуы

Шаң

Шаң деңгейі

ӘЖ иеліктен айыру жолағы және кіреберіс жол

Көзбен шолу

Құрылыс уақытында

Елеусіз

Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыстың басталуы

Құрылыстың аяқталуы

Шу

ДБ(А)

ӘЖ иеліктен айыру жолағы және кіреберіс жол

Өлшеулер Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы бар және аттестатталған зертханалары бар ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі

Тұрғындар тарапынан шағым болатын болса

Елеусіз


Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыстың басында

-

Қатты қалдықтар (соғылған оқшаулатқыштар, металл, пайдалынылған жабдық және т.б.)

Мердігер лицензиясының қолданыс мерзімін нақтылау

Құрылыс алаңына ену алдында

Көзбен шолу

Құрылыс алаңына рұқсат беру алдында

Елеусіз

Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыстың басталуы

Құрылыстың аяқталуы

Үстірт сулардың сапасы (өзендердің желілермен қиылысқан жерлерінде)

Май-майлайтын материалдар, қоқыс, өлшенген заттар

Өзеннің қиылысқан жерінен ағым бойынша жоғары немесе төмен

Көзбен шолу

Құрылыс уақытында

Елеусіз

Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс кезеңінде

-

Жұмысшылар кентінің тұрмыс-тіршілігі

-кенттің орналасуы;

- ауыз су көзі;

-алып тастау жүйесінің жұмысын қатмасаыз ету;

-кентті қалпына келтіру




Кент алаңы

Көзбен шолу

-кент алаңын салуға дейін;

-кент алаңын пайдалану уақытында;

Кент алаңын пайдалану уақытында;

Құрылыс аяқталғаннан кейін



Елеусіз

Мердігер/ ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс басталғанда

Құрылыс аяқталғанда

Мәдени құндылықтарды табу

Жер жұмыстары

Тіреулерді жинақтау үшін арналған құрылыс алаңдары

Көзбен шолу

Құрылыс кезінде

Елеусіз

Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері

Құрылыс кезеңінде

-

Пайдалану кезінде


Электр магниттік өріс

Электр өрісінің кернеулігі



Электр жеткізу желісінің астында және иеліктен айыру жолағының шетінде

Өлшеулер мамандандырылған ұйымдармен жасасқан шарт бойынша

ҚР № 3.01.036-97 санитарлық ережелері мен нормативтері.

Тіреу биіктігі өріс кернеулігінің ең жоғарғы деңгейі автомобиль жолдарының қиылысқан жерлерінде 10 кВ/м және тұрғылықты аумақтарда шеткі сымдардан 30м арақашықтықта 1 кВ/м құрайтындай есептеледі. ӘЖ сымдарынан бастап жер бетіне дейінгі ең аз ара қашықтық 220, 500 кВ кезінде 8 м.



Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері

Пайдаланар алдында бір рет

-

Ұшқан құстардың ӘЖ-мен соқтығысуы

Ұшып өтетін құстардың соғылуы туралы куәландырулар (мысалы, сымдарға шатасып қалу)

ӘЖ және иеліктен айыру жолағы

Көзбен шолу

Байқаулар миграциялау маусымында жүргізілетін болады.

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері

Пайдаланудың басы


Жалғасатын


Бұру жолағынына қызмет көрсету және тексеру

Тазартудың тек қолмен немесе механикалық әдістерін пайдалануды растау

ӘЖ және бұру жолағы

Көзбен шолу

Тазарту бойынша қызметті жоспарлағаннан кейін

Елеусіз

ЖЭТ филиалының бас инженері

Пайдаланудың басы

Жалғасы

4-бөлім: Институционалды іс-шаралар
ЭБЖ-дағы институционалды іс-шаралар – 220 кВ-тық ӘЖ салу және 220 кВ-тық Шелек ҚС, 220 кВ-тық Робот ҚС қайта құру, 220кВ-тық Мойнақ ГЭС АТҚ-сының құрылысы.
Институционалды іс-шаралар. I мен II бөліктер.

Функция


Жауапты тарап (тараптар)

Мерзімділігі

Экологилық мониторинг бойынша деректер жинау

Құрылыс


Пайдалану
Мердігер/ЖЭТ филиалының бас инженері
Тоқсан сайын




Деректерді талдау

Құрылыс
Пайдалану


“KEGOC” АҚ ҰЭТ дамыту департаменті

“KEGOC” АҚ ҰЭТ дамыту департаменті




Тоқсан сайын




Есеп дайындау

Құрылыс
Пайдалану


“KEGOC” АҚ ҰЭТ дамыту департаменті

“KEGOC” АҚ ҰЭТ дамыту департаменті




Тоқсан сайын




Есепті тарату


Есепті Жобаларды басқару департаменті жібереді

Есепті ХҚДБ алады


Тоқсан сайын




Табиғатты қорғау іс-шаралары

ХҚДБ
Тоқсан сайын






5-бөлім: Әсерге ұрынған жергілікті ҮЕҰ-мен және топтармен кеңес

2008 ж. 14 қарашада Алматы қаласында «KEGOC» АҚ-ның «Алматы ЖЭТ» филиалының кеңсесінде Алматы облысының, Алматы қаласының жұртшылық өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ), БАҚ, «KEGOC» АҚ-ның Атқарушы дирекциясының, «Алматы ЖЭТ» филиалы қызметкерлерінің, мүдделі тұлғалардың (тізімдері қоса берілген) қатысуымен құрылыс жобасы жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілді.


Тұрғындарды қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабардар ету үшін мынадай жұмыстар жүргізілді:


1. Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы «KEGOC» АҚ-ның 2008ж.21.10 № 98 өкімі дайындалды, соған сәйкес «Ақмола ЖЭТ» филиалы Алматы облысының жергілікті атқару органдарына, БАҚ-на, үкіметтік емес ұйымдарға хат жіберді, «Казахстанская правда» республикалық газетіне тыңдаулар өткізу және қоғамдық тыңдауларға шақыру туралы хабарландыру орналастырылды. Баспасөз-релизі дайындалды және ақпараттық агенттіктер мен БАҚ үшін таратылды.
2. Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы мен тізімі қоса берілді.
3. Жобаны қаржыландыратын Халықаралық Қайта құру және Даму Банкімен келісілген қазақ және орыс тілдеріндегі осы Экологиялық басқару жоспары «KEGOC» АҚ-ның вебсайты арқылы қалың жұртшылыққа қол жетімді, «Мойнақ ГЭС» АҚ-ға жіберілді және «кілтімен» келісім-шарты бойынша тендерлік құжаттарға енгізілетін болады.
Қосымшалар:

ӘЖ схемасы;

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың тізімі








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет