І. МАССААЛМАСУ ПРОЦЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫ ОРНАТУДЫҢ РЕЖИМДІК ПАРАМЕТРЛЕРІН РЕТТЕУ
Ректификациялық колонналардың режимдік параметрлерін реттеу
Ректификациялық колонналар қажетті концентрацияда мақсатты өнімді алатын екі өзара байланысқан еритін сұйықтық қоспаларын компоненттерге нақты бөлуге арналған. Ерітіндінің екі фазалары арасындағы екіжақты массаалмасуымен түсіндірілетін ректификация процесінің нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ректифкациялық колоннада булар мен сұйықтардың қарсы түйісуі арқылы әртүрлі қайнау температурасы бар сұйықтарды бөлудің диффузиялық процесі жүреді.
Колонналардың ішкі құрылғысына байланысты фазалардың үздіксіз және сатылы түйісуі мүмкін. Тепе-теңдік жүйенің қасиеттерінен, теңсіз бу және сұйық фазалардың түйіскен кезінде жүйе осы фазалар арасындағы масса және жылу алмасу нәтижесінде тепе-теңдік жағдайына ұмтылады. Ректификацияның өтуі үшін сұйық пен бу бір қысымда тепе-тең болмауы және сұйықтың температурасы бу температурасынан төмен болуы керек. Бұл жағдайда бу фазасы төмен қайнайтын компоненттермен, ал сұйық фазасы жоғары қайнайтын компоненттермен байытылады[1].
Насадкалы колонналар
Насадкалы ректификациялық колонна инертті материалдардан жасалған белгілі бір конфигурация мен өлшемдегі денелер насадка деп аталатын барлық биіктігі немесе жеке бөлімдерде бойынша цилиндрлік тік аппарат болып табылады.Насадканың мақсаты ағатын сұйық пен будың көтерілетін ағыны мен қарқынды араластыру арасындағы үлкен байланыс бетін құру болып табылады. Насадкалы колоннадағы массаалмасу мен байланысудың ерекшелігі насадкамен толтырылған аппараттың барлық бөлімшесінде олардың үздіксіздігі болып табылады[1].
Сурет 1.1-те майлы мұнай гудронынан цилиндрлі май дистиллятын алу үшін жоғарывакуумды қондырғының насадкалы ректификациялық колоннаның схемасы көрсетілген. Колонна екі эллиптикалық түбі бар және бірнеше секцияларға ішкі құрылғылармен бөлінген, диаметрі 3200мм және биіктігі 17000мм тік цилиндрлік аппарат болып табылады.
Құбырлы пештен қыздырылған су буымен бірге шикізат құбыр коллекторларында 1 орналасқан арнайы бүріккіштер 2 арқылы қоректік секцияға түседі. Бүріккіштер мен коллекторлардың мақсаты колоннаның қоректендіру секциясының барлық көлденең қимасы бойынша бірдей, біркелкі жүктеме жасау. Биіктігі 750-1000мм насадканың 3 бірінші қабаты шикізат пен су буындарын енгізу бөлімшесінің үстінде орналасқан және қарқынды масса алмасуға ықпал ете отырып, бу ағынынан айыратын сұйықтың ауыр тамшысын айырғыш рөлін атқарады.
|
|
Сурет 1.1Жоғары вакуумды қондырғының насадкалы ректификациялық колоннасы: 1-құбыр коллекторы; 2-бүріккіштер; 3, 6, 7, 9-насадка қабаттары; 4, 8-іріктелген тәрелкелер; 5-өтпелі құбыр; 10-суландырғыш; 11-шлем құбыр;
|
Бірнеше өтпелі құбырлармен 4 жабдықталған іріктеу тәрелкесінен 4 мақсатты майлы дистилляттың конденсацияланған булары сорғымен сорылып алынады. Мұнай өнімдерінің жеңіл булары су буымен бірге 6, 7 және 9 насадка қабаттары өтеді. Тәрелкеден 8 алынатын сұйықтық жылу алмастырғышта, тоңазытқышта салқындатады және сорғымен суландырғыш 10 арқылы колоннаға қайтады. Колоннаның жоғарғы бөлігінің температуралық режимі берілетін суландыру температурасының мөлшерімен реттеледі. Тәрелкеден 8 артық флегма өлшегіштерге сорылады. Шлемдік құбыр арқылы конденсацияланбаған бу барометрлік конденсаторға түседі, онда бір бөлігі конденсацияланады, ал бір бөлігі вакуум тудыратын құрылғылармен сорылады. Колоннаның төменгі жағында сорғымен айдалудан қалған қалдық өлшеуішке беріледі.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |