Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет47/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

Реакторларды аппаратта жинау үшін жарамды үлкенірек блоктар құрастырылатын құрастыру алаңына жеке габариттік тораптармен жеткізеді. Төрт ірілендірген блоктармен жиі шектелінеді: буландыратын секциясы және үлестіргіші бар реактордың төменгі бөлігі; цилиндрлік корпустың екі блогымен циклоны бар жоғарғы бөлігі.
Блоктарда көрсетілген тәртіпте дайындап жобаланған жағдайға орнатады. Әрбір блокты орнына орнатқаннан кейін бекіту алдында нивелир және теодолит көмегімен көлденең, тік бойынша мұқият тексеріледі. Блоктардың түйістірілуін жеңілдету үшін оларды бағыттаушы косынкалармен ұстап қалғыштармен және т.б. жабдықтайды. Блокта әлі құрастырылмаған іште орнатылатын құрылғыларды люк арқылы беріп аппараттың ішінде құрастырады, сенімді уақытша көпіршелер жасалынады. Осы сияқты көпіршелерден торкрет-бетоннан, шлаковатадан, оқшаулағыш кірпіштен, легирленген болат парақтармен оқшаулағыш қабат қапталуында аппараттың ішкі қабырғасын оқшаулауды орындайды.
Аппараттың ішіндегі құрастыруды дайындаушы зауытта аппаратты бақылаумен жинау кезінде бояп көрсетілген белгі бойынша жүргізеді. Тораптардағы бөлшектерді жинау тәртібі жобалық құжаттарда көрсетіледі. Жинауды катализаторды шығару үшін тарату құрылғысынан (сурет 4.1) немесе тарату торынан бастайды. Одан кейін шарикті катализаторлары бар реактор үшін тірек балкаларды, буларды жинау тарелкасын (сурет 4.2) ағып өту құбырларын және т.б. орнатады. Жинау кезектілігі төменнен жоғарыға қарай атқарылады[6].



Сурет 4.1.Реактордың төменгі тарату қондырғысы: 1-жинау торы; 2-воронка; 3, 4, 6-жоғарғы , ортаңғы және төменгі таратушылар; 5-таратқыштарды бекіту сөрелері; 7-тірек; 8-шығарылған штуцер; 9- катализатор өткізгіш; 10-төменгі люк; 11- штуцер;



Шаң түріндегі катализаторы бар реактор қондырғысын жинау біршама қарапайым циклондырдың тірегіне бекітілуімен жалғастырылумен аяқталады. Реактор жоғары температурада және катализатор қозғалысының жылдамдығы себепкер болатын күшті тозуыда жұмыс жасайды. Қапталған беттерменоқшаулау, ал оқшауланбаған бөлімшеде аппарат корпусы оныңқозғалыстағы катализаторымен түйісетін ішкі құрылғыларда тозады. Соңғысы күшті дәрежеде жиырылуға ұшырайды.









Сурет 4.2 Бу жинайтын торап:1-реактор корпусы; 2-буды алып кету үшін құбыры; 3-катализатор үшін ағып өту құбырлары; 4-айыру аймағының тарелкалары; 5-бүйірлік қабырғалар; 6-колокольчик; 7-ұстап тұратын планкалар; 8-тірейтін планкалар; 9-реакция газын шығару штуцері.

Ең біріншіден үлкен және тез абразивті тозуға тасымалдау желілері циклонды сеператорлар тіректерімен, ретке келтіретін механизмдер, араластырғыш қондырғылар ұшырайды. Металлдың үйкеліп тозуы катализатор қозғалысының үлкен жылждамдығы,қозғалатын ағындағы оның жоғары шоғырлануымен қозғалатын ағынға үлкен кедергі болған сайын жоғары бола береді. Сол себептен тасымалдау желілерінің бұрылыстарымен майыстырулары орындарында ең бір қарқынды тозу орын алады. Ерекше тез тозатындарға ағынға кедергі келтіретін, бекіту құрылғыларының шиберлері жатады. Тез тозатын участкелердің барлығын тозуға төзімді материалдардан дайындау ұсынылады[6].


Ішкі қаптау бетіндегі парақтардың жиырылуы,қабырғаның оқшаулау қабатының ашылуына алып келеді. Ашылған оқшаулау қабаты ұзақ уақыт бойы аппараттың қабырғасын қорғай алмайды, нәтижесінде қабырғаның тозуы басталады. Реакторды жөндеу барлық тозған тораптарды бөлшектерді дәнекерлеу, жамау салу немесе толығымен алмастыру көмегімен толықтай қалпына келтірумен қортындылады. Реакторда барлық реакторлық блок тоқтағаннан кейін бекітілген нұсқаулықта барлық өткізу құбырларымен аппараттарды өздеріне сәйкес дайындағаннан кейін жөндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет