Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет5/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

1.1.3Тәрелкелі колонналар

Тәрелкелі колонналардағы ректификациялау процесі бу фазасын сұйықпен бірнеше рет сатылы түйісуі арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым жағдайда ректификациялық колонна ішінде оның осіне перпендикуляр тәрелкелер орналасқан екі түп бар цилиндрлік аппарат болып табылады. Бұл тәрелкелерде негізінен масса алмасу жүреді.


Сурет 1.3-те тәрелкелі колоннаның принципті сұлбасы көрсетілген. Ректификация арқылы екі фракцияға бөлінетін шикізат белгілі бір температураға дейін қыздырылған сұйық, бу немесе бу мен сұйықтың қоспасы түрінде колоннаның ортаңғы (қоректік) секциясына беріледі. Шикізатты енгізу бөлігінің үстінде және оның астында тәрелкелер орналасқан, ол жоғарыдан ағатын сұйықтық пен төменнен жоғарыға қоректіктәрелке арқылы өтетін булар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.





Сурет 1.3 Қарапайым тәрелкелі колонна жұмысының принципті сұлбасы

Қарапайым колоннада табақшадағы флегма деп аталатын сұйықтық колоннаға енгізілетін қоспа сияқты екі компоненттен тұрады. Бұл компоненттер қайнау температураларымен ерекшеленеді және көрсетілген температуралардың айырмашылығы жоғары болған сайын оңай бөлінеді. Әр тәрелкеде сұйықта төмен және жоғары қайнайтын компоненттердің сандық қатынасы оның қоректік секцияға және басқа тарелкаларға қатысты орналасқан жеріне байланысты[2].


Сұйық және бу фазаларында болатын төмен және жоғары қайнайтын компоненттердің концентрациясы осы фазалар арасындағы масса алмасудың нәтижесінде өзгереді. Төменнен үздіксіз көтерілетін будың әрбір тәрелкедеғы сұйықпен түйіскен кезде соңғысы будың кейбір мөлшерін алып тастайды, қосымша қызады, нәтижесінде төмен қайнайтын компоненттермен көтерілетін бу фазасын байытатын ішінара буланады. Сонымен қатар,әрбіртәрелкеде суық сұйықтықпен араластырылып, сұйықта (флегмада) жоғары қайнайтын компоненттерді қалдыра отырып, бу салқындатылады және ішінара конденсацияланады. Бұл процесс есебінен бу фазасында төмен қайнайтын, ал сұйықтықта жоғары қайнайтын фракциялардың концентрациясы артады[1].
Бу фазасы мен сұйықтың арасындағы жылу алмасу нәтижесінде тәрелкеде сұйықтықтың үздіксіз ішінара булануы және будың ішінара конденсациясы болады, бұл осы фазаларда компоненттер концентрациясының белгілі бір өзгеруін қамтамасыз етеді. Әрбір келесі тәрелкеде фазалар қозғалысы бойынша оларда төмен қайнайтын фракциялардың концентрациясы артады және жоғары қайнайтын фракциялардың концентрациясы азаяды. Сұйық жоғарыдан төмен қозғалғанда әрбір келесі тәрелкеде жоғары қайнайтын компоненттермен байытыладыжәне төмен қайнайтын компоненттер азаяды.Байланысу сатыларының саны, яғни тәрелкелер саны колоннаның жоғарғы жағында бу және оның төменгі жағындағы сұйықтық төмен және жоғары қайнайтын компоненттер үшін берілген концентрацияға қол жеткізетіндей болуы тиіс[2].
Ректификациялық колоннаны шартты түрде екі бөлікке бөледі. Байыту немесе концентрациялық - шикізатты енгізу бөлігінен жоғары, айдау немесе буландыру - қоректік секциядан төмен орналасқанколоннаның бір бөлігі деп аталады. Қарама-қарсы ағындардың шоғырлануын өзгертудің міндетті шарты колоннадағы температураның тәрелкеден тәрелкеге бу қозғалысы бағытында төмендеуі және сұйықтық қозғалысы бағытында температураның өсуі болып табылады. Колоннаның концентрациялық бөлігі үшін бұл шарт жылудың кейбір мөлшерін шығаруымен іске асырылады,нәтижесінде тәрелкеден тәрелкеге ағатын сұйықтық ағыны пайда болады.
Қоректік секциядан айдау бөлігіне ағатын сұйықтық жоғары қайнайтын компоненттермен қатар булануы тиіс төмен қайнайтын сұйықтықтар да бар. Ол үшін колоннаның төменгі бөлігінен белгілі бір мөлшерде жылу енгізеді, нәтижесінде айдау бөлігінде будың жоғары ағысы пайда болады[1].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет