Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет50/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

5.2. Ортадан тепкіш сорғылар


Сорғылардың арыны мен өнімділігі. Сұйықтықтың немесе газдың ағыны сорғы арқылы оның негізгі жұмыс органы ортадан тепкіш дискімен немесе басқаша жұмыс дөңгелегімен дамытатын ортадан тепкіш күш әсерімен қозғалады. Доңғалақтың ортасына аксиальды келіп түскен сұйықтық периферияға радиалды бағытта қозғалады. Сонымен қатар, электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет. Жұмыс доңғалағының арналарындағы сұйықтық бөлшектерінің абсолюттік жылдамдығы оның айналмалы жылдамдығының геометриялық жиынтығына және екі көршілес доңғалақтың қалақтары арасындағы ағыстың салыстырмалы жылдамдығына тең.
Доңғалақ қалақтары арқылы өту кезінде сұйықтық бөлшектерімен алынатын Энергия оның айналуының бұрыштық жылдамдығына, қалақтардың профилі бойынша радиалды қозғалу шамасына және бөлшектер массасына байланысты (5.1):
(5.1)
Мұндағы: m-бөлшектердің салмағы, кгс*сек2/м; w-дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы, сек-1; r1,r2-дөңгелектің ішкі және сыртқы диаметрлері, м;
Жұмыс дөңгелегі айналғанда теориялық арынды Hт құрайды, ол доңғалақтың кіруіне түсетін аксиалды бағытталған ағынға Эйлер формуласы (5.2) бойынша анықталады:
(5.2)
Мұндағы: u - дөңгелектің айналмалы жылдамдығы, м/с; с - доңғалақ қалақтары бойынша сұйықтық қозғалысының абсолютті жылдамдығы, м/с; - дөңгелектің сыртқы шеңберіне жанасу және дөңгелектен сұйықтықтың шығысындағы қалақтардың профиліне перпендикуляр арасындағы бұрыш.
Нақты арын, бұл жұмыс істеп тұрған сорғының қысымы теориялықтан аз болуы, дөңгелектегі сұйықтықтың қозғалыс сипатына және ортаның кедергісімен және бөлшектердің доңғалақтың қабырғасына үйкелуімен байланысты жоғалтулармен түсіндіріледі.
Теориялық өнімділікті немесе ортадан тепкіш сорғыны беруін (м3/с) (5.3) формула бойынша табуға болады:
(5.3)
Мұндағы: -дөңгелектің сыртқы диаметрі, м; -доңғалақ қалақтарының ені, м.
Сорғының нақты өнімділігі әрдайым теориялықтан аз. Бұл сорғыдағы гидравликалық кедергілермен және нығыз еместігімен түсіндіріледі, соның салдарынан сорылатын сұйықтықтың кейбір бөлігі оның ішінде айналады. Өнеркәсіптік жағдайларда теориялық өнімділік пен арынды анықтау қажет емес. Келтірілген формулалар сорғының теориялық сипаттамасы қандай факторларға тәуелді екендігі туралы ғана түсінік береді. Сорғыларды таңдау үшін, сондай-ақ оларды пайдаланудың тиімді режимін белгілеу үшін жұмыс немесе техникалық, сорғыш мінездемесін пайдалану қажет, оны дайындаушы зауытта жабдықтайды[7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет