Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет6/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

1.1.4 Колонналардың құрылысы


Колонна корпусы қақпақпен жабылған тік орналасқан цилиндр болып табылады. Колоннаның диаметрі көтерілетін булардың көлемі мен олардың рұқсат етілген жылдамдығы (1.2) формула бойынша анықталады.
(1.2)
Мұндағы: -колоннаның ішкі диаметрі, мм; -колонна бойынша көтерілетін булардың максималды көлемі, м3/с; -колоннаның бос қимасында булардың сызықтық рұқсат етілген жылдамдығы, м/с;
Будың жоғары көлемін немесе массасын колоннаның материалдық балансынан табады. Пайдалану шарттары бойынша колонна секцияларындағы бу көлемі бір-бірінен ерекшеленеді. Мұндай жағдайларда бұл секциялар будың жол берілетін сызықтық жылдамдығынан үлкен ауытқуға жол бермеу үшін әртүрлі диаметрді дайындайды.
Колоннадағы булардың рұқсат етілген жылдамдығының шамасы әртүрлі факторларға: тарелкалардың құрылысына, олардың арасындағы қашықтықтарға, қарастырылатын қимадағы сұйық және бу фазаларының тығыздығына, беттік керілуге байланысты[1].
Қақпақты тәрелкелері бар колонналар үшін рұқсат етілетін сызықтық жылдамдық (1.3)формула бойынша анықталады:
(1.3)
Мұндағы: - колоннаның қарастырылған қимасындағы сұйық пен будың тығыздығы, кг/м3;
Егер будың жылдамдығы атмосфералық колонналарда 0,5-1,2м/с және вакуумдық колонналарда 1,5-3,5м/с шегінде болса, пайдалану шарттары қалыпты деп есептеледі.
Колонна биіктігін тәрелкелердің нақты санын және олардың арасындағы қабылданған қашықтықты, қоректік секциялар бөлігінің биіктігін және түптер мен шеткі тәрелкелер арасындағы бос көлемдердің биіктігін біле отырып табады. Көрсетілген бөлімшелердің өлшемдері ішкі құрылғылардың құрылысына, оларды құрастыру және жөндеу мүмкіндігіне байланысты, колоннаның төменгі жағындағы сұйық қалдықтың кейбір мөлшерін іріктеу қажеттілігін ескере отырып қабылданады[1].
Колоннадағы тәрелкелердің нақты санын (1.4) формула бойынша анықталады:
(1.4)
Мұндағы: -тәрелкелердің теориялық саны; - тәрелкелердің орташа ПӘК-і
Теориялық тәрелкелер санын технологиялық есеппен анықтайды, онда шартты түрде табақшадағы масса алмасушы фазалар толық тепе-теңдікке келеді. Практикалық бұл фазалар тепе-теңдікке қол жеткізбейді,сондықтан нақты тәрелкелер саны теориялық саннан көп болады. Тәрелкелердің орташа ПӘК-і жұмыс режимі мен тәрелкелер құрылысы болып табылатын әртүрлі факторларға байланысты[2].
Колонналардағы тәрелкелер арасындағы қашықтық 500-700мм болып келеді. Бұл қашықтық сұйықтықтың төменде орналасқан тәрелкеден жоғарыға кетуін болдырмау, құю құрылғылары мен іріктеу қалталарының жеткілікті биіктігін қамтамасыз ету және сонымен қатар, екі көршілес тәрелкелер арасында ішкі құрылғылар мен колонна корпусын жөндеуге қол жетімді ету үшін жетілікті. Іргетасқа орнату үшін колонналарюбкамен бір тұтас ретінде жасалады, биіктігі кейде 10м-ге және одан да жоғары болып келеді. Ректификациялық колонналардың корпустары қондырғының технологиялық схемалары мен жұмыс режимдеріне, колонналардың тағайындалуына байланысты қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейді. Пайдалану процесінде колонна корпусы қабырғасының қалыңдығын жөндеу кезінде нақты өлшемдер бойынша тексереді. Көп жағдайда корпус қабырғасының қалыңдығы ректификациялық колонна диаметрінің 10% аспайды, сондықтан корпустың ішкі немесе сыртқы қысымда жұмыс істейтін жұқа қабырғалы аппарат ретінде есептеледі[1].
Колонналардың түбі, егер қалдық қалыңдығы теңсіздіктермен анықталса, одан әрі пайдалануға жарамды деп саналады:
тегіс түп үшін
(1.5)
Сфералық түп үшін
(1.6)
Эллипстік түп үшін
(1.7)





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет