Мысал №2 Реакциялық пештің жылулық есебі
Қыздыру-реакциялық пештің жылу есебінің ерекшелігі балансты құруда көрінеді. Шикізаттың химиялық түрленуі жылуды сіңірумен немесе бөлумен өтеді. Жиынтық жылу әсерін жылулық балансының кіріс немесе шығыс бөлігіне қосу қажет. Сонымен, термиялық крекинг пешінің пайдалы жылу қуаты (Qпол, Вт):
Мұндағы: Gc-шикізат шығыны, кг/с; е– айдаудың массалық үлесі; - пештің кіре берісінде (t1) және шығуында (t2) бу тәрізді, сұйық өнімдер мен сұйық шикізаттың энтальпиясы, Дж/кг; γ-шикізаттың айналу тереңдігі, оның бастапқы санынан үлес; - реакцияның салыстырмалы жылу әсері, Дж/кг. Висбрекингтің меншікті жылу әсері 120-дан 230кДж/кг-ға дейін шикізатты құрайды.
Тапсырмалар:
№1 Ауыр мұнай шикізатының крекингінің ұзақтығы 450°С кезінде 240с құрайды. Температура градиенті 12,9 тең қабылдайды. Сол мөлшерде бензин алынған жағдайда 425°С кезінде процесті жүргізу уақыты қандай болады ?
№2 Температураның 415-445°С жоғарылауы кезінде крекингтің реакциялық аймағында шикізаттың болу уақыты қанша есе қысқарады? Бензиннің шығуы өзгеріссіз қалады, температуралық коэффициент 1,64 тең.
№3 Крекинг температурасы 15°С төмендеген кезде процестің ұзақтығы бензиннің бұрынғы шығуын ұстап тұру үшін екі есе өсті. Температура коэффициентін табыңыз.
№4 Крекинг пешіне тура айдалатын қалдық пен рециркуляттан тұратын аралас шикізаттан 18,05кг/с түседі. Жүктеу коэффициенті 1,25 тең. Пешке берілетін рециркулят санын анықтау.
№5 Крекинг пеші реакциялық жыланша құбыр бойынша (dвн=0,12м) (ρсм=500кг/м3) бу сұйықтығы қоспасының қозғалыс жылдамдығын есептеу керек. Шикізат шығыны 13,83кг/с.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту қазіргі кезеңде шығарылатын өнім ассортиментінің едәуір кеңеюімен және сапасының артуымен, мұнай өңдеу тереңдігінің ұлғаюымен, мұнай-газ өндіруші аудандардың қажеттіліктерін ескере отырып, мұнай өнімдерінің кең гаммасын алуға мүмкіндік беретін мұнайды, газды және газ конденсатын кешенді өңдеудің модульдік аз тоннажды қондырғыларының үлкен бірлікте қуаты қондырғыларымен қатар құрылысымен сипатталады. Мұндай шағын көлемді қондырғылар газ-мұнай шикізатын физикалық бөлу жолымен бастапқы өңдеуді ғана емес, сонымен қатар тиімділігі жоғары катализаторларды пайдалана отырып, химиялық өңдеудің қайталама процестерін жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Көптеген өндірістік процестерде бастапқы шикізатты құрамдас компоненттерге бөлу, өнімдерді қыздыру және салқындату, жүйенің түрлі фазаларын механикалық бөлуді жүзеге асыру талап етіледі. Бұл ретте өзінің физикалық табиғаты бойынша бірдей процестер технологиялық процестің әртүрлі сатыларында қолданылуы мүмкін, ол өнімнің талап етілетін сапасы мен қасиеттерін алуды қамтамасыз етеді.
Бірнеше жағдайларда әртүрлі процестерді жүргізу үшін бір типті аппараттар қолданылуы мүмкін және керісінше, өзінің табиғаты бойынша бір типті процестер үшін конструкциясы бойынша әртүрлі аппараттар қолданылуы мүмкін. Табиғи немесе жасанды шикізатты тиісті өнімдерге өңдеудің жүйелілігі мен әдістерін зерттеумен айналысатын химиялық технологиядан айырмашылығы «Жабдықты, машиналарды, аппараттар, сорғылар мен компрессорларды күйге келтіру және баптау» курсында типтік процестердің жалпы заңдылықтары және оларды нақты технологиялық тізбекті жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар оқытылады. Бұл үдерістер мен аппараттардың, олардың үйлесімдерінің неғұрлым ұтымды шарттарын таңдау базасында өңдеу технологиясын тиімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқу құралында мұнай және газды қайта өңдеу объектілерінде жиі қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтардың жіктелуі, құрылысы, технологиялық аппараттар мен сораптар, компрессорларды күйге келтіру, реттеу, баптау технологиясының ерекшеліктерінен мәліметтер келтірілген.
Оқу құралын шығару белгілі бір шамада осы саладағы білім базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқу құралының мәтіні ақпараттық-анықтамалық материалмен және иллюстрациялармен сүйемелденеді және ұсынылған әдебиеттер тізімін қамтиды. Оқу құралында «Жабдықты, машиналарды, аппараттар, сорғылар мен компрессорларды күйге келтіру және баптау» модулі бойынша міндеттерді меңгеруге және түсінуіне мүмкіндік беретін кешенді сұрақтар қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |