Молдакулова а. Д., Балтабасова б. Ж., Кембаев а. Р., Галиева а. Е



бет22/70
Дата11.10.2022
өлшемі4.26 Mb.
#462374
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Жабдықты, машиналарды,аппараттарды, сораптар мен компрессорларды күйге келтіру мен баптау

2.1.3 Құбырлы пештерді пайдалану


Жыланшадағышикізат ағыны жылдамдығыкөп болған сайын пеш құбырының қабырғасы арқылы жылу беру коэффициенті соғұрлым жоғары болады. Берілген жылу режимінде жақсы жылусыйымдылықты құбыр қабырғасының төменгі температурасын қамтамасыз етеді, бұл құбырды оның ішкі бетінде кокстың қарқынды шөгуінен қорғайды. Ағынның жоғары жылдамдығы шикізат құрамындағы лас мен механикалық қоспалардың шөгуіне өздері кедергі келтіреді. Құрылысы тұрғыдан жыланшадағы ағынның жоғары жылдамдығы құбырдың кіші диаметріне сайып келгенде пеш өлшемдерінің азаюына алып келеді. Өнімнің құбырларда болу уақыты, оның ыдырау дәрежесі және жыланшадағы ағынның жылдамдығы неғұрлым азырақ. Кейбір пештер үшін жыланшаның шектегі аймақтарында өнімнің болу уақыты қатаң анықталған болуы тиіс, сондықтан оларда ағынның жылдамдығы өзгеруі мүмкін емес[1].
Жыланшадағы ағынның жылдамдығын өткір немесе қыздырылған су буларын беру арқылы үлкен жылу кернеулі бөлімшелерде ұлғайтуға болады. Буды дұрыс беру кезінде көп жағдайларда пеш құбырларын қыздыруға жол берілмейді. Құбыр жыланшасындағы ағынның жоғары жылдамдығында гидравликалық кедергінің артуымен үрдіс тежеледі. Жыланшаларда арынның жоғалуы ағынның қозғалыс жылдамдығында шамамен квадратқа тең өседі. Пештер шикізат толық немесе ішінара қыздырылады. Мұндай пештің жыланшасында булану басталғанға дейін кедергі біркелкі артады. Булану басталғаннан арынның жоғалу қарқынды өседі[1].
Пешке кірердегі қысым колоннамен жыланшаның шығуын қосатын құбыр мен жыланша ағынның гидравликалық кедергілерінен және қыздырылған шикізат берілетін булану секциясының ішіндегі қысымнан құралады. Жоғары қысым кезінде құбырлы жыланшаларын пайдалану біріншіден, жоғары арынды қамтамасыз ететін сорғыларды жетегіне арналған энергияның ұлғайтылған шығынымен және екіншіден, неғұрлым қалың қабырғалы құбырлар мен ретурбендтерді қолдану қажеттілігімен байланысты. Осы пайымдауларға сүйене отырып, жыланшаға кіре берістегі ағынның жылдамдығын 2м/с-ке дейін көтеруді орынды деп тануға болады. Термиялық крекинг қондырғыларының пештері үшін бұл жылдамдық 3м/с жетеді[1].
Пешке кіретін қысымды азайту үшін жыланша екі, үш және көп ағынды болып дайындалынады. Әрбір ағынға жеке сорғымен қызмет көрсететін ең қарапайым пайдалану көп ағынды пештер, бірақ, аз қуатты сорғылар санының артуына және сорғы агрегаттарының жалпы санының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан бір қуатты сорғы бірнеше ағындарға қызмет көрсетеді. Шикізаттың жекелеген ағындар бойынша біреуін толық жүктемей алмау және басқа құбырларды артық жүктеу сияқты біркелкі емес таралу қаупі туады. Бұл жағдайда, ағындарды автоматты реттеу жүйесі тоқтаусыз жұмыс істеуі керек. Ағындардың бірінің құбыр шығынын автоматты реттегіштің дұрыс жұмыс істемеуінің салдарынан толығымен кокстану жағдайы анықталды. Ағындарды қатаң симметриялы орналастыру кезінде шикізат шығынын реттеу жеңілдетіледі.
Қысымды азайту, сондай-ақ трансферттік линиялар диаметрінің ұлғаюы ықпал етеді. Осы желілердегі жылдамдықтың төмендеуімен пештен шығатын барлық ағындар біріктіріледі, оларды пайдалану жеңілдетіледі, өйткені булану процесі тездетіледі, қабырғалардың, бұрылыстар тозуы төмендейді[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет