ІІІ. ГИДРОМЕХАНИКАЛЫҚ ПРОЦЕССІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАРДЫ ОРНАТУДЫҢ РЕЖИМДІК ПАРАМЕТРЛЕРІН РЕТТЕУ
3.1 Араластырғыш құрылғылары бар аппараттар
Көпшілік жағдайда араластырғыш құрылғылары бар аппараттарконустық немесе эллипстік төменгі табаны бар іші қуыс цилиндрлер түрінде болады, сол себептен олардың корпусын құрастыру жөндеу өзіне ғана тәндігімен ерекшеленеді. Аппараттардың конструкциялық ерекшелігі араластыру әдісімен анықталады, болмаса араластыратын құрылғылардың түрімен. Араластыруды пневматикалық, гидравликалық, механикалық деп ерекшелейді.
Араластыратын құрылғылардың түрлері. Пневматикалық немесе гидравликалық араластыратын аппараттарды құрастыру кезінде араластыру құрылғыларын-барботерлерді және оларды корпусқа берік бекітіп жинау дәлдігін сақтау өте маңызды. Барботерлер жұмыс істеу барысында тозады, сол себептен көпшілік жағдайда оларды жеңіл ажырататын етіп орындайды
Механикалық араластырғыш құрылғылары бар аппараттарбір-бірінен басты түрде формасымен араластырғыш конструкциясымен ерекшеленеді. Қалақшалы, рамалы және якорлы араластырғыштар кеңінен таралған. Ортаны қарқынды араластыру үшін ашық немесе жабық дөңгелегі бар турбиналы, пропеллерлік араластырғышты қолданады[2].
|
Сурет 3.1 Якорлы араластырғыш:
а, б - эллипстік түпті корпус үшін
в,г - конусты түпті корпус үшін
|
Сурет 3.1-де әртүрлі якорлы араластырғыштың құрылысы көрсетілген. Тік аппараттарды құрастыру кезінде білік осініңтіктілігін қатаң сақтаумен жиналған араластырғыштың айналу осіне салыстырмалықта мүмкіндіктегі дисбалансты болдырмау өте маңызды. Араластырғыштың тұрақтылығын балансталғандығын тексеруді, роторды сынама іске қосу барысында рейсмус көмегімен жүргізеді.
Араластырғышты білікке шпонкалармен орнатады, сол себептен олардың втулкасы білікке мұқият сәйкестендірілуі қажет. Әртүрлі втулкаларды қолдану жағдайында жинағаннан болттарды қатайтып тартқаннан кейін втулканың білікке барлық түйісу беті бойынша тығыз жатқанына көз жеткізу қажет. Араластырғыш білігін жиі құрамалы етіп дайындайды. Біліктерді муфта көмегімен жалғастырып, оларға жауапкершілікпен қарау керек. Араластырғыштарды тұтас, дәнекерлеп немесе бөлшектенетін етіп орындайды. Оларды крандар көмегімен білігімен бірге немесе жекелеп аппаратқа салады. Жекеше салу жағдайында білікке отырғызуды аппараттың ішінде орындайды, бұл күрделі жұмыс болып келеді[6].
Турбиналы араластырғыштар дәл құрастыруды қажет етеді,турбиналық дөңгелектерді құрастыру алдында жақсы балансирленуі қажет. Араластырғыштардың бөлшектерін жөндеу көбінесе тозғанда немесе сынған жағдайда жүргізіледі. Егер білікпен түйісетін бетті дәнекерлеп толтырса, оларды жинағанға дейін механикалық өңдеуден өткізеді.Тозған бөлшектерді жаңаларымен алмастырып, белгілі амалдармен қалпына келтіреді. Пропеллерді тұтастай құйып немесе қалақшаларымен бірге дәнекерлеп сондайақ қалақшаларын жиналмалы дайындайды. Соңғы жағдайда пропеллерді жөндеу тозған қалақшаларды алмастырудан тұрады.
Планетарлық араластырғышты құрастыру жөндеу өте күрделі. Ол білік осьтері қандайда бір орталық осьтерге салыстырмалықта айналатын, қалақшалы және якорлы араластырғыш түрінде болады. Барлық араластырғыштарға қойылатын талаптардан басқа, планетарлық араластырғышты құрастыру кезінде, бірегей планетарлық беріліспен байланысқан барлық қатар жатқан біліктердің дәл өзара үйлесімдігі болуы қажет. Планетарлық берілістің шестернялары әрбір жөндеу кезінде тексеруден өтеді:тіс беттерінің, олардың қалыңдығы беттерінің жағдайы, сондайақ втулкадағы саңылаудың болуы тексеріледі[6].
Достарыңызбен бөлісу: |