Молдова Республикасына iзгiлiк көмек көрсету туралы



Дата03.07.2016
өлшемі23.38 Kb.
#174240
Молдова Республикасына iзгiлiк көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 17 қыркүйектегi № 959 Қаулысы

      Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Молдова Республикасында қалыптасқан табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың аса терiс зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Молдова Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Молдова Республикасына iзгiлiк жүгiн Кишинев-товарная станциясына дейiн тасымалдау және жеткiзу үшiн жылжымалы құрамды уақтылы берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлiк және коммуникация министрлiктерi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк көмектi алушыны анықтасын және оны алу жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң        
2010 жылғы 17 қыркүйектегi
№ 959 қаулысына     
қосымша         

Молдова Республикасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн
мемлекеттiк материалдық резервтен шығарылатын материалдық
құндылықтардың тiзбесi

Р\с


Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бiрлiгi

Саны

1.

Жарма (күрiш)

тн.

500

2.

10 орындық палаткалар (жазғы)

дана

100

3.

Жастық тысы

дана

500

4.

Ақ жайма

дана

1000

5.

Матрац

дана

500

6.

Көрпе

дана

500

7.

Жастық

дана

500

8.

Кiр сабын

тн.

60


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет