15
қалыпты шегінен шықса,
тепе-теңдік бұзылса, дәл сол мөлшер басқа формаға
ауысады. Жинақтай келгенде, Абай «мөлшер»
ұғымының субстантивті
негіздерін өлшеусіз, шексіз, адамзаттық негіздерін өлшеулі, шекті деп біледі.
Адамзат руханияты тарихындағы есімі әлемге белгілі аталған ойшыл,
ғұламалардың мөлшер категориясы туралы ой-тұжырымдары мен анықтаған
басты жаңалықтарын түйіндей келе, төмендегі кесте
2
түрінде көрсетуге болады:
Кесте 2: мөлшер категориясының философиялық мәні
«Мөлшер» шартты түрде үш деңгейден тұрады. Материя мөлшердің пайда
болуының адам санасынан тыс, жаратылыстық негізін көрсетеді. Бұл объективті
мөлшер саналады. Әрі мөлшердің пайда болуының бірінші сатысы. Ал
осы
объективті мөлшердің адам рухани кеңістігіне енуі, ойлау, таным жүйесі арқылы
сипатталуы, сан, шама формасында көрініс табуы оның адамзаттық негізі
саналады. Бұл объективті әрі субъективті мөлшер саналады. Бұл мөлшердің
ұғым ретінде пайда болуы, яғни екінші сатысы.
Бір формадағы жаратылыстық
нысан әр адамда, әр этноста, әр халықта түрліше формада, ұқсамаған мөлшерде
сипатталады. Өйткені жаратылыстық дүние барлық адамға бірдей болғанымен,
адамзаттың рухани әлемі бірдей «кеңістікте» болмайды. Дүниені танудың
шарттары, құралдары, тәсілдері адамдарда жасына, жынысына, тобына, тағы да
басқа тарихи-әлеуметтік топтардың түріне қарай түрліше болады. Сондықтан
нысандар осы «екінші әлемге» енгенде
қайта құрылымданып, түрліше шамалар
болып танылады және ол тіл-тілдерден түрліше формада көрініс табады. Міне,
бұл мөлшердің пайда болуының үшінші сатысы. Бұл субъективті мөлшер болады.
2
Кестедегі түзу сызық философтардың бірінші болып анықтаған басты жаңалықтарын, үзік сызық өзінен бұрын
анықталған ақиқатты мақұлдауын, құптауын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: