Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет58/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

қосарлап асар» (МҚ, Т
3
-48). 
Мұндағы иұға, иұпқа, иұвқа сөздері көне түркі тілінің диалектілерінде түрлі 
дыбыстық өзгешеліктермен айтылатын бір сөз болса керек. Көне түркі 
ескерткіштерінде бұл сөз иуйқа (Тон., 13) түрінде кездеседі. Аталған сөздер қай 
бағытта және қандай заттардың қалың/жұқалық мәнін білдірмесін, бәрі де 
«қашықтық» ұғымына жатады. 
«Қашықтық» ұғымы көбіне көлденең бағытты білдіреді. Көлденең бағытта 
ұзын/қысқа, алыс/жақын тіресімдік ұғымдары аясында көрініс табады. Сөздікте 
көлденең бағытты «қашықтық» семантикасын білдіретін мынадай сөздер 
кездеседі:
– Ұзұн // ұзын (МҚ, Т
1
-107); 
– Ызұқ // ұзын, ұзақ: ызұқ тағ // асу бермейтін тау, асуы ұзақ тау (МҚ, Т
1
-
94); 
– Қырт // қысқа, шолақ: «қырт от// қысқа шөп», сондай-ақ қысқа шашты 
да «қырт саш // шолақ шаш», құлықсыз сараң адамды «қырт кіші // қырт кісі» 
дейді (МҚ, Т
1
-401);
Бұрұң – бір оқ жетерлік жер қашықтығы: «Бұрұң атты // бір оқ 
жетерлік жерге атты» (МҚ, Т
3
-495). 
Мұндағы ұзұн, ызақ, қырт сөздері көлденең бағыттар үшін қолданылады, 
алайда тік бағытты білдіруге де қолданылуы ықтимал. Мысалы, ұзын ағаш десек, 
ол тік бағытты білдіреді. Мұны қырт сөзінің шаш пен шөптің ұзындық 
мөлшеріне қатысты айтылуы да көрсетеді. Аталған сөздер көбіне географиялық 
кеңістік емес, нақты заттарға байланысты қолданылады. Ал бұрұң сөзі сол 
кезеңде белгілі қашықтық мөлшерін білдіретін халықтық өлшемге айналған 
сөзге ұқсайды. Аталған сөздің басқа сөздерден ерекшелігі – тіресім құрмай-ақ, 
қашықтық шаманы сипаттауы.


80 
М.Қашқари сөздігіндегі көлденең бағыттағы қашықтық семантикасын 
білдіретін сөздердің ендігі бір тобы «алыс/жақын» ұғымдарымен беріледі. 
«Арақашықтық» семантикасын білдіретін бұл сөздер деректі заттармен қатар
абстрактілі ұғымдарға да қолданылады: 
Иырақ // жырақ: «иырақ иер // жырақ жер». Туысқандардың, тағы 
басқалардың жырақ қалғанында да осы сөзді қолданады (МҚ, Т
3
-41). 
– Иағұқ // жақын: «иағұқ иер // жақын жер». Туысқан-туғандарға да «иақ 
иағұқ» дейді (МҚ, Т
3
-42). 
– Иақын // жақын: «Иақын иер // жақын жер», «иақын ер // иақын адам, 
жақын туыс» (МҚ, Т
3
-33-34). 
Мұндағы иырақ, иағұқ, иақын сөздері нақты бір географиялық екі нүктенің 
(орынның) арақашықтығын білдіреді. Бұл сөздер кейде тік бағытты қашықтық 
шамаларға да қолданылады. Сонымен қатар абстрактілі арақашықтық 
ұғымдарын білдіреді. Әлем географиялық кеңістіктен құралады, соған ұқсас 
адамның ішкі әлемі де рухани кеңістік. Осы баламалы ұғымдардағы қашықтық 
ұғымдарын сипаттауға қолданылатын сөздер де ұқсас болады.
Жоғарыдағы «қашықтық» ұғымын білдіретін лексемалар – негізінен, 
сапалық және қатыстық сын есімдер. Бұл сөздер белгілі ұғым аясында өзара 
тіресім құрап, «қашықтық» ұғымын сындық тұрғыдан жалпылама сипаттайды. 
Яғни нақты мөлшерлік мән емес, салыстырмалы түрде айтылған бағалауыштық 
мөлшерлік мән. Бұлар дербес тұрғанда сын есім деп танылғанымен, контексте 
нақты қолданыс тапқанда мөлшерлік семантикасы нақтылана түседі. Сын 
есімдердің бұл қасиеті қазақ тілінде де, орта ғасыр түркі тілінде де ұқсас.
Мөлшер семантикасын білдіретін лексикалық бірліктердің ендігі бір тобы 
«уақыт мөлшері» микроұғымына жатады. Әдетте лексикалық бірліктердің көбі 
бір ғана мағынамен шектелмейді. Тілдік қолданыс барысында семантикалық 
өрісі кеңейіп, бір лексема бірнеше басты ұғымдарды тоғыстырып жатады. 
М.Қашқаридың сөздігінде «уақыт мөлшері» семантикасын білдіретін мәңгү // 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет