126
Бадиха бу ғазални гөш қылғын //
Бүгін таңға дейін шарап ішіп
Осы сәтте шығарған ғазалымды тыңдағыл (МН, А/57-60).
Мысалдардағы
қыйаматқа тегі, нічәгә тегрү, таңқа текин синтаксистік
модельдері белгілі бір сәттен басталған уақыттың аяқталу кезеңіне дейінгі уақыт
мөлшері семантикасын білдіреді. Ал екінші мысалдағы
нічәгә сөзі барыс септікті
сұрау есімдігі болғанмен, уақыт мөлшерінің созылыңқылық, ұзақтық
семантикасын білдіреді.
– Ескерткіштерде шығыс септігі жалғауы сөз септеулік шылаулардың
-
дин+соң (-дан+соң), -дин+кейин (-дан+кейін), -дын+кейин (-дан+кейін)
модельдегі синтаксистік байланысы арқылы да мөлшер семантикасы беріледі.
Мысалы:
1)
Алқисса беш йылдин кейин Шиш ’алайһи с-салам ужудға келдилар (АХ,
219/8-9)
// Әлқисса, бес жылдан кейін Шиш алайһи с-салам өмірге келді;
2)
Қырық йылдин соң ол тофрақ балчық болды (АХ, 181/33-36)
// Қырық
жылдан соң ол топырақ балшық болды.
Бұл мысалдардағы есептік сан есімдер арқылы уақыт мерзімі анықталған
(нақтыланған)
беш йылдин кейин, қырық йылдин соң модельдер белгілі процестің
жүзеге асуына қажет немесе жүзеге асуына кеткен уақыт мөлшерінің шегін
білдіріп тұр.
– Кейде модельдердің құрылымы одан сайын күрделеніп, шығыс септігі,
барыс септігі, септеулік шылаулардың
-дың+-ға+тегү (-дан+-ға+дейін), -дин+-
ғача (-дан+-ға+дейін) байланысы арқылы да мөлшер семантикасы беріледі.
Мысалы:
1)
Тоғардын күн батарға тегү кездім (ХШ, 18р-25)
// туардан күн батарға
дейін кездім;
2)
Ол уақытдин та бу уақытғача та’ажабдин (ғажап істе) башларыны
тутмақ ’адатлары ол сабабдиндур (АХ, 190/39-41)
// Сол уақыттан осы
уақытқа шейін ғажап істерге жолыққанда бастарын төмен ұстайтын
әдеттері осы себептен.
Бірінші мысалда батыстан шығысқа дейінгі аралықты қамтитын қашықтық
мөлшер семантикасы, екінші мысалда белгісіз өткен уақыттан, осы кезге дейінгі
уақыт мөлшері семантикасы берілген.
– Ескерткіштерде ілік септігі жалғаулы сөз (кейде ілік септігі жасырын,
нөлдік формада келеді) бен жатыс септігі жалғаулы немесе жалғаусыз көмекші
есімдердің
-ның+ічіндә (-ның+ішінде), Ø+ічіндә (Ø+ішінде),
Ø+ічрә (Ø+ішінде)
синтаксистік байланысы арқылы мөлшер семантикасы беріледі. Мысалы:
1)
Қылур аз вақыт ічіндә тағдын ол йол (ХШ, 68p-17)
// Аз уақыт ішінде ол
тауға жол салар;
2)
Бу аср ічрә агәр сөзләтсәңан қыл (ХШ, 53в-1)
// Бұл ғасыр ішінде егер
сөйлететін болсаң, қыл.
Бұл мысалдарда
аз вақыт ічіндә, бір аср ічрә синтаксистік
модельдері
белгілі сәт, кезең ішіндегі уақыт мөлшері семантикасын білдіреді.
Қыпшақ
ескерткіштерінде
мөлшер
семантикасы
синтаксистік
конструкциялар арқылы да беріледі. Конструкция үш компоненттен құралып,
компоненттерінің өзара ұйымдасқан синтаксистік байланысы негізінде бір бүтін
мөлшерлік ұғымды білдіреді. Қыпшақ ескерткіштеріндегі
мөлшерлік
127
конструкциялар да, өзге тарихи кезеңдер бойынша да берілгендей, мынадай үш
компоненттен құралады: біріншісі – сандық компонент, екіншісі – мөлшерлік
компонент, үшіншісі – заттық немесе қимылдық компонент. Осы үштік
құрылымның тұтастығы арқылы шексіз мөлшерлік семантика жасалады.
Конструкцияда ең негізгі компонент
мөлшерлік компонент болып, ол тұтас
мөлшерлік семантиканың жасалуына ұйытқы болады. Олай болса, біз дереккөз
ретінде алған ескерткіштерде жеке-жеке
мынадай мөлшерлік компоненттер,
өлшем бірліктер кездеседі:
– «Хусрау уа Шірін» поэмасында:
бір авуч тобрақ // бір уыс топырақ, бір
Достарыңызбен бөлісу: