Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет109/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

Қарға адым жер мұң болар 
(Бұқар жырау, Қара арғымақ арыса, 102 б.). 
Толғаудағы көрінім жер, қарға адым жер тіркестері – образды өлшемдік 
ұғымдар, әрі халықтың ұзындық өлшеміне байланысты ұғым-түсініктерінің 
нақты көрінісі. Бірінші мысалда адамның көру қуаты метафоралық мағынаға 
негіз болған. Яғни заттанған етістік (көрін+ім) «арақашықтық» ұғымының 
баламасы ретінде алынған образды ұғым. Ал екінші мысалда қарғаның қар бетіне 
түскен ізінің арақашықтығы халық танымында метафораланып, ең жақын 
арақашықтық ұғымына балама болып тұр. «Арақашықтық» ұғымына 
байланысты осы дәстүрлі метафоралар есте жоқ ежелгі дәуірлердің бірінде туып, 
бүгінге қалпын бұзбай жетті. Шалкиіз, Бұқар жырау сияқты жыр жампоздары 
мұны ескіден екшеп алып, тіл қазынасында тұғыр тепкен тілдік қолданыс ретінде 
өз шығармашылығында сәтті пайдаланған. Егер халықаралық стандартты 
метрлік өлшемдер жүйесі болмағанда, бұл тілдік қолданыстардың шамасы нақты 
санмен тұрақтанып, белгелі ұзындық өлшемін білдіретін тура мағыналы 
лексикалық бірлік ретінде қалыптасуы әбден мүмкін еді. Бұл тілдік құбылыс 


156 
туралы Ғ.Ғ.Мұсабаев былай дейді: «Сөздің ауыс мағынасы ойнақы болып 
келетіндігі практикадан белгілі. Бірақ ауыс мағыналар практикада қолданылу 
процесінде тұрақты немесе тура мағынаға айналады» [217, 24 б.]. Мағына 
алмасудың мұндай үлгісі жыраулар поэзиясында да, одан бергі кезеңдердегі 
тілдік қолданыстарда да көптеп кездеседі. Мысалы, іші тар – іштар. 
Метафоралар құрамы жағынан бір сөзден бастап, бірнеше сөздерге дейін, 
тіпті тұтас сөйлем деңгейінде де күрделене береді. Мұндай күрделі құрылымдар 
ұлғайған метафоралар деп аталады. Жыраулар поэзиясында ұлғайған мөлшерлік 
метафоралар да көптеп кездеседі. Мыслаы,
1. Сен – жібексің, мен – жүнмін,
Сен – сұлтансың, мен – құлмын 
(Шалкиіз жырау, Би Темірге бірінші толғау, 39 б.);
 
2. Кебеже қарын, кең құрсақ, 
Артық туған Абылай 
(Тәтіқара ақын, Кебеже қарын, кең құрсақ, 70 б.);
 
 
3. Кірмембес ауыр қолға бас болып, 
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!
 (Доспамбет, Айнала бұлақ басы тең, 32 б.).
 
Берілген мысалдарда метафоралардың құрамы әртүрлі және түрліше 
мөлшер семантикасын білдіреді. Бірінші мысалда метафоралар бір ғана сөзден 
құралған. Мұнда заттың қалпын емес, заттың қасиетіне ұқсатып тұр. Зат 
бойындағы сапалық қасиеттер түрліше деңгейден құралатындықтан, «мөлшер» 
ұғымының қатарына жатады. Қасиет – құн. Мұндағы мөлшерлік шама 
абстрактілі болады. Олай болса, бұл метафораларда (тіке теңеу) «құн» ұғымы 
салыстырмалы түрде берілген. Жібек пен жүннің, сұлтан мен құлдың 
арасындағы сапалық айырмашылық пен құн өлшемі қандай болса, бұлардан 
туатын «құн мөлшері» ұғымы да сондай.
Екінші мысалдағы кебеже қарын, кең құрсақ метафоралары анықтауыштық 
қатынаста екі құрамда берілген. Мұнда қарынның кебежелік, құрсақтың кеңдік 
сипаты тура мағынасында анықталып тұрған жоқ. Тіркес тұлғасы анықтауыштық 
қатынастағы тіркеске ұқсағанымен, кебеже мен қарын, кеңдік пен құрсақ 
ұқсатылып, ауыспалы мағынада салыстырылған. Сонда да метафораланудың 
басты нысаны ретінде оның сыртқы формасы, заттың қасиеті емес, 
«сыйымдылық» ұғымы алынып отыр. Яғни Хан Абылайдың кеңпейіл, көреген, 
қайырымды қасиеті көп «қазына» сақтайтын кебежеге, ал алаштың баласын 
алаламауы кеңдік ұғымына баланған. Тілдік қолданыста бар іштар (іші тар) 
сөзіне антоним мөлшерлік метафора «ішкең» (іші кең немесе кеңіш) болуы 
керек еді. Бірақ мұндай қолданыс тілде жоқ. Тәтіқара ақын тілдегі мұның қажетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет