13
ұғымдарға сүйенді және оны өлшеу тәсілінің маңызын көре білді. Бұл
болмыстағы мөлшерлік шамалардың танылуының бір жолы – ішкі түйсік екенін
көрсетті.
Мөлшер проблемасымен шешуге тырысқандардың қатарында Спиноза да
болды. Ол «мөлшер» ұғымын нақты заттардың өзінен іздеді. Бұл туралы ол:
«Денелер белгілі бір ұзындығы, ені, тереңдігі болатын және белгілі бір
фигуралық шектелуі бар шамалар», – деп көрсетті [37, 13 б.].
Оның бұл
тұжырымы мөлшердің материяның ажырамас бір қасиеті екенін түсіндіреді.
Және бір материяның өзінде әлденеше мөлшер ұғымдары қатар өмір сүретінін
көрсетеді. Сол сияқты ол тағы: «Шексіздік шамасын өлшеуге болмайды және де
ол шектелген бөліктерден тұрмайды»,
– деді [37, 13 б.].
Лейбництің мөлшер категориясын зерттеуде бір табан алға ілгерледі. Ол
мөлшер категориясының логикалық негізін жасауда табиғи тілдік бірліктердің
мүмкіндігі жетпейтінін алғаш байқады және оған қосымша математикалық
символдар керек екенін ұсынды. Оның ғылыми тұжырымдары мөлшер
категориясын дерексіз ұғымнан, жүйелі, логикалық ұғымға айналдыруға
бастама болды.
«Мөлшер» ұғымының философиялық категория екені туралы құнды
диалектикалық тұжырымдар жасаушылардың бірі – Кант. Ол
философияда
идеалистік бағытты ұстанды. Ол өзінің «Жалаң ойға сын» деген еңбегінде
мөлшер категориясын ең басты категорияға жатқызады. Оның түсінігінде,
мөлшер категориясы «бірлік», «көптік» және «жалпылық» категорияларды
қамтиды. Мұнда жалпылық категориясы – сан, ал бірлік, көптік категориясы –
шама [35, 30 б.]. Ол: «Субъектінің ақыл-ойынсыз кеңістік те, уақыт та болмақ
емес», – деп те жазды [38, 133 б.]. Бұл тұжырым «мөлшер» ұғымының
субъектілік сипатын дәл көрсетті. Яғни мөлшер қаншалықты материяға тән
қасиет болғанымен, оның адам санасындағы бейнесі,
сандар арқылы шартты
сипатталуы субъектілік сипат алады. Бұл туралы антикалық дәуір философы
Протогор
«Адам – барлық нәрсенің өлшемі» десе, жаңа заман философиясының
ірі өкілі Фрэнсис Бэкон
«Адам сезімі – барлық заттардың өлшемі» деп жазды
(«Жаңа Органон»). Адам заттарды санасы, сезу мүшелері арқылы таниды.
Сондықтан Бэкон Протогордың тұжырымын нақтылаған.
Канттан кейін Г.Гегель мөлшер категориясын философиялық тұрғыдан,
диалектикалық байланыстар негізінде зерттеді. Ол өзінің «Логика ғылымы» атты
еңбегінің мөлшер бөлімінде мөлшер категориясының
сан, шама сияқты
бейнелену формаларын байланыстыра қарастырды. Г.Гегель философиясында
қиялды субъективті ұғым, ақыл-ойды субъективті және объективті ұғымдардың
бірлігі деп есептеді. Осыған орай математикалық сандар мен шамаларды қиял
негізіндегі субъективті ұғымдарға жатқызады [35]. Бұл дұрыс та. Жоғарыда
айтқанымыздай, мөлшер ұғымы материалық болмыстың ежелден бар қасиеті
болса да, оның сана синтезінен өткен формасы шартты, субъективті болады.
Г.Гегель мөлшер категориясын
таза және
анықталған мөлшер деп бөлді.
Мұндағы «таза мөлшер» ұғымын мөлшер категориясының философиялық
ұғымына, ал
«анықталған мөлшерді»
математикалық ұғымына жатқызды [35, 33
б.]. Г.Гегель «таза мөлшер» табиғатта өмір сүрмейді, сапа мен мөлшер
байланыста болады деп қараған. Және мөлшерді «үздіксіз шамалар» деп
есептейді [39, 124 б.]. Ал өлшемнің өзіне: «Мера как масштаб в обычном смысле
14
– это определенное количество, которое произвольно
принимается за в себе
определенную единицу по отношению к внешней численности», – деп анықтама
береді [40, с. 302]. Г.Гегель мөлшердің «шексіздік» ұғымының күрделі
мәселелерді қарастыра келіп, «оңбаған мөлшерлік шексіздік» деп атайды [39, 263
б.]. Бұл – мөлшердің және оның шексіздік қасиетінің тым күрделі, сан салалы
ұғым екенін түсініп жету еді.
К.Маркс мөлшер проблемасын диалектикалық материализм негізінде
қарастырды. Сондай-ақ мөлшердің «сапа» ұғымымен де ажырамас байланысы
барын негіздеді. Айнала қоршаған объективті дүние
сапалық және
мөлшерлік
қасиеттерден құралатынын айқын көрсете білді. К.Маркс тұңғыш рет «мөлшер»
ұғымын экономика ғылымымен байланыстырды. Капитализмдегі өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастарды сапа және мөлшерлік қатынастар
тұрғысынан қарастырды. Соның нәтижесінде сапа мен мөлшер категориясының
диалектикалық бірлігін дәлелдеді. Ол: «Әрбір пайдалы затты екі түрлі көзқараста,
яғни сапалық және мөлшерлік жағынан қарауға болады», – деп жазады [41, 173
б.]. Мұның өзі сапа мен мөлшер затты құраушы
ең басты элементтер екенін
ұғындырады. Әрі «мөлшер» ұғымы «сапа» ұғымының кеңістік пен уақыт
ішіндегі көрінісі екенін ашып көрсетті.
Мөлшер категориясы дәстүрлі қазақ танымында, дала философиясында да
болмыстағы ең басты ұғымдардың бірі ретінде сипатталды. Ол түрлі мақал-мәтел,
ақыл-нақыл сөздерде, салт-дәстүр, тағы басқа да мәдени-рухани құндылықтарда
көрініс тапты. Көне түркілер танымында мөлшер категориясына тән белгілердің
бірі «шекті/шексіз» ұғымдарының мәні зор болды. Олар уақыт пен кеңістікті
шексіз, ал тіршілік пен адам өмірін шекті құбылыс деп таныды және ең үлкен
мақсат-мұраттарын уақытпен өлшеді, уақытпен теңестіргісі келді. Мәңгілік,
шексіз өмірге ұмтылды. Түркілер бұл мәңгілік мұратын «мәңгі тасқа» былай деп
жазды:
Өтүкен йыш олурсар, беңгү іл тута олуртачсен // Өтүкен қойнауында
Достарыңызбен бөлісу: