Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


 «Сыйымдылық» ұғымының тілдік парадигмасы



Pdf көрінісі
бет121/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

 
3. «Сыйымдылық» ұғымының тілдік парадигмасы 
Табиғаттағы заттардың көзге көрінетін сыртқы пішінімен қатар, ішкі 
аумағы да болады. Яғни бір зат екінші бір затты қамтып жатады. Мұның өзі кейде 
табиғи, кейде қажеттіліктен мақсатты түрде қолдан жасалады. Болмыстағы көзге 
көрінетін, не көрінбейтін деректі заттарды тасымалдау, сақтау, өлшеу, әртүрлі 
қажеттілік үшін екінші бір зат қолданылады, кейде ол қолдан да арнайы 
жасалады. Міне, бұдан «сыйымдылық» ұғымы қалыптасады. «Сыйымдылық» 
ұғымы өз ішінен үлкен/кіші, кең/тар тіресімдеріне бөлінеді. Осы ұғымдар 
аясында тілдің әр деңгейінде көрініс табады. Қазіргі қазақ тілінде сыйымдылық 
семантикасын білдіретін лексикалық бірліктер негізінен сапалық сын есімдер 
арқылы беріледі, олар төмендегідей:
Кең: кең, үлкен, дәу, даңғарадай, далаяқтай т.б.
Тар: тар, шағын, кішкене, кішкентай, титімдей, битімдей т.б. 
Көлем мен сыйымдылық бір затта қатар табылатын «мөлшер» ұғымдары 
болғандықтан, семантикалық өрісі де шектес жатады. Сондықтан кейбір тілдік 
бірліктер аталған ұғымдарды қатар бере алады. Мұндай семантикалық 
сыйымдылығы кең, қолданысы контекске байланысты өзгеріп отыратын сөздер 
дербес тұрғанда мағынасы күңгірттеу болады. Айталық, бұлардың сыйымдылық 
семантикасы тіркес құрамында, мәнмәтінде ғана айқын көрінеді: үлкен үңгір, 
даңғарадай үй, дәу дорба; тар киім, шағын бөлме, кішкене қап, кішкентай тесік 
т.б.
«Сыйымдылық» ұғымы морфологиялық деңгейде де көрініс табады. Оның 
берілу жолдары төмендегідей:
- сыйымдылық семантикасы кейбір сапалық сын есімдерге -рақ, -рек -ырақ, 
-ірек; дау, -деу, -тау, -теу, -лау, -леу шырай қосымшалары жалғану арқылы 
беріледі (кеңірек, үлкенірек, дәуірек; тарырақ, кішкенерек, кішірек, кеңдеу, 
үлкендеу; тарлау, шағындау, кішкенелеу т.б.). Бұл шырай қосымшалары 


177 
сыйымдылық мөлшерін орталық меже негізінде салыстырып, деңгейлеп 
көрсетеді.
- сыйымдылық семантикасы сыйымдылық мәнге ие деректі зат есім 
сөздеріне -дай, -дей (-тай, -тей) формасы жалғану арқылы беріледі (үңгірдей, 
апандай, иненің көзіндей, қуықтай, дорбадай т.б.). Бұл сөздердің нақты 
сыйымдылық семантикасы тіркес құрамында, мәтін ішінде айқындала түседі. 
Мысалы, үңгірдей үй, иненің көзіндей тесік, қуықтай бөлме, дорбадай ауыз т.б. 
Сыйымдылық семантикасын білдіретін тілдік бірліктердің үлкен шоғыры 
синтаксистік деңгейден көрініс табады. Олар да, әдеттегідей, аналитикалық 
тәсілдер, аналитика-синтетикалық тәсілдер арқылы байланысқан тіркестер, 
синтаксистік модельдер, синтаксистік конструкциялар сияқты үш түрлі 
синтаксистік формада беріледі: 
- сыйымдылық семантикасы тіркесім тәсілі арқылы беріледі. Мұнда да 
«көлем», «аудан» ұғымдарымен ұқсас, күшейткіш буындар (кеп-кең, үп-үлкен, 
тап-тар, кіп-кішкене, шап-шағын, біп-биттей т.б.), қайталама қос сөздер (кең-
кең, үлкен-үлкен, дәу-дәу, тар-тар, шағын-шағын, кішкене-кішкене, титтей-
титтей т.б.), күшейткіш үстеулер (аса үлкен, ерекше дәу, өте кішкене, қабағат 
үлкен, ғаламат кең, тым кішкене т.б.), анықтауыштық қатынастағы тіркестер 
(кең дала, кең дүние, үңгірдей үй, қуықтай бөлме т.б.арқылы беріледі. Бұлардың 
да әрқайсысының өзіндік семантикалық ерекшелігі мен стильдік қызметі бар.
- сыйымдылық семантикасы синтаксистік модельдер арқылы да беріледі. 
Айталық, -дай, -дей (-тай, -тей) тұлғалы сөздер мен үшінші жақтық тәуелдік 
жалғаулы сөздің синтаксистік байланысы (-ы+-дай) арқылы беріледі. Мысалы, 
аузы оймақтай, танауы үңгірдей, аузы апандай, ауызы жайындай т.б. 
- сыйымдылық семантикасы барыс, шығыс септік жалғаулары мен 
шамасында, жетеқабыл, көбірек, артықтау, көптеу сияқты сөздердің 
синтаксистік байланысы (-ге+жете -ге+жетеқабыл, -ден+көп, -ден+артықтау, 
ге+жақындау т.б.) арқылы беріледі. Бұл модельдер арқылы шамасы дүдәмал, 
сыйымдылығы болжау арқылы анықталатын кез келген объектінің сыйымдылық 
шамасы беріледі. Мысалы, бір литр шамасында, бір литрге жетеқабыл, бір 
литрден көбірек, бір литрден артықтау, бір литрден көптеу т.б. Мұнда нақты
меже есебінде сан есім мен өлшем бірлік атауының тіркесінен туындаған мән 
алынады да, сол шамадан не артық, не кем екені аталған формалардың 
синтаксистік байланысы арқылы беріледі.  
- сыйымдылық семантикасы синтаксистік конструкциялар арқылы да 
беріледі. Мұнда литр, текше метр, куб, грамм, килограмм, тонна т.б. 
халықаралық өлшем бірліктер мен уыс, қос уыс, шеңгел, құшақ, арқа сияқты 
халықтық өлшемдердің конструкция құрамында келуі арқылы нақты 
сыйымдылық семантикасы туады. Мысалы, бір уыс топырақ, бір қос уыс жем, 
бір шеңгел тұз, бір құшақ гүл, бір арқа отын, бір литр жанармай, жүз 
текшеметр су т.б. 
Ал саба, мес, күбі, қауға, қап, қанар, дағар, қарын, астау, тостаған, 
торсық, құман, шәугім, құлы, тайқазан, қазан т.б. тұрмыстық ыдыс-аяқ 
бұйымдары мен машина, камаз, арба, ташке, зембіл сияқты тасымалдау 
құралдарының конструкция құрамында мөлшерлік қызмет атқаруының 
нәтижесінде де сол затпен өлшенетін сыйымдылық өлшемі семантикасын 
білдіреді. Мысалы, бір қарын сары май, бір мес қымыз, бір саба қымыз, бір астау 


178 
көже, бір табақ ет, бір тайқазан ет, бір дағар жүн, бір қап бидай, бір күбі су, 
бір машина құм, бір зембіл қи т.б. 
Мұнда конструкция компоненттері өзгермелі болады, сондықтан ол 
ешқандай тұрақты құрылым емес, керісінше, мөлшер семантикасын білдіретін 
айрықша синтаксистік құрылым.
Сыйымдылық семантикасы конструкция компоненттерінің аналитика-
синтетикалық тәсілі арқылы байланысып, біртұтас құрылым болып келуі арқылы 
да беріледі:
- конструкция құрамындағы мөлшерлік компоненттерге -лық, -лік, -дық, -
дік, -тық, -тік жұрнақтары жалғануы арқылы да сыйымдылық семантикасы 
беріледі. Мысалы: бір литрлік құмыра, елу килограмдық қап, жүз текшеметрлік 
суқойма, бес тонналық жүккөлік, төрт адамдық көлік, жалғыз адамдық төсек 
т.б. Мұнда -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары сыйымдылық мөлшердің 
сол шамаға арналғандығын, лайықтығын, жарамдылығын білдіреді.
«Сыйымдылық» ұғымын білдіретін тілдік бірліктер синтаксистік деңгейде 
едәуір мол. «Сыйымдылық» ұғымы да, оған жақын басқа мөлшерлік ұғымдар да 
көбіне 
заттар 
мен 
құбылыстарды 
өзара 
салыстыру 
нәтижесінде 
анықталатындықтан, оның тілдегі көрінісі де осы ерекшелікті сақтайды. 
Сондықтан «сыйымдылық» ұғымы түрлі сөздердің тіркесі арқылы көптеп 
беріледі. Бұл синтаксистік бірліктер үлкен жақтан бір ғана «сыйымдылық» 
ұғымын білдіргенімен, әрбір форманың өзіне тән семантикалық ерекшелігі, 
стильдік қызметі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет