Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет31/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

жүрді, құс жылдам ұшты, құс баяу ұшты т.б.
Тез-ақырын немесе жылдам-баяу жұптас тіресім (бинарная оппозиция) 
арасында қарқынның мөлшері қалыптасады. Міне, бұл – қимылдық мөлшер
Қимыл-қозғалыстың өзі әртүрлі. Айталық, механикалық қозғалыс (машина 
жүрді), физикалық қозғалыс (жер осін айналды), химиялық қозғалыс (сүт 
ашыды), биологиялық қозғалыс (ағаш ості) т.б. Аталған қозғалыстардың бәрінің 
де қарқындық шамасы бар. Олар не тез қозғалады не баяу қозғалады. 
Қозғалыстың өзі салыстырмалы болады. Яғни тез не баяу қозғалыс екені белгілі 
межеге салыстырмалы түрде анықталады. Мысалы, адам жүрді десек, мұндағы 
жүріс барлық адамға ортақ қалыпты жүріс. Ол қалыпты жүрістің не екені, 
қандай болатыны санада өлшеуіш ақпарат ретінде бұрыннан қалыптасады. Ал 
осы қалыпты жүріспен салыстырғанда қозғалысы артса, тез қозғалыс болады да, 
ал одан кемісе баяу қозғалған есептеледі. Заттар қозғалысының бәрінде осындай 
ортақ меже болады. Ал оның қарқын мөлшері осы ортақ межеге қарап 
анықталады. Мөлшердің қарқындық сипатына тән басты қасиеттер – 
тоқтаусыздық, ұдайылық. 
Біз жоғарыда сөз еткен «мөлшер» ұғымын сипаттайтын ұғымдардың кейбірі 
ежелден бар (симметрия, тепе-теңдік, деңгей, дәреже т.б.), ал кейбірі адамзат 
өркениетінің дамуына сәйкес жаңадан қосылған ұғымдар (стандарт, параметр). 
Алайда ежелден бар ұғымдардың өзі өз ішінен тағы да толығады, кеңейеді. 
Мысалы, деңгей бұрын судың деңгейін білдірсе, қазір, сонымен қатар, көптеген 
рухани үдерістерге қатысты қолданылады. «Мөлшер» ұғымының дамуы екі 
бағытта жүріледі. Бірі – бұрын жоқ, мүлде жаңа ұғымдық компоненттермен 


44 
толығады, өрісі кеңейеді. Мысалы, футбол алаңы (стандарт), мақала 
(параметр), ғылым докторы (дәреже) т.б. Ал екіншісі бағыт – бұрыннан бар 
ұғымдық компоненттер семантикалық мәні жағынан нақтыланады. Мысалы, ат 
шаптырым жер (норма) – 25 км (қашықтық ұғымы). Бұл «мөлшер» ұғымын 
сипаттаушы ұғымдардың бәріне ортақ қасиет. Жалпы «мөлшер» ұғымының 
адамзат қоғамы өркениетіндегі даму тарихына көз жібергенде, оның мәні 
үздіксіз нақтылыққа беттеп отыратынын көруге болады. Яғни «мөлшер» 
ұғымының өрісін құрайтын компоненттерде нақты сандық мәннің үлесі артуда. 
Сондықтан «мөлшер» ұғымы дамуының соңғы нәтижесі сандық мәнге айналу 
деп қорытынды жасауға болады. Философия тарихында мөлшерге кең көлемде 
талдау жасаған неміс ойшылы Г.Гегель бұл туралы былай дейді: «Мера как 
масштаб в обычном смысле – это определенное количество, которое 
произвольно принимается за в себе определенную единицу по отношению к 
внешней численности» [40, с. 302]. Демек, мөлшер, ол – өлшеу, ал өлшеу – сан.
Кез келген тілдік зерттеулердің басты мақсаты – тіл бірліктерінің өзіне тән 
ішкі-сыртқы қасиетін, мәнін ашу арқылы оны сөйлеу тәжірибесінде ұтымды 
қолдану және ұғымдық, танымдық түсінік беру. «Мөлшер» де тілдік сананың 
негізгі қабатында өмір сүретін ұғым болғанымен, көпшілік тіл қолданушылар 
оның ішкі мәнін терең түсіне бермейді. Оның сөздермен тіркесімділік қабілеті 
мен ұғымдық өрісін, тіл деңгейлеріндегі берілу тәсілдерін біле қоймайды. Қазақ 
тілді аудиторияның өзі мөлшер семантикасының тек беткі қабатындағы негізгі 
ұғымдармен шектеледі. Осыған орай, «мөлшер» ұғымының біз көрсеткен 
семантикалық құрылымдары бұл олқылықтардың орнын толтырады. Әсіресе, 
қазақ тілін үйренушілердің мөлшерлік ұғымдарды терең түсініп, мәнін ажырата 
білуіне жол ашады. «Мөлшер» сияқты ауқымды ұғымдардың тілдік танымдағы 
толыққанды мәні көп жылдық тілжұмсау тәжірибесінен жинақталады.
Кейбір зерттеушілер «мөлшер», «өлшем», «шама» ұғымдары ұқсас ұғымдар, 
бірінің орнына екіншісі қолданыла беретін дублет сөздер деп санайды. Алайда 
бұлардың қолданысы мен мағынасында айтарлықтай айырмашылық бар. Мұны 
2016 жылы жарық көрген «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігінен» 
де көруге болады. Жеті миллионнан астам сөзқолданыстан тұратын мәтіндік база 
негізінде құрастырылған бұл сөздікте сөздердің жиілігі бес функционалды стиль 
мен ортақ база бойынша жіктеліп берілген. Сөздікте аталған сөздердің жиілігі 
мынадай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет