79
Тік бағыттағы қашықтық семантикасы
«қалың/жұқа» ұғымдары арқылы да
сипатталады. «Қалыңдық» көбіне жер бетімен параллель жатқан заттардың
жоғары
бағыттағы қабатталу, өсу семантикасын білдірсе, «жұқалық» төмен
бағыттағы азаю, кему семантикасын білдіреді. «Қалың/жұқа»
тіресімдік
ұғымдары да – зат мөлшерін өлшеудің бір тәсілі. Ол
астыңғы бет пен
үстіңгі
беттің, ішкі бет пен
сыртқы беттің арақашықтығын білдіретіндіктен,
«қашықтық» ұғымына жатады. Мұндағы басты ұғымдардың бірі – «қабат».
М.Қашқаридың сөздігінде бұл сөз былай беріледі:
Қат // қат, қабат: «тон қаты
// тон қабаты». Тау қабаттарының қатын «қадырақ» дейтін осыдан барып
шыққан (МҚ, Т
1
-379).
Қат // қабат сөзінде
қалыңдық/жұқалық семантикасы
ажыратылмаған. Алайда тік бағыттағы белгісіз
қашықтық мөлшері семантикасы
бар. Кейде заттар тік бағытқа қарап өссе,
қабат делінеді де, көлденең бағытқа
қарай өссе,
қатар делінеді. Ал
оның қалың/жұқалығы белгілі нысанның ойда
қалыптасқан орталық межесі негізінде анықталады. М.Қашқари сөздігінде
«жұқа» ұғымы бірнеше түрлі сөзформада
кездеседі және ол былайша
түсіндіріледі:
–
Иұға // жұқа нан (жұқа жайма нан, шелпек – А.Е.) (МҚ, Т
3
-39);
–
Иұпқа // жұқа. Бұл сөздің «ф» әрпімен айтылатын нұсқасы да бар. «П»
әрпі «ф» әрпімен алмасқан (МҚ, Т
3
-49);
–
Иұвқа // жұқа, жұқа нәрсенің барлығы. Мақалда былай деп келген: Анасы
тевлүг иұвқа оғлы тетік қоша қапар // «айлакер анасы жұқа жапса, зерек ұлы
Достарыңызбен бөлісу: