97
Белгілі бір мөлшер семантикасын білдіргенімен,
өлшеуіш соматизмдерден
мөлшерлік сипаты бір саты төмендеуі осы –
шамалауыш соматизмдер. Бұл
топтағы соматикалық мөлшерліктер
зат пен құбылыс мөлшерін, өлшемін
дәлдікпен анықтап бере алмайды, тек болжайды, шамалайды.
Мөлшерлік
конструкция құрамында ғана «мөлшер» ұғымын білдіреді де, конструкциясыз
дербес
қолданылмайды, бөлек шығарсақ, мағынасыз
графикалық тұлғаға
айналады. Көпмағыналы да емес, конструкция құрамында бір ғана мөлшерлеу
үдерісінің атауы болып келеді. Сондықтан олар кейде тұрақты құрылымдарға
ұқсаңқырайды, десе де олар – еркін тіркестер. Ондағы тұрақтылық мағынаның
біреу екендігі мен белгілі мөлшерлеу үдерісіне арнайы қолданылуында. Аталған
шамалауыш соматизмдер зат пен құбылыс мөлшерін
өлшеуде адам не жан-
жануарлардың физикалық қуатын, шамасын өлшем етеді. Яғни белгілі шамалар
соматизмдер арқылы тікелей өлшенбесе де,
мөлшерлеу үдерісі дене мүшелердің
қатысы арқылы жүзеге асады. Тек бір сәттегі вербалды амалдар арқылы мөлшері
шамаланады. Олардың реті төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: