Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет112/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

7.3-суретСидхауздың зерттеу әдебі деңгейлерінің пирамидасы 
(Stutchbury & Fox, 2009, 492-б.) 
Басты 
негіздеме
Деонтологиялық 
деңгей
Салдар 
деңгейі
Сыртқы талаптардың 
деңгейі


177
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
менттерін тор түрінде де ұсынуға болады. Сидхауз әдеп дилемма-
сына (мәніне) желі ретінде қарауды ұсына отырып, «әдеп торы» 
ұғымын енгізеді. Онда әрбір идея басқа ықтимал жолмен байланы-
стырылады» (Stutchbury & Fox, 2009, 491-б.). Пирамиданың әрбір 
деңгейі жағдайдың әдеп жағын көрсетеді, ал әрбір аспект жағдай-
ды әртүрлі көзқарас тұрғысынан айқындайды. Статчбэри мен Фокс 
атап өткендей, сыртқы талаптар деңгейі (пирамиданың төменгі 
деңгейі) «зерттеушілерді ұйымдасқан деңгейде ойлауға итерме-
лесе, ал индивидуалды деңгей (жоғарғы деңгей) жеке тұлғаларға 
бағытталған» (Stutchbury & Fox, 2009, 491-б.).
Білім беру саласындағы зерттеулерде Сидхауз пирамидасынан 
басқа (Seedhouse, 1998) Дэвид Флиндерстің (Flinders, 1992) де әдеп 
аясы кеңінен танымал. Сидхауз сияқты Флиндерс те адамгершілік 
философиясының әдеп ұғымының мәнін кешенді талдаудың негізі 
болуы қажеттігін мойындайды. Оның үстіне Флиндерс білім беру 
7.4-сурет. Сидхауздың зерттеу әдебі деңгейлерінің пирамидасы 
(Seedhouse, 1998) 
Сыртқы
Қолжетімді ресурстар
Пациент үшін ең тиімді нәтижелер
Уәдеде тұру
Адамдардың бәрін 
бірдей құрметтеу, 
сыйлау
Ең алдымен 
қажеттіліктерді 
орындау
Зиянды барынша азайту
Белгілі бір топтар үшін ең тиімді нәтижелер
Тәуекел
Заң
Тәжірибе 
кодексі
Өзім үшін 
ең тиімді 
нәтижелер
Шындықты 
айту
Жеке 
тұлғаның 
дербестігіне 
құрметпен 
қарау
Жеке 
тұлғаның 
дербестігін 
қалыптас-
тыру
Барынша 
жақсылық 
жасау
Қоғам 
үшін ең 
тиімді 
нәтижелер
Өзгелердің 
қалауы
Іс-әрекеттің тиімділігі 
мен шапшаңдығы
Дәйекті
Деонтологиялық
Индивидуалды
Нәтижесінде іс-әрекет жасалатын 
дәлелдемелердің анықтық 
деңгейі
Даулы фактілер


178
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
саласындағы кәсіби зерттеу қауымдастығын сынға алады. Олар 
белгілі бір принциптерді басшылыққа ала отырып, әдеп тұрғы-
сынан әрекет етеді деп есептейді. Флиндерс атап өткендей, «кәсіби 
нормамыз бізді адамгершілік философия мәселелеріне көп көңіл 
бөлуден бас тартуға үйретеді» (Flinders, 1992, 101-б.).
7.3-кестеде Дэвид Флиндерстің әдеп аясы ұсынылады (Flinders, 
1992). Флиндерс әлеуетті қатысушыларды іздеу (рекрутинг), дерек-
терді жинау және зерттеу нәтижелерін ұсыну үдерістерін білім беру 
зерттеулеріндегі әдеп мәселелерін талдаудың үш негізгі аспектісі 
ретінде анықтайды. Сөйтіп әдеп тұрғысынан ойлаудың мынадай 
төрт аясын ұсынады: 1) утилитарлық ая; 2) деонтологиялық ая; 3) 
қарым-қатынас аясы және 4) экологиялық ая (Flinders, 1992). Си-
дхауз пирамидасы сияқты Флиндерстің де әдеп аясы зерттеушінің 
әдеп тұрғысынан ойлауын дамыту құралы болып табылады.
Әдеп мәселелерін талдауда Сидхауз пирамидасындағы деон-
тологиялық деңгей мен салдарлар деңгейі секілді Флиндерстің 
утилитарлық және деонтологиялық аясы де ескеріледі. Флиндер-
стің пікіріне сәйкес, қарым-қатынаста әділдік ережелерін сақтап, 
орынсыз мінез-құлықтан аулақ болу деонтологиялық аяның бір 
бөлігі болып саналады (Flinders, 1992). Флиндерстің көзқара-
сынша, қатысушыларды тауып, оларды зерттеу жұмысына тар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет