Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Қатысушыларды іріктеу стратегиясы



Pdf көрінісі
бет119/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Қатысушыларды іріктеу стратегиясы
Сапалық зерттеулерде мақсатты іріктеу тұжырымы пайда-
ланылады, яғни зерттеуші зерттеу мәселесіне түсінік бере алатын 
адамдар мен орындарды таңдайды. Кімді және нені таңдау ке-
ректігі, іріктеу қалай жүргізілетіні және қанша адам, қанша орын 
таңдалатыны жөнінде шешім қабылдануы тиіс. Сапалық іріктеу 
жүргізудің бірнеше қолжетімді стратегиясы бар (Cohen et al., 
2011; Creswell, 2013; Onwuegbuzie & Collins, 2007) (8.2-кестені қа-
раңыз). Сонымен қатар, зерттеуші бір зерттеуде бір немесе бірне-
ше стратегияны пайдалана алады. 8.2-кестеде максималды нұсқа-
лы іріктеу бірінші ұсынылады, себебі ол – сапалық зерттеудегі 
ең танымал тәсіл. Ол құбылысты жан-жақты қарастыра отырып, 
жақсы тануға көмектеседі. Қатысушылар мінездеме, мінез-құлық, 
тәжірибе, сапа, басынан өткен жағдай және тағы басқа сипатта-
малардың кең ауқымын көрсете алады. Зерттеушілер аталмыш 
тәсілді жиі таңдайды, себебі ол айырмашылықтарды және/немесе 
түрлі көзқарастарды көрсететін нәтижелерді алу ықтималдығын 
арттырады, оны сапалық зерттеулер үшін өте қолайлы деуге бо-
лады. Бұдан басқа жиі қолданылатын іріктеу стратегиясы деп 
сыни кейсті атауға болады, ол белгілі бір мәселе жөнінде нақты 
ақпаратты ұсына алады. Сондай-ақ ыңғайлы кейс те жиі қолданы-
лады. Ол зерттеушінің зерттеу орнын тез тауып, деректерді оңай 
жинауына мүмкіндік беретін ыңғайлы стратегия болып табылады 
(Creswell, 2013).


191
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Іріктеу страте-
гиясының атауы
Іріктеу стратегиясы түрлерінің сипаттамасы
Максималды 
нұсқа (maximum 
variation)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе тұлғаларды зерттеуде 
қарастырылатын көзқарастардың ауқымын барынша арттыру 
мақсатында әртүрлі сипаттамаларына қарай таңдау. Мысалы, 
университет студенттерінің ерікті ретінде қатысуын қарасты-
ру үшін зерттеуші түрлі әлеуметтік-экономикалық топтардан, 
түрлі нәсілдерден, ұлттардан, мәдениеттерден және түрлі жұмыс 
тәжірибесі бар студенттерді таңдайды (Mertens, 2010).
Ыңғайлы кейс
(homogeneous)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды ұқ-
састық сипатына қарай таңдау. Мысалы, 6-7 жасар саңыра-
у-мылқау балалардың ата-аналары ерекше қажеттіліктері бар 
балаларды мектепке дейінгі білім беруде бірдей тәжірибесі бар 
ата-аналар тобы деп есептеледі (Mertens, 2010).
Сыни кейс 
(critical case)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды нақты 
сипаттама негізінде таңдау, себебі олардың зерттеуге тартылға-
ны зерттеушіні қызықтырған құбылыс туралы дәлелді ақпарат 
береді. Мысалы, егер ерекше қажеттіліктері бар балаларға толық 
инклюзия жоспарланса, зерттеуші мұндай балаларға арналған 
бөлек мектепте олардың білім алуына қанағаттанған ата-ана-
лары бар жерлерді анықтай алады. Егер ондай елді мекенде 
инклюзия бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды деп танылса
онда ерекше қажеттіліктері бар балаларының бөлек білім алуы-
на көңілі толмайтын ата-аналары бар басқа елді мекендерде 
бағдарламаның қаншалықты сәтті болатынын көруге болады 
(Mertens, 2010).
Теориялық жақтан
негізделген 
(theory based)
Зерттеу орнын, топтарын және/немесе жеке тұлғаларды 
зерттеушіге зертету жұмысын теориялық жағынан дамытуға 
көмектесетін негізде таңдау. Мысалы, зерттеуші студенттердің 
онлайн-нұсқаушы болуын қабылдау теориясын ойлап табу үшін 
университетте онлайн оқитын студенттердің қабылдауын зерт-
тейді. Ол үшін зерттеуші онлайн режимде оқитын студенттерді 
таңдап, олармен жаңа деректерді анықтау аяқталғанша сұхбат 
жүргізеді (Feeler, 2012).
Растайтын және 
жоққа шығаратын 
кейстер 
(confirming and 
disconfirming cases)
Деректерді жинау басталғаннан кейін зерттеуші бастапқы қоры-
тындыларды тексеру немесе теріске шығару үшін одан ары қарай 
талдау жүргізеді. Мәселен, зерттеуші студенттердің онлайн-нұсқа-
ушының қатысуын қалай қабылдайтыны туралы теорияны ойлап 
тапты және оны тексергісі келеді делік. Бұл үшін зерттеуші 
нәтижелерді растайтын немесе жоққа шығаратын бөгде қаты-
сушыларды табады, бұл зерттеушіге зерттеудегі кемшіліктерді 
анықтауға және оған көбірек шынайы болуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет