Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет140/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер


2 мысал
Мектеп пәндері бойынша бағалар арасындағы корреляцияны 
анықтау үшін r-Пирсон корреляция коэффициенті тестін 
пайдалану (Mujis, 2011)
Бұл тест «ағылшын тілі бойынша мектепте қойылатын бағалар» және «ма-
тематика пәні бойынша мектепте қойылатын бағалар» айнымалылары ара-
сындағы өзара байланысты анықтау үшін жүргізілді. Талдау r = .748
34
, n = 
575
35
, p < 0.01
36
деген екі айнымалы арасындағы күшті байланысты көрсет-
ті. Ағылшын тілінен жоғары балл алған оқушылар математикадан да жоғары 
бағаға ие болған.


218
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Факторлық талдау (factor analysis) – айнымалылар жиын-
тығын негізгі факторлардың ең аз санына дейін айтарлықтай 
қысқартатын және айнымалылар арасындағы өзара байланыс 
құрылымын айқындап беретін статистикалық әдіс. Негізінен алған-
да, факторлық талдау зерттеуші тікелей қарамаған, дегенмен оны 
өзі жинаған айнымалылар көрсететін жасырын айнымалыларды 
танытушы айнымалылар комбинациясын іздестіреді (төмендегі 
4-мысалды қараңыз). Айнымалылардың факторлар көрсеткіші бо-
латын/болмайтындығын олардың арасындағы байланыс арқылы 
анықтауға болады. Элементтер фактордың бөлігі болу үшін бір-
бірімен мықты, ал басқа айнымалылармен азырақ байланыс ор-
натуы керек. Мәселен, зерттеуші «мұғалімдер мені математиканы 
жақсы біледі деп санайды» деген тұжырымды «мен математика-
37
β – стандартталған бета. Ол қатынас бағытына байланысты 0-ден 1-ге дейін немесе 0-ден -1-ге дей-
ін өзгереді. Мән неғұрлым 1 немесе -1-ге жақын болса, байланыс соғұрлым күшейеді. Аталған сим-
волдардың көмегімен айнымалылардың қайсысы тәуелді айнымалымен күшті байланысатындығын 
салыстырып, олардың қаншалықты 0-ден 1-ге дейінгі межеде екендігін тануға болады (Muijs, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет