Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет28/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.7-суретСапалық зерттеуді ұйымдастырудың интербелсенді моделі (Maxwell, 2013)


47
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
лерге бейімделіп әзірленген болса да, көбінесе сандық зерттеулер-
де қолданылады
10
. Қайткенде де сәйкестілік «зерттеу әдістері мен 
нәтижелерінің алға қойған міндеттерге қаншалықты сәйкес ке-
летіндігін көрсетеді»
11
. Оның үстіне сәйкестілік – зерттеу нәтиже-
лерінің объективті шынайылыққа сәйкестігі (Robson & MacCartan, 
2016). Сапалық зерттеулерде зерттеуден алынған нәтижелердің 
сәйкестілік қаупі туралы айту әдетке айналған (Morse et al., 2002). 
Максуэлл сәйкестілік қаупінің мынадай екі негізгі түрін бөліп 
көрсетеді: 1) зерттеушінің біржақтылығы (researcher bias) және 
2) зерттеушінің зерттеу үдерісіне ықпалы (reactivity) (Maxwell, 
10
Сандық зерттеулердегі «сәйкестілік» терминінің анықтамасы 3-тарауда берілді. 
11
http://statistica.ru/glossary/general/validnost-obosnovannost/
Сапалық зерттеулердегі зерттеу сұрақарын құрылымдау мысалдары:
1. [X жағдай, үдеріс, тәжірибе] [Y әлеуметтік топтар немесе халық] үшін 
нені білдіреді?
2. [X халық] [Y жағдайды, үдерісті немесе тәжірибені] қалай [өткереді 
немесе қабылдайды]?
3. [X факторы] мен [Y факторы] [Z белгілі бір кеңістікте немесе мән-
мәтінде] өзара қалай [әрекеттеседі]?
4. [X халық] [Y іс-әрекетті] қалай жүзеге асырады және оның [Z құбылы-
сы немесе жағдайға] салдары қандай?
5. [X фактор, әлеуметтік құрылым немесе мәнмәтін] [Z белгілі бір мән-
мәтінде, кеңістікте, уақытта] [Y факторға] қалай [ықпал етеді, қалып-
тастырады, тежейді]?
6. [X халық] [Z белгілі бір кеңістікте] [Y] қалай [істейді]?
7. [X халық] [Z кеңістікте] [Y] бірге [істейді]?
Зерттеудің сәйкестілігіне қатысты сұрақтардың барлығын 
есепке алып отыру қажет. «Сәйкестілік» термині сапалық зерттеу-


48
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
2013). Зерттеушінің біржақтылығы адамның қалауы немесе жеке 
көзқарасы негізінде деректерді іріктеп жинау немесе жазу кезінде 
көрінуі мүмкін. Зерттеушінің ықпалы оның сұхбат алушы ретінде 
зерттеуге қатысушыларға ықпал етуінде болуы ықтимал. Зертте-
уші деректердің сәйкестілігіне қауіп төндірмеу үшін сұхбат бары-
сында қатысушыларды жауаптарды беруге ынталандыратын же-
текші сұрақтар қоймауы керек
12
.
Максуэлл «сәйкестілік» ұғымына қатысты өз пайымын былай-
ша білдіреді: «Сәйкестілік сіздің зерттеу жоспарыңыздың құрамдас 
бөлігі ретінде қауіптер мен дұрыстықты сақтау стратегиялары ту-
ралы тұжырымдамалық түсінігіңізден тұрады; аталған көзқарас-
пен сіз зерттеу барысында бұл қауіптердің шынайы екенін және 
шынайы болса, олармен қалай күресетініңізді анықтайтын бола-
сыз» (Maxwell, 2013, 123-б.). 
Максуэлл сапалық деректердегі сәйкестіліктің бірнеше жолын 
келтіреді, атап айтқанда: 
1) зерттеуге қатысушылармен сұхбаттасу не оларды бақылау 
үдерісінде «мол деректер» алу (rich data). Сұхбаттасу әдісін пайда-
лану барысында деректер айтарлықтай жүйелі, жан-жақты, зерт-
телетін жайтты түрлі көзқарас тұрғысынан қарастыра алатындай 
болуы қажет. Әр сұхбаттың соңында оның бөліктерін ғана емес, 
бүкіл сұхбаттың транскрипті (жазбаша нұсқасы) дайындалуы тиіс. 
Бақылауды сапалық зерттеу әдісі ретінде пайдалансаңыз, «мол 
деректер» зерттеу барысындағы ақпарларды жазбаша түрде ег-
жей-тегжейлі сипаттап береді;
2) зерттеуге қатысушылардың көмегімен алынған мәлімет-
терді сәйкестендіру. Бұл әдіс әдетте «деректерді қатысушылар-
мен келісу» ретінде белгілі» (member checks). Яғни өзіңіздің 
пайымдауларыңыз бен талдауларыңызды зерттеуге қатысушы-
лармен бірге талқылап, келісіп отыруыңыз керек. Мысалы, сұх-
баттасушыға сұхбат кезінде оның айтқандарын растауы немесе 
түзетуі үшін сұхбаттың транскрипті жіберіледі. Зерттеу нәти-
желерін түйіндегеннен кейін сұхбат деректерін деректердің 
шынайылығын растау үшін қатысушыларыңызға жібере аласыз. 
12
Сапалық зерттеулердегі сұхбат әдісі туралы ақпаратты Алан Брайманның «Social Research Methods» 
кітабынан қарауға болады (С.А. Шаранова аударған) https://cyberleninka.ru/article/n/intervyu-v-
kachestvennyh-issledovaniyah-1/viewer


49
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Кері байланыс та сұхбаттың өзі секілді көп мағлұмат беретінді-
гін түсіну маңызды; 
3) сәйкестілікке қауіп төндірмеудің үшінші жалпы тәсілі – 
триангуляция, яғни әртүрлі әдістерді қолдана отырып, зерттеуге 
қатысушының түрлі санатынан алынған ақпаратты жинау. Мыса-
лы, сұхбат алудан басқа зерттеуге респонденттерді көбірек тарту 
арқылы зерттелетін құбылыс туралы пікірлер мен көзқарастарды 
зерттеу үшін сауалнама әдісін пайдалануға болады. Біз осы тарау-
дың келесі бөлімінде триангуляцияны қолдану туралы толығырақ 
баяндайтын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет