Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Мультистратегияға негізделген зерттеу дизайны



Pdf көрінісі
бет29/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.5.3 Мультистратегияға негізделген зерттеу дизайны 
Мультистратегияға негізделген зерттеу дизайнында сандық және 
сапалық әдістерді өзара біріктіру тек сандық немесе тек сапалық зерт-
теу әдістерін қолдану арқылы ғана жауап беруге болмайтын зерттеу 
сұрақтарын қарастыруға бағытталған (Creswell & Creswell, 2020).
Көптеген халықаралық сарапшы-әдіскерлер сандық және сапа-
лық әдістерді біріктіру «уақыты жеткен зерттеу парадигмасы» деп 
есептейді (Johnson & Onwuegbuzie, 2004, 14-б.) Сандық және са-
палық деректерді біріктірудегі ұтымды жол триангуляция деп ата-
лады, яғни «әртүрлі зерттеушілердің әтүрлі әдіспен және мүмкін 
болса барлық сенімді деген триангуляция әдісімен түрлі көздерден 
жиналған деректерді пайдалануы» деген сөз (Robson, 2008, 404-б.). 
Әлеуметтік ғылымдардағы триангуляцияның негізгі төрт түрі 
(Denzin, 1988; Robson & McCartan, 2016, с. 171)  
1. Деректерді триангуляциялау: деректерді жинауда бірнеше әдісті қолдану 
(мысалы, бақылау, сұхбат, құжаттар);
2. Бақылаушының триангуляциясы: зерттеуде бірнеше бақылаушыны 
қолдану;
3. Әдіснамалық триангуляция: зерттеудегі сандық және сапалық 
тәсілдердің үйлесімі;
4. Теориялық триангуляция: бірнеше теорияны немесе көзқарастарды 
қолдану.


50
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Әдістемелік триангуляция мәнмәтінінде ғалымдар сандық 
және сапалық зерттеу әдістерін біріктірудің мынадай негізгі бес 
стратегиясын бөліп көрсетеді (Greene & Caracelli, 1997):
1) сапалық және сандық әдістердің түрлі нұсқалары арқылы 
алынған деректердің сәйкестігін тексеруді көздейтін три-
ангуляция.
2) бір типтегі және түрлі типтегі әдіспен алынған нәтижелерді 
нақтылап түсіндіретін толықтырулар;
3) бір типтегі және түрлі типтегі әдіспен алынған нәтижелерді 
дамыту;
4) жаңа зерттеу сұрақтарын қарастыру немесе бір типтегі 
және түрлі типтегі әдіспен алынған нәтижелерді өзгерту; 
5) түрлі типтегі әдістердің өзіндік сапаларын пайдалану 
арқылы зерттелетін құбылысты байытуды және егжей-тег-
жейлі көрсетуді қамтамасыз ететін экспансия
13

Аралас (құрамдастырылған) зерттеу әдіскерлері зерттеудің 
сандық және сапалық әдістерін біріктірудің негізгі үш тәсілін бөліп 
көрсетеді: 1) параллельді дизайн
14
, ол дерек жинауда әрі сандық, 
әрі сапалық әдістерді бір уақытта пайдалануды жүзеге асырады; 2) 
түсіндірмелі дизайн
15
және 3) барлау дизайны
16
.
1.8-суретте аралас зерттеулердегі параллельді дизайн ұсыны-
лады
17
. Деректерді жинап, талдауда сандық және сапалық әдістерді 
бір уақытта пайдаланудың бірнеше негізгі себебі кездеседі. Бірінші-
ден, зерттеу сандық және сапалық деректерді жинаудың реттілігін 
қажет етпеуі мүмкін. Басқаша айтқанда, дәйекті дизайнды ұстану 
зерттеу үшін маңызды емес. Екіншіден, зерттеуді мерзімінде жүр-
гізіп, аяқтау үшін уақыт жетпеуі мүмкін. Үшіншіден, параллель-
ді дизайн зерттеу сұрағы бір мезгілде деректердің бірнеше түрін 
жинауды талап еткенде пайдалы болады. Мысалы, Смолл (Small, 
13
Аталмыш материалдың орыс тіліндегі аудармасы мына дереккөзден алынды: Янчук В.А. Введение 
в современную социальную психологию. – Минск: АСАР, 2005, с. 223-227.
14
(ағыл. A convergent parallel mixed methods research design)
15
(ағыл. An explanatory mixed methods research design)
16
(ағыл. An exploratory mixed methods research design)
17
Сандық және сапалық зерттеу әдістерін пайдаланудағы тең салмақты атап өту үшін «сандық 
әдістер» және «сапалық әдістер» тіркестері бас әріппен жазылады.


51
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
2011) бір кезеңнен екінші кезеңге (мысалы, ескі технологиядан 
инновациялық технологияларға көшу) бейімделіп өту үдерісі мәсе-
лесіне бағытталған аралас зерттеудің мысалын ұсынады, мұнда әр-
бір өтпелі кезеңді түсіну үшін бір мезгілде әрі сапалық, әрі сандық 
деректерді жинау қажет.
Комбинаторлық зерттеулердің дәйекті дизайнында бастапқыда 
не сапалық, не сандық деректер жиналып, содан кейін деректердің 
өзге түрлері жинақталады. Дәйекті дизайн ішінде біріктірудің екі 
стратегиясын бөлініп көрсетуге болады: зерттеудің 1) түсіндірмелі 
дизайн және 2) барлау дизайны. 
1.9-суретте дәйекті дизайнның осы екі түрі ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет