Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Сидхауз пирамидасы және Флиндерстің әдеп аясы



Pdf көрінісі
бет111/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

7.4 Сидхауз пирамидасы және Флиндерстің әдеп аясы 
әдеп мәселелерін талдау құралы ретінде
Зерттеушінің әдеп мәселелерін қарастыруы оның өз өтінішіне 
ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитетінен рұқ-
сат алуымен аяқталмайды. Зерттеуді жүргізу барысында және қа-
тысушылармен өзара байланысу кезінде зерттеу әдебіне қатысты 
түрлі мәселе туындайды. Осыған байланысты, зерттеушінің белгілі 
бір жағдайда дұрыс шешім қабылдауы үшін әдеп тұрғысынан ой-
лау дағдысын қалыптастыруы қажет.
Зерттеу әдебі бағытындағы ғалымдардың арасында зерттеу 
әдебі қағидаттарын ұстану батыстық адамгершілік философия-
сының екі ілімі арасындағы қарым-қатынасқа негізделген деген 
жалпы келісім орын алған (Stutchbury & Fox, 2009; Cohen et al., 
2011). Әңгіме деонтология және консеквенциализм (утилита-
ризм) турасында болып отыр. Деонтология бойынша зерттеуші 
«зиян келтірмеу» қағидасын ұстануы керек. Деонтологиялық әдеп 
Иммануил Канттың адамгершілік философиясының принцип-
теріне негізделген. Қазақ ғалымы Г.Қ.Әбдіғалиева атап өткендей, 
«деонтологиялық әдеп салдарларға назар аударудың орнына мін-
деттерге, яғни салдарына қарамастан не істеу керектігіне», сон-
дай-ақ «осы әрекеттерден туындаған нәтиженің немесе пайданың 
маңыздылығын әлсірете отырып, дұрыс әрекет, ниетке бағытта-
лады» (Әбдіғалиева, n.d.).
Білім беру саласындағы деонтология мәселесін қазақ ғалымы 
Г.М.Кертаеваның тыңғылықты зерттегенін атап өту қажет. Педаго-
гикалық білім беру мәнмәтінінде Г.М.Кертаева (2012) педагогтің 
кәсіби парызының оның кәсіби міндетінен айырмашылығы (деон-
тология тұрғысынан) ішкі қажеттіліктен, белгілі бір іс-әрекеттің 


175
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
қажеттілігіне толық сенгендіктен және белгілі бір болмыс сипатын 
ұстану қажеттілігінен тұратынын атап көрсетеді (321-322 бб.). Пе-
дагогикалық білім беру жүйесінде «мұғалім-зерттеуші» түсінігінің 
дамуына байланысты айтылған Г.М.Кертаеваның бұл көзқара-
сының білім беру саласындағы зерттеу әдебінің деонтологиялық 
мәселелеріне де қатысы бар.
Зерттеу әдебінің деонтологиялық қыры қамқорлық (жақсылық 
жасау), зиян келтірмеу (зияндықтың алдын алу), әділдік, адал-
дық және ризашылық қағидаттарын танытушы адам құқығына 
негізделген теориялармен нығая түседі. Сонымен, деонтологияға 
сәйкес, «белгілі бір іс-әрекеттер өз табиғаты жағынан дұрыс не-
месе бұрыс болып келеді, сол себепті мақсат әдістерді ақтай ал-
майды» (Suri, 2020, 42-б.). Деонтологияны жақтаушылар белгілі 
бір әрекеттің тигізетін салдарына қарамастан «дұрыс» екенін ай-
тады, себебі олар нақты бір жағдайда сипатты, құлықты білдіреді 
(Stutchbury & Fox, 2009). Сонымен, деонтологиялық әдеп логика-
сы бойынша зерттеушінің сұхбат барысында алынған деректердің 
құпиялылығын сақтауға уәде беруі оның адамгершілік борышының 
көрінісі болып табылады. Зерттеуші кез келген жағдайда алынған 
деректердің құпиялылығы жөніндегі уәдесінде тұруы керек.
Деонтологияға қарама-қарсы ұғым консеквентализм
30
болып 
табылады. Консеквентализм дегеніміз – әрекеттердің дұрыстығы 
немесе бұрыстығы олардың салдарымен ғана анықталады дей-
тін көзқарас (Холмс, 2005). Консеквентализмді жақтаушылардың 
пікірінше, адамгершілік тұрғысынан қолайлы салдар туғызатын 
әрекет әдеп жағынан дұрыс саналады. Британдық зерттеушілер 
Статчбэри мен Фокс атап өткендей, «әрекеттің дұрыс не бұры-
стығын адамдарға зияннан гөрі қаншалықты жақсылық әкелетіні-
не қарай бағалау керек» (Stutchbury & Fox, 2009, 490-б.). Сонымен, 
егер уәдені бұзу адамдардың көпшілігіне пайда әкелсе, онда зертте-
ушінің жұмысы моральдық тұрғыдан негізделген болып есептеледі.
Британдық философ Дэвид Сидхауз (Seedhouse, 1998) деонто-
логия мен консеквентализм арасындағы қарым-қатынасқа сүйене 
отырып, әдептің мән-мазмұнына байланысты шешім қабылдаудың 
30
«Консеквент» термині ‘салдар, нәтиже’ дегенді білдіреді.


176
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
төрт деңгейін анықтайды. Олар пирамида түрінде берілген (7.3-су-
ретті қараңыз). Сидхаузтың мәліметтері бойынша: 1) сыртқы та-
лаптар деңгейі, яғни әдеп кодекстерінің талаптары мен зертте-
ушінің әдеп сипатын танытушы деңгей; 2) салдарлар деңгейі, яғни 
зерттеуші әрекетінің жекелеген тұлғаларға, әлеуметтік топтарға 
және қоғамға тигізетін салдарын танытушы деңгей; 3) салдардан 
гөрі әрекет маңыздырақ болған жағдайдағы борыш әдебін таны-
тушы деонтологиялық деңгей; 4) жеке тұлға мен оның дербестігін 
құрметтеудің әдеп принциптерін танытушы индивидуалды деңгей 
(Seedhouse, 1998; Cohen et al., 2011).
Аталған пирамиданы Сидхауз денсаулық сақтау саласындағы 
әдеп мәселелерін қарастыру үшін әзірлеген, дегенмен ол білім беру 
зерттеулерінде де қолданылады.
7.4-суретте пирамида деңгейлерінің әр элементі жоғарыдан 
төменге қарай көрсетілген. Пирамида деңгейлері мен оның эле-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет