220
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Дисперсиялық бір жақты талдау (ANOVA) бір тәуелді айны-
малыны және бірнеше түрлі деңгейі бар фактор деп аталатын бір
(немесе бірнеше) тәуелсіз айнымалыны қамтиды. Аталған деңгей-
лер әртүрлі топтарға немесе шарттарға сәйкес келеді. Мәселен,
оқушылардың математика пәнінен оқу жетістігіне жетудегі үш
түрлі оқыту стилінің тиімділігін салыстыру барысында сізде үш
деңгейлі (мысалы, бүкіл сынып,
шағын топтардағы сабақ, ком-
пьютерде орындалатын өздік жұмыс) бір фактор (оқыту стилі) бо-
лады. Тәуелді айнымалы үздіксіз айнымалы болып табылады (бұл
тұста математика пәні бойынша алынатын тест балы қаралады)
(Pallant, 2011).
Көп өлшемді дисперсиялық талдау (MANOVA)
кеңейтілген
дисперсиялық
талдау болып табылады,
бірақ ANOVA-дан айыр-
машылығы ол екі немесе одан да көп тәуелді айнымалылары бар
деректерді талдауға мүмкіндік береді. Аталған тәуелді айнымалы-
38
M (mean) – орташа мән – сандар жиынындағы орташа немесе жиі кездесетін мән. Mean-нен басқа
median және mode мәндері де кездеседі. Median (медиана) – тізімдегі ең кішіден ең үлкенге қарай
сұрыпталған орташа мән. Mode (мода) – деректер жиынтығында жиі кездесетін мән.
39
SD (standard deviation) – стандартты ауытқу – мәндер жиынындағы өзгеру немесе таралу дең-
гейінің өлшемі. Төмен стандартты ауытқу мәндердің орташа мәнге жақын болатынын көрсетеді, ал
жоғары стандартты ауытқу мәндердің кеңірек таралғанын көрсетеді (Muijs, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: