Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет43/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

2-тапсырма
Идеяларды талдап, жинақтау және шолу нәтижелері
• Сіз зерттеп отырған мәселе қалай пайда болды және оны ғалымдар қа-
лай анықтайды?
• Аталмыш тақырыпқа қатысты қандай негізгі теория, концептілер, иде-
ялар бар?
• Аталмыш тақырып төңірегінде қандай ғылыми талқылаулар, дәлелдер 
мен проблемалар бар?
• Аталмыш тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейін қарастырылған негізгі 
мәселелер қандай?
• Қандай өзекті мәселелер толыққанды немесе мүлдем қамтылмаған?
2.4 Зерттеудің концептуалдық аясы
Тиісті әдебиетке шолу концептуалдық аяны анықтауға негіз 
болады. Концептуалдық аяны анықтау магистранттар мен доктор-
анттар үшін зерттеудің ең бір күрделі аспектілерінің бірі болып са-
налады. Зерттеушілер концептуалдық аяның рөлі қандай, ол қалай 
анықталады және зерттеуде қалай қолданылады? деген сұрақтар-
ды жиі қояды. Оның үстіне көпшілігі концептуалдық аяны теори-
ялық аямен шатастырады, оларды синоним ретінде бірінің орнына 
бірін жұмсайды.
Грант пен Осанлоо (Grant & Osanloo, 2014) теориялық аяның 
бұрыннан сынақтан өткен, өзге ғалымдар растаған және ғылы-
ми әдебиеттерде қабылданған теориядан (немесе теориялардан) 
туындайтынын пайымдай отырып, аталған екі терминді ажыра-
тып қарайды. Теориялық аяның сандық зерттеулерге тән екенін 
және оның деректерді жинамас бұрын анықталатынын айта кету 
керек. Ал концептуалдық ая, Кэмптің (Сamp, 2001) пайымдауын-
ша, зерттелетін құбылыс жөніндегі бұрыннан қалыптасқан және 
жинақталған білім мен ақпараттың жалпылама көрінісі. Кон-
цептуалдық ая – теориялық ая шеңберінде зерттеу идеяларының 
бір-бірімен байланысын құруға көмектесетін өзара байланысты 
ұғымдардың логикалық құрылымы. Сандық зерттеулерде концеп-
туалдық ая айнымалылар арасындағы қатынасты көрнекі көрсе-
ту үшін кеңінен қолданылады. Блумберг пен Волпе (Bloomberg & 


72
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Volpe, 2012) концептуалдық ая қызметін құрылыс және монтаждау 
жұмыстарында маңызды көмекші құрал ретінде пайдаланыла-
тын құрылыс материалдарымен салыстырады. Концептуалдық ая 
талқыланған әдебиеттердің категорияларын қамтиды. Ол катего-
риялар өте маңызды рөл атқарады, себебі олар деректерді талдап, 
түсіндіру үдерісін басқарады және зерттеу нәтижелерін ұсынудың 
негізі қызметін атқарады.
Концептуалдық ая кейбіреулердің оның атына қарап болжам 
жасайтынындай, визуалды модель не болмаса сызба түрінде емес, 
керісінше, баяндау түрінде сипатталады. Диссертация құрылы-
мында концептуалдық ая сол тараудағы әдебиетке шолу жасалған-
нан кейін ұсынылады. Әдебиетке шолу нәтижесінде анықталатын 
категориялар, көбінесе, нәтижелерді сипаттау үшін тақырып не-
месе тақырыпша түрінде қызмет етеді. Сонымен қатар концепту-
алдық аядағы категориялар кодтау үдерісінде код атаулары ретін-
де пайдаланылады.
Блумберг пен Волпе (Bloomberg & Volpe, 2012) концептуалдық 
аяны жасау үшін мынадай нұсқаулықтар ұсынады: 
1. Категорияларды әзірлеу. Зерттеу сұрақтарына тікелей қаты-
сы бар концептуалдық категорияларды қалыптастыру қажет. Бір 
зерттеу сұрағына қатысты кем дегенде бір категория болуы тиіс. 
Бұл категориялар зерттеуіңіздің тетігі ретінде қызмет етеді; кей-
інірек оларды аналитикалық категорияларға айналдыруға болады.
2. Әр категория бойынша дескрипторлар әзірлеу. Әдебиетке 
шолу нәтижесінде қалыптасатын әрбір категория бойынша түйінді 
мазмұнның сипаттамасын беруіңіз керек. Ол дескрипторлар талқы-
ланған әдебиеттен не алғаныңызды, зерттеу тәсілдерін сынақтан 
өткізу деректерін (егер сынақтан өткізілген болса) және зерттеу 
сұрақтарына алдын-ала берген жауаптарыңызды көрсетеді. Зерт-
теу жүргізу барысында дескрипторлардың қайта қаралып, кейбіре-
улерінің жойылуы мүмкін екенін айта кету керек.
«Қазақстандағы пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту (CLIL): На-
зарбаев зияткерлік мектептеріндегі (НЗМ) бес мұғалімнің кейсін 
зерттеу» (Karabassova, 2018) докторлық диссертациясындағы кон-
цептуалдық аясын қарастырайық. Шолу нәтижесінде төмендегідей 
категорияларды қамтитын концептуалдық ая әзірленді:


73
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет