74
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Санамаланып көрсетілген категориялар деректерді кодтау
үдерісіне бағытталады, нәтижесінде төмендегідей тақырыптар қа-
лыптасады:
1. Мұғалімдердің пәнге бейімделуі
2. Тілдерді оқытуда тікелей жауапкершіліктен бас тарту
3. CLIL педагогикалық ұстанымдарын білудің жетіспеушілігі
4. CLIL стратегияларының жүйесіз
қолданылуы
5. Сode-switching стратегиясын қажетсіз тіл тәжірибесі ретін-
де қабылдау
6. Мұғалімдердің көзқарасы, қабылдаулары мен тәжірибелері
арасындағы қарама-қайшылық.
Әдебиетке шолу жазу барысында есте ұстайтын белгілі бір ере-
желер бар:
1. Негізделген нақты дәлелдерді пайдаланыңыз. Дәлел-
деріңіздің барлығы дәйектелген және дәлелдемелермен расталған
болуы керек.
2. Талғамшыл болыңыз. Әдебиетке шолуда тақырыбыңызға
тікелей қатысты ақпараттарды (тақырыптық, әдіснамалық немесе
хронологиялық) ғана енгізу қажет.
3. Өз айтатын пікіріңізді есте ұстаңыз. Әдебиетке шолуда өз-
гелердің идеяларын ұсынғаныңызбен, өзіңіздің айтар ой-пікіріңіз
басты назарда болуы қажет. Басқаша айтқанда, ойыңызды өз иде-
яңызбен бастап, өз идеяңызбен аяқтауға болады, ал дереккөздерді
олардың дәлелі ретінде пайдалану керек.
4. Өзгелерді сілтемелеп беруде абай болыңыз.
Дереккөздерді
пайдалануда олардың ойларын дұрыс, бұрмаламай, толығымен өз
сөзіңізбен жеткізіңіз, авторларға сілтеме жасауды ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: